Іргетас басқы бет | Бастапқы бет ретінде орнату | Жиі қолданымға қосу | Кері байланыс | Сайт картасы Хабар қосу
Басқы бет | Жаңалықтар | Әдебиет | Ислам | Пікірталас | Әндер | Суреттер | Құжаттар | Чат
  Сайттан іздеу     » Көп амалды іздеу
Бөлімдер
Архив
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Сауалнама: Талғам
Жаңалықтар
Қазақ елі
Әдебиет
Ислам
Басқадай


ҚАЗАҚ САЛТЫ


image

Бұл бір сөз қасірет етіп хатқа жазған,
Қалмаған түк қасиет, қазақ азған.
Байға - мал, оқығанға - шен мақсұт боп,
Ойлайтын жұрттың қамын адам аздан

ҚАЗАҚ САЛТЫ

Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған,
Сахара-көлге қонып салқындаған.
Бір өртке қаудан шыққан душар болып,
Не қалды, тәнімізде шарпылмаған?

Алаштың адамының бәрі мәлім,
Кім қалды таразыға тартылмаған?
Дегендер: мен жақсымын, толып жатыр,
Жақсылық өз басынан артылмаған.

Тықылдап, құр пысықсып сөйлейтін көп,
Екпіндеп, ұшқыр атша қарқындаған.
Бос белбеу, босаң туған бозбала көп,
Киіздей шала басып, қарпылмаған.

Еңкеңдеп ет аңдыған шалдар да көп,
Телміріп бір тойғанын ар қылмаған.
Ақ көңіл, алаң-бұлаң адамдар көп,
Есептеп азын көпке, аңқылдаған.

Қайырсыз неше сараң байлар да бар,
Қайықтай толқындағы қалтылдаған.
Бәрінен тыныш ұйықтап жатқандар көп,
Ұмтылып, талап ойлап талпынбаған.

Солардың қатарында біз де жүрміз,
Мәз болып құр түймеге жарқылдаған.
Не пайда өнерің мен біліміңнен
Тиісті жерлеріне сарп ұрмаған?!

Бұл бір сөз қасірет етіп хатқа жазған,
Қалмаған түк қасиет, қазақ азған.
Байға - мал, оқығанға - шен мақсұт боп,
Ойлайтын жұрттың қамын адам аздан.

ҚАЗАҚ ҚАЛПЫ

Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,
Теңізде жүрміз қалқып, кешпесі жоқ.
Жел соқса, құйын қуса жылжи беру
Болғандай табан тіреу еш нәрсе жоқ.

Бұл күйге бүгін емес, көптен кірдік,
Алды-артын андамаған бетпен кірдік.
Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден сөз,
Алалық алты бақан дертпен кірдік.

Бейне бір құдіретті сынағандай,
"Сақтар деп сақтар болса" сертпен жүрдік.
Жат жақты жаратқанға күзеттіріп,
Жақынмен ырылдастық, иттей үрдік.

Білдірдік елдің сырын, ердің құнын,
Еліріп ерегеске екі-үш күндік.
Кіреді тентек есі түстен кейін,
Мүшкілін халіміздің жаңа білдік.

Әлі де саңылаусыз салтын бағып,
Түрі жоқ ететін пәлен дерлік.
"Ұлы той — көппен көрген" жалғыз мен бе,—
Деп отыр, не болса да жұртпен көрдік.


1038 рет оқылған | Nov 20,2006 | жазған: | Oljas
Ұқсас хабарлар

Бұл жазбаға сәйкес ештеме табылмады
Бұл жазба сізге ұнадыма?
Rating: 4.88Rating: 4.88Rating: 4.88Rating: 4.88Rating: 4.88 (барлығы 24 дауыс)

comment Пікір жаз (0 жазылған) 

Ең көп оқылған
Сілтемелер
Жазушылар