|
Тiл жоғалған жерде халық жоғалады
Nov 20,2006 00:00
by
oljas
Бiздiң қатарластарымыз Кеңес Одағының түкiрiгi жерге түспей тұрғанда өсiп жетiлдi. «Бiр тiлде сөйлесек, коммунизмге тезiрек жетемiз» деген ұранның жалауы желбiреп тұрған тұс болатын. Елдiң бәрi бiр-бiрiмен орыс тiлiнде қарым-қатынас жасады. «Қазақ тiлiнде еркiн сөйлеп жүретiн күн болар ма екен?» деп армандап өстiк.Ендi мына тәуелсiздiк алған тұсымызда басқаларды айтпағанда, өз ұлтымыздың өкiлдерi ана тiлiн бiлмей, тiптi оны қажетсiнбей жүруi iшiңдi қан жылатып, жүрегiңдi езгендей болады. Ел мен жұртқа үлгi болатын марқасқа бекзаттарымыз бен көпшiлiк сенiм артар министр мырзаларымыздың кейбiрi бiздiң осы көңiл-күйiмiздi, жалпы халқымыздың арманға айналған ақ тiлегiн түсiнбей жүргенi қатты қынжылтып келедi. Бiзде намыс жоқ! Ұлттық намысымыз қайда? Түр жоғалмайды, тiл жоғалса, бар қасиетiмiзден айырыламыз. Тiл жоғалған жерде халық жоғалады. Менiң өмiр бойы жазып келе жатқан шығармаларымның бәрi ұлттық рух, тiл, намыс жайында тебiренедi. Бiздi ұлттық намыс қамшылайтын. Ал, ұлттық намыс болмаған жерде ештеңе болмайды. Сенсеңiздер мен осыларды ойлап, шаршап, қажып жүрмiн. Қазақстанның халық жазушысы Фариза ОҢҒАРСЫНОВА Авторы: "ДАЛА мен ҚАЛА" |