Хадис - Шариф
Nov 24,2006 00:00 by kazak

Хадис ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед ғ.с-ның мүбарак сөздері және өнегелі істері туралы естелік тәмсіл- баян. Хадистер бізге ізгі қасиет дарытады. Мұсыман баласына ең қажетті иман, ғибрат, адамгершілік өсиеттер хадистерден табылады.
Ардақты паиғамбар Мұхаммед  ғ.с-ның айтқан сөздерін сахаба( жолдас)-лары жаттап алып бір-біріне жалгастыратын болған. Оны, аз азда болса бұрмалау зор күнә.
Хадис - әлем әдебйетіндегі мұсылмандық ерекшелігі бар кітап. Хадисті кімнен естігенін де біреуден біреу жаттап алатын болған. Мұсылман ғалымдары хадистерді жинау, ақиқаттығын анықтау, зерттеуге ерекше көңіл бөлген. Олар хадистерді " сүннет" деп те атаған.
Хадистерді үш түрге бөлген:
1. Хадис қаулы: Пайғамбар ғ.с-ның айтқан мүбәрәк сөздері.
2. Хадис фығли: Пайғамбар ғ.с- ның істеген істері.
3. Хадис тахрири- сахабалары бір іс істеп, бір сөз сөйлегенде Пайғамбар ғ.с-ның үндемеген болуы.Бұл хадистерді жаттап алып жалғастырушылар " рауи", жинақтап кітап шығарушыны " Мухаддис дейді. Бұл мүбарак сөздер : " Қарапайым хадис" және " хадис худси" болып екіге бөлінеді. Қарапайым хадис - паіғамбардын өз тарапынан айтылған хадистер. Ал хадис худси - мағнасы Аллатағалаға тән, сөздері Мұхаммед пайғамбар ғ.с-ға тән болган хадистер. Яғнаи Аллаһ оның көкейіне Жәбрейіл ғ.с. арқылы уақи (қабар) бере қондырып пайғамбар ғ.с- ның сөзімен баян етіледі.