Іргетас басқы бет | Бастапқы бет ретінде орнату | Жиі қолданымға қосу | Кері байланыс | Сайт картасы Хабар қосу
Басқы бет | Жаңалықтар | Әдебиет | Ислам | Пікірталас | Әндер | Суреттер | Құжаттар | Чат
  Сайттан іздеу     » Көп амалды іздеу
Бөлімдер
Архив
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Сауалнама: Талғам
Жаңалықтар
Қазақ елі
Әдебиет
Ислам
Басқадай


Ғаламды не күтiп тұр?


image
Таяуда Йерусалим оқымыстылары классикалық физиканың атасы саналатын Ньютонның 4-5 мың беттен тұратын қолжазбасының құпиясын ашыпты. Онда физик Библияға сүйене отырып, болашаққа болжау жасаған екен. Ғалым есептей келе, ақыр заманның дәл уақытын 2060 жылға белгiлептi. Ал атақты болжағыш Нострадамус болса, XXI ғасырда адамзат баласы дамудың бұрынғы түрлерiн жолда қалдыратындай жаңа сатыларға көтерiлгенiмен, ғасыр табалдырығын аттағаннан-ақ жер сiлкiнiсi, топан су басу, жанартау атқылаулары секiлдi ғаламдық апаттармен бетпе-бет келетiндiгiн ескерткен екен.

Ғалымдар бүгiнде ауаның түрлi улы заттармен былғануынан пайда болған сайын 3 градусқа жылып отырғанын, соның салдарынан Солтүстiк мұзды мұхиттың ери бастағанын айтуда. Көлемi жағынан Антарктикадан кейiнгi «Жасыл жер» - Гренландия мұздықтарының да ерiп, теңiз деңгейлерiнiң көтерiлуiне әкеп соғып жатқанын табиғаттың тосын мiнезiнен аңғару қиын емес дейдi олар.

Расында осы уақытқа дейiн Германияда, Қытайда, Үндiстан, Непал, Бутан, Бангладеш елдерiнде орын алған су тасқыны, алапат дауылдарда қаншама адамдар қаза тауып, орны толмас өкiнiштерге ұрындырғанын бiлемiз. Соның бәрi Солтүстiк мұзды мұхиттың еруiнен. Англиядағы «Рейдинг» тобының жетекшiсi Джонатан Грегори: «Бүкiл әлем үшiн қорқынышты құбылыс - теңiз деңгейiнiң 7 метрге дейiн көтерiлу мүмкiндiгi.

Оның алдын алу үшiн атмосфераны көмiр қышқыл газымен улауды тоқтату керек», - дейдi. Ал, ауа неден ластануда? Бiр мезгiлде әлемнiң түкпiр-түкпiрiмен байланыстыратын әрi теледидар, музыкалық орталықтың, әрi жұмыс құралының рөлiн атқаратын компьютердi ойлап таптық. Ал оның қандай жолмен жасалып жатқанын бiлесiз бе? 24 келi келетiн бiр компьютердi жасауға 240 тонна химиялық заттар мен 1,5 тонна су жұмсалады екен.

Солтүстiк мұзды мұхиты мен Гренланд мұздықтарының еруi осы жылдамдықпен жалғаса берер болса, онда 2050 жылға дейiн олар 20 пайызға кемiп, нәтижесiнде Тұманды Альбион елiнде ауа райы күрт төмендемек екен. Оның салдары жер шарына оттегi өндiретiн тропикалық ормандардың жойылуына апарып соғады. Мұздықтардың еруi бiр жерлерге су тасқыны қаупiн төндiрсе, кейбiр жерлердi ауыз су тапшылығына ұрындырмақ. Ресей судан құрғақ шығамыз деп, бейқамдық танытуда. Себебi басқа жақтарда ауа райы суыса, Сiбiрдiң сары шұнақ аязы жұмсармақ екен.

Қара алтын өндiремiз деп жердiң астын бос кеңiстiкке айналдырып жатырмыз. Бүгiнде мұнайға деген қажеттiлiк жылына 70-80 млн. баррельдi құраса, 2010 жылы ол 95 миллионға жетедi деп күтiлуде. Ал Әлемдiк Энергетикалық Консейттiң есебiнше, 2040-2060 жылдары әлемдегi мұнай қоры түгелiмен таусылады екен. Бұл да болса, бiр апат. Себебi, бүгiнгi күн тұрғысынан қарағанда, мұнайсыз күн көру мүмкiн еместей. Нендей өндiрiс орны болса, нендей де бiр көлiк болсын, барлығына мұнайдан алынатын өнiмдер аса қажет.

Миланда өткен БҰҰ конференциясында АҚШ нелiктен Киото келiсiмiне қол қоймайды? Себебi, көкейiн тесiп бара жатқан мұнай мәселесi. Жыл сайын өндiрiлетiн әлемдiк мұнайдың көбiн тұтынатын да осы ел. Оның Иракты мұнайға бола қантөгiспен басып алып отырғанын әлем елдерi көрiп-бiлiп отыр. Ғаламдық апаттың алдын алу үшiн түзiлген Киото келiсiмiнде парниктiк эффектiнiң 55%-ын туғызып отырған 55 ел қол қою керек болса, АҚШ пен Ресей олай етуден бас тартуда. Себебi, Киото келiсiмiне қол қойған елдер 2012 жылға дейiн ауаны ластайтын көмiрқышқыл газын 92%-ға қысқартуға мәжбүр болады екен. «Олай етсек, кедейлiкке ұрынамыз» деп Ресей зар жылауда.

Болашақта қара алтын үшiн болар соғыс Орталық Азия елдерi мен Қапқазда жалғасын табуы мүмкiн екен. Себебi мұнай өндiрудi шектейтiндей жағдайда оның әлемдiк экономикадағы құны шарықтап өсетiнi сөзсiз. Сондықтан ғалымдар ендiгi жерде ауаның ластануын азайту мақсатында мұнайды алмастыратын жаңа нәрсе ойлап табуға кiрiсiп кеттi.

Дүние жүзiндегi дамыған елдердiң ең бiрiншiсi саналатын Жапонияның астанасы Токио көп ұзамай, жер бетiнен жойылады дегенге сенгiң келмейтiндей. Бiрақ оны бiз ойдан шығарған жоқпыз. Сол елдiң сейсмологиялық жағдайын зерттеп жүрген ғалымдар жер сiлкiнiсi салдарынан алдағы 50 жыл iшiнде Күн шығыс елiнiң бас қаласының жермен-жексен болу қаупi барын айтады. Соңғы мәрте мұндай қасiреттi Токио 1923 жылдың 1 қыркүйегiнде бастан кешкен екен. Ол апаттың салдарынан қаза тапқандар мен iз-түзсiз жоғалғандар саны 130 мың болса, 570 мың отбасы баспанасыз босып қалған.

Ғалымдардың көбi Жерге қауiптiң зорын аспан денелерiнен күтедi. Немiс және британ зерттеушiлерi осыдан 200 жыл бұрын Жерге алып метеориттiң құлағанын айтады. Сол сәтте-ақ теңiздерден цунами көтерiлiп, биiктiгi 1 метр келетiн толқынның қаншама тiршiлiктi жойғанын өзiңiз бағамдай берiңiз.

Содан бергi кезеңдерде аспан денелерi бiздiң ғаламшарымызға қанша мәрте қауiп төндiрген. Бүгiнде сондай астероидтардың саны 900-ге жуық көрiнедi. Ол 900-дiң бiреуi ғана абайсызда Жерге соқтығысып құлар болса... Ойлаудың өзi қорқынышты. Кәдiмгi өзiмiз әр түнi көзбен көретiн жұлдыздардың ағуы жиiлеп кетсе де қорқу керек екен. Себебi, олардың арасында ұсақ кометалар болады. Олар ауаның озон қабатын тесiп, мұздықтардың еруiне әсер етедi. Мұхиттарда тiршiлiк ететiн майда денелер қырылса, онымен қатысты балықтар, одан құстар зиян шегедi.

Ең қызығы әрi қорқыныштысы - Күнге қатысты айтылған болжамдар. Голланд астрофизигi доктор Пирс Ван де Мар Күн жарылғалы тұр деген тосын жайды айтуда. Күн ядросында қалыпты жағдайда температура 27 млн. градус болса, соңғы жылдары ол 49 миллионға көтерiлiптi. Бiз бүгiнде Солтүстiк мұзды мұхитының еруiн ауаның ластануынан көремiз. Ал бұл ғалым ол проблеманы Күн қызуының көтерiлiп кетуiнен көредi. Егер осы қарқынмен қыза берсе, Күн небары 6-ақ жылдан соң жарылатын көрiнедi.

Бұған қарама-қайшы пiкiр айтатын ғалымдар да бар. Олар «Жер бетi мәңгiлiк қараңғылық қапаста қалмақ» дейдi. Олардың пiкiрiне құлақ түрсек, соңғы 10 жылда Жерге түсер Күн сәулесi 10 пайызға кемiп кетiптi. Мұны ғалымдар 90 - жылдардың басында байқағанымен, құлақ асар жан таппаған.

Тек, 2001 жылы Израильдегi вулконология орталығының мамандары 1958-1992 жылдар арасындағы ғаламшарға түсер күн сәулесiнiң жылдан-жылға 0,23%-дан 0,32% аралығында кемiп отырғанын айтқанда барып, бұл мәселеге мән берiле бастаған. Тiзе берсең, мұндай апатқа апарар жайттар көп. Жер ғаламшарының тұрғындарына етек-жеңдi жиятын кез келедi.

Авторы: Мәриям ӘБСАТТАР

729 рет оқылған | Nov 20,2006 | жазған: | Oljas
Ұқсас хабарлар

Бұл жазбаға сәйкес ештеме табылмады
Бұл жазба сізге ұнадыма?
Rating: 4.92Rating: 4.92Rating: 4.92Rating: 4.92Rating: 4.92 (барлығы 38 дауыс)

comment Пікір жаз (3 жазылған) 
  • Allahtan korkpagandar budan nege korkat.rabbana atina fidvnia hasanatan ua fil ahireti ua kina gazabannar
(Уақыты July 2, 2009, 10:16 PM amanbek)

  • осны тоқтату үшін казақстан қандай шаралар істеп жатыр?
(Уақыты November 3, 2008, 12:31 PM Дана)

  • Bul ote korkinishti habar eken, Allah odan saktasin.
(Уақыты November 24, 2006, 11:38 AM kazak)


Ең көп оқылған
Сілтемелер
Жазушылар