Бiлiмге ғашық болу
Менi ең көп ойландыратын нәрсе атамның кiм болғаны емес, оның немересiнiң кiм болатындығында» А. Линкольн
Айналамыз күн өткен сайын түрленiп жатыр. Заманның қалай өзгерiп отырғанын бәрiмiз көрiп жүрмiз. Күн сайын бiр жаңалыққа куә болып та жүрмiз. Технология деген тып-тыныш өмiрiмiздiң бiр бөлшегi халiне келдi. XXI ғасыр - «технология және ақпарат ғасыры» деп те аталуда бұл күндерi. Бұл ғасырдың басқа бiр өзгешелiгi де адамдардың «кiсi» ретiнде бiраз алдыға шыққандығы. Дәуiрге лайық бiлiмдi, өткiр жастар бiрте-бiрте талай жетiстiктерге қолдарын жеткiзiп жатыр. Бұның себебi де заманымыздың керек етiп отырғандығы.
Бүгiн өз-өзiңдi жан-жақты дамыту үшiн тырысу керек болып тұр. Бiр университет бiтiрушiсi «мен университет бiтiрдiм» деп қалаған жерге жұмысқа тұра алмайды. Яғни төрт жылдық диплом сенiң келешегiңдi байыта алмайды. Екi адам бар делiк. Бiрiншiсiнiң қолында тек дипломы бар, ал екiншiсiнде болса дипломның қасында қосымша екi-үш тiлi, компьютер бiлiмi бар, қайсысы бiрiншi жұмыс таба алады дейсiз, әрине екiншiсi. Бұл жерде өте дөрекi бiр салыстыру берiп отырмын. Ең бастысы, адамның қай салада оқыса оқысын, не iстесе iстесiн өз-өзiн жетiлдiре алуында.
Әсiресе, жастар үшiн бұл аса маңызды. «Ақыл жастан, асыл тастан». Өтпес пышақты қайрасаң, өткiр болып шыға келедi. Жастар үшiн де елiнiң ертеңi мен өркендеуi үшiн өткiр болу қажет десек, пышақ iспеттес өздерiн қайрап отырулары керек. Бiр күн болса да жаңа бiр нәрсе, бiр жаңалық, бiр ақпарат үйренбесек алдыға қарай жылжып жатқан әлемнен қалып қоятынымыз бiр шындық. Атақты қытай ойшылы Конфуций былай деген екен: «Бiр жас адам жиырма бес жасына келген кезде «мен әлемдi құтқарамын» деп, жолға шығыпты. Отыз бес жасына келгенде құтқара алмаған екен.
«Ендеше мен өзiмнiң мемлекетiмдi құтқарамын» дептi, бiрақ қырық бес жасына келгенде мұратына жете алмапты. «Туып-өскен қаламды құтқарайын» деген екен, бiрақ елу бесiне келгенде бұл мақсатын да орындай алмапты. Жетпiс бес жасына келгенде ешкiмдi құтқара алмаған соң «мен одан да өз басымды құтқарайын» деп көнiптi. Конфуций қорытындыда былай дейдi «егер ол жас адам жиырма бес жасында өз басын құтқарғанда, мүмкiн жетпiс бес жасында әлемдi құтқарар едi».
Бүгiн жастарға өз қара бастарының қамын ойлау керек сияқты. «Бiлiм инемен құдық қазғандай» дегендей, бiлiмге ғашық бола алмасаң, әр алған бiлiмiңнен ләззат алмасаң, өз-өзiңдi жетiлдiру оңай болмайды. Бүгiнгi ғасырдың маңызын сонау жылдарда атақты социолог Х. Спенсер айтып кеткен екен.
«Адамдар арасындағы бәсекелестiк еркiн тасталынғанда бiр қоғамда тек қана ең қабiлеттi болғандарымен ең мықты болғандар көтерiле алады». Кеңестiк заманнан кейiн елiмiзде капиталистiк жүйемен бiрге адамдар арасындағы бәсекелестiк еркiне тасталды десек онда заманың керек қылып отырған «қасқырлықтың» қатарына «қой» болып кiргенше, терезеңдi тең тұтып сен де «қасқыр» болуың керек.
Дала мен Қала
351 рет оқылған | Nov 20,2006 | жазған: | Oljas
|
Ұқсас хабарлар
|
| Бұл жазбаға сәйкес ештеме табылмады |
|
Бұл жазба сізге ұнадыма?
    (барлығы 30 дауыс)
|