|
Құран Кәрім ғажайыптары
Nov 18,2006 00:00
by
irgetas
Зерттеулер барысында Құран Кәрімнің көптеген мұғжизалары әр түрлі қырынан ашылуда. Солардың бірі Құрандағы ұғымдар тепе-теңдігі. Адамзатты тура жолға бастап, жақсылыққа шақырып, жамандықтан тиятын Құранның осы бір тұсының өзі ойлайтын адам үшін жетіп артылмай ма?
Құран Кәрімде кездесетін ұғым тепе-теңдігі
1. «Дүние» сөзі 115 жерде – «Ахырет» сөзі де 115 жерде кездеседі. 2. Періштелер жайлы 88 жерде – шайтандар жайлы 88 жерде айтылып өтеді. 3. «Адамдар» сөзі 50 жерде – «Пайғамбарлар» сөзі 50 жерде кездеседі. 4. Ізгілік (Салах) сөзі 50 жерде – Бүлік, бұзақылық (Фәсәд) сөзі 50 жерде кездеседі. 5. Иблис жайында 11 мәрте – Иблистен сақтанып, Ұлы Аллаһқа сыйыну жайында 11 рет айтылып өтеді. 6. Мұсылмандар сөзі 41 жерде – Жиһад сөзі 41 жерде кездеседі. 7. Зекет сөзі 88 рет – Берекет сөзі де 88 рет кездеседі. 8. «Мұхаммед» сөзі 4 жерде – «Шариғат» сөзі 4 жерде кездеседі. 9. «Әйел» сөзі 24 жерде – «Еркек» сөзі 24 жерде кездеседі. 10. «Өмір» сөзі 145 жерде – «Өлім» сөзі 145 жерде кездеседі. 11. «Ізгі істер» (Салихат) сөзі 167 жерде – «Жаман» (Сайи-ат) сөзі 167 жерде кездеседі. 12. «Жеңілдік» сөзі 36 жерде – «Қиыншылық» сөзі 36 жерде кездеседі. 13. «Махаббат» сөзі 83 жерде – «Итағат» сөзі де 83 жерде кездеседі. 14. «Тура жол» (Һуда) сөзі 79 жерде – «Мейірімділік» (Рахма) сөзі 79 жерде кездеседі. 15. «Бейбітшілік» (Сәләм) сөзі 50 жерде – «Жақсылық» (Тайиба) сөзі 50 жерде кездеседі. 16. «Қиыншылық» (Шиддә) сөзі 102 жерде – «Сабыр» сөзі 102 жерде кездеседі. 17. «Кесапат» (Мұсиба) сөзі 75 жерде – «Шүкір» сөзі 75 жерде кездеседі. |