|
Аллаһ Тағалаға дұға етудiң пайдасы
Nov 18,2006 00:00
by
irgetas
“Дұға – муминнiң қаруы, дiннiң тiрегi, аспан мен жердiң нұры.” Хадистi Әбу Һурайрадан р.л.ғ. Имам Хаким, Әш-Шәукәни риуаят еттi. Бұл хадис Аллаһ Тағалаға дұға етудiң мұсылман тiршiлiгiнде ерекше орын алатындығына дәлел. Имам Ибн Мажаһ Қойим өз сөзiнде дұға ету арқылы Аллаһ Тағаланы еске алудың жүзге жуық пайдасы бар деген.
Олардың кейбiрi төмендегiше: Аллаһ Тағаланың разылығына себепкер болады. Шайтанды қуады. Жүректегi уайым-қайғыны жойып, онда қуаныш пен рахат сезiмiн орнықтырады. Жүрек, рух және дененi қуаттандырады. Адамның жүзi мен жүрегiн нұрландырады. Ризықты молайтады. Аллаһ Тағалаға жақындатып, Оның сүйiспеншiлiгiне лайық етедi. Адасудан сақтайды. Аллаһ Тағала көп дұға етушiнi өз панасына алады. Дұғаның себебiнен Аллаһ Тағала мағфират, яғни кешiрiм есiктерiн ашады. Дұға күпiрлiк басқан өлi жүректi тiрiлтедi. Күнә мен қателердi жойып, дозақ азабынан құтқарады. Әр дайым Аллаһ Тағаланы еске алып, Оған дұға ету, яғни зiкiр – тiлдi жаман, бос сөзден қайтарады. Жамағатпен отырып, Аллаһ Тағаланы зiкiр етудi перiштелердiң отырысымен салыстырса болады. Жамағатпен отырып дұға ету амалы - Қиямет күнi қайғы - қасiреттен пана болады. Оңаша отырып, шын ықыласпен жылап тiлеген дұға - Қиямет күнi Аллаһ Тағаланың таңдаулы пенделерiне арналған саябақтың көлеңкесiне паналауына себепшi болады. Көп дұға етушi - ғибадатқа қиналмайды.
Дұға – жәннат егiстiгi. Аллаһ Тағаланың пенделерiне әзiрлеген нығметтерiнiң ең абзалы – Аллаһ Тағаланы есiне алып, дұға еткендердiң несiбесi. Үнемi дұғада болғандардың тiршiлiгi әрқашан қауiпсiз және тыныш болады. Зiкiр – бұл дүние мен Ақыреттiң нұры. Көп зiкiр жүректi сергiтедi, яғни иесiн күнәдан сақтайды. Шын жүректен жасалған зiкiр - құлды азат ету, Аллаһ Тағала жолына садақа шығару және дiни күреспен тең. Дұға - қатқан жүректi жiбiтiп, iндетiне шипа болады. Көп дұға етушiге перiштелер салауат айтып, Аллаһ Тағаланың рахметi жауады. Жамағат болып дұға етушiлердiң отырысы – бұл дүниедегi жәннаттың бау – бақшасы. Көп дұға етушiлерге перiштелер истиғфар етедi, яғни Аллаһ Тағаладан күнәларының жарылқануын тiлейдi. Көп дұға ету арқылы Аллаһ Тағаланы еске алу – екiжүздiлiктi жояды. Аллаһ Тағала өзiн көп зiкiр етушiлерге қатысты Қасиеттi Құран Кәримде:
وَالذَّاكِرِينَ اللَّهَ كَثِيرًا وَالذَّاكِرَاتِ أَعَدَّ اللَّهُ لَهُمْ مَغْفِرَةً وَأَجْرًا عَظِيمًا
“Аллаһ Тағаланы үнемi зiкiр етушi ерлер мен әйелдерге Аллаһ Тағала бұлар үшiн жарылқау әрi (Аллаһ Тағаланың әмiрлерiне ыждағатта болғандары үшiн) үлкен сыйлық әзiрледi.” Ахзаб сәресi, 35 аят. - десе, Пайғамбарымыз Мухаммад с.ғ.с.: “Раббысын зiкiр етушi – тiрi, ал зiкiр етпеген – жансыз дене сияқты.” –деген. Хадистi Әбу Муса Әл-Әшғари р.л.ғ. риуаят еткен. Аллаһ Тағала баршамызды әмiрiне бағындырып, көп зiкiр етушi пенделердiң қатарына қоссын! Әмин! |