Іргетас басқы бет | Бастапқы бет ретінде орнату | Жиі қолданымға қосу | Кері байланыс | Сайт картасы Хабар қосу
Басқы бет | Жаңалықтар | Әдебиет | Ислам | Пікірталас | Әндер | Суреттер | Құжаттар | Чат
  Сайттан іздеу     » Көп амалды іздеу
Бөлімдер
Архив
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Сауалнама: Талғам
Жаңалықтар
Қазақ елі
Әдебиет
Ислам
Басқадай


ДАЛАНЫҢ ДАРҚАН ДАСТАРҚАНЫ


image
Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. Ел-жұрт жадында мәңгі жатталып қалған «ас адамның арқауы» деген қағида осындай терең ұғымның қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан. Халқымыз адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Бұған «астан үлкен емессің» немесе «арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен», «асты қорлама, құстырар» деген сес, ескертпелер мен мақал-мәтелдер де куә бола алады.Қалай айтылса да, қай заманда айтса да халық асты құрметтеу мен бағалаудың жолын да, жөн-жосығын да, оны дәмді етіп әзірлеудің де көзін, ретін таба білген. Ел мен елді татуластыру да, жақсылар мен жайсаңдарды құрметтеу де, өздерінің мырзалық, мәрттік үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын көрсету де, ел дәулеті мен қарым-қабілетін, түсінігін таныту да қазақтың кең дастарқаны арқылы, яғни, ас, қонақасы арқылы көрсеткен. Осы жолда тұшымды сөз айтып, дәмді тағам берумен бірге оның таза, бүтін ыдыстарына дейін ерекше назарда болған. Сырттан келген кісілер де елді осы қонақасы берудің жолы мен жөні арқылы сынап, бағасын берген. Демек, ұлт мәдениетінде тамақ, дәм татыру — экономикалық, дипломатиялық және тәлім-тәрбиелік қызмет атқарған. Бұл істе әрине, қазақ халқының қонақжайлылық дәстүрі шетелдерде ерте заманнан-ақ аңыз болып тараған. Қазақ қонақасы беруде қонақ таңдауды, басқа ұлт, дін өкілдері деп бөлуді де білмеген, төрге шығарып ашық қабақ танытқан, достық көңілін көрсеткен. Шаршағандарына, мұқтаждарына ат, ас, көлік сыйлай да білген.

Қазақ ас, тамақ дайындауды әйелдерге жүктеген. Қазақ әйелдері тағамның алуан-түрлерін дайындаумен бірге қыста да, жазда да оның таза әрі бұзылмай сақталуының әдіс-тәсілдері мен жолдарын да таба білген. Бұл қағидаларды әйелдер ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, кейінгілерге үйретіп отырған. Мысалы, олар етті ыстап сақтауды, қымызды жазда салқын ұстауды, майды көгертпей күтуді, басқа тамақтарды да бұзылмай сақталуының ғасырлар бойы ұмытылмай келе жатқан байырғы халықтық әдістері мен амалдарын, әсіресе, ауылдық жерлерде күні бүгінге дейін жеткізді және оны әлі де қолданып келеді. Әсіресе, қымыз бен шұбатты баптаудың, құрт, ірімшік, ежігей, сары май сияқты жеңсік тағамдарды дайындауда қазақ әйелдерінің шеберлігі мен өнерін үлгі етіп, қалай мадақтауға да тұрарлық. «Ауру — астан» дей отырып, оның ыдысының тазалығына, дәмді пісірілуіне, ең ақыры, тұзының татымына дейін ерекше назар аударған. Жөн-жосық білетін бәйбішелер оған қатаң бақылау жасап отырған. Қай жерде, қай ауылға барсаңыз да осы қарапайым әйелдердің қолынан шыққан ұлт тағамдарының дәмі аузыңнан кетпейді. Бал қымызы, шұрайлы шұбаты, томырылған жент, майы тіл үйіріп, онымен бірге жарқын жүзі мен әдемі әзілдері де жарасып тұрады.

Жомарт әрі ашық қолды халқымыздың ізгі дәстүрінде үйге келген кісіге дәм татырмай жібермейтіні өте жақсы ғұрпы бар. Әрине, қай заманда да жұрттың бәрі мыңғыртып мал айдап, май шайнап жүрмеген. Келген кісілерге әркім қолда барын береді. Мұндайда үй иесі ұсынған тағамға менсінбей қарауға болмайды. Дұрыс қонақасы бермеген үйді қонақ сынаса, мұндайда кедей үй иесі қонақты да ұялтып тастайтын болған. Мысалы, Біржан сал шөліркеп келіп бір кедей үйіне ат шалдырады. Бойжеткен қыз салға «қара көже» (әрине бары сол ғой) ұсынады. Біржан астамсып, көжені ауыз тимей қайтарады. Мұндайда қазақтың өжет те айтқыш қыздары қарап қалған ба, қыз да: Жақсының жейтін асы жая мен жал, Шығады шын қырсықтан нақ сендей сал. Дәмнен үлкен дүниеден ешнәрсе жоқ, Көжеге кекіреймей ерніңді мал! — дегенде сөзден жығылған ақын: Жетеді тоқсан жасқа ердің ері, Атандым ақындықпен Біржан сері, Қарындас, айтқан сөзің өтіп кетті, Көжеңді басып-басып әкел бері! — деп көжені басына төңкере салған екен.

Халықтың жол-жоралғысы, тәрбие — өнеге басы

♦ Жеті атаға толмай некеге рұқсат етілмейді. Бұл ұлт дәстүрінде туыстық қалыпты сақтау, ұрпақ денсаулығының жақсы болуы үшін жасалған.

♦ Баланың кіндігін кесуге инабатты, жақсы әйелдерді таңдаған. Жиеннен нағашының жолы үлкен «Нағашымен күрескен жиен жығылады» деген осыны білдіреді.

♦ Өртте, індетте, апатта мал-мүлкі шығын болғандарға бүкіл ауыл, туған-туыстар міндетті түрде көмек көрсетеді. Ағайынның ынтымағы осындайда көрінеді.

♦ Сырттан қосылған малды ел-жұртқа хабарлайды. Мал иесі сүйіншісін беріп, малын әкетеді.

♦ Араздасқанды ел ағалары /ақсақалдары/ татуластырады.

♦ Үйге келгендер қамшысын екі бүктеп ұстайды. Бұл татулықтың белгісі.

♦ Оттың орнын аттамайды. Өйткені, ол қасиетті.

♦ Қарашаңырақ кенже ұлға қалады. Әке-шешені бағу да осы кенженің міндеті.

♦ Үйленген үлдарға әке-шеше енші беріп, бөлек шығарады.

♦ Енші алған балалары әке, шешелеріне, жақын туыстар үлкендеріне қыстан сыбаға береді.

♦ Жиендік жасап, «жиенқұрық» алып кеткендерге ренжу дәстүрде жоқ.

♦ Асарға, үмеге шақырғанда қалыс қалу өте ұят.

♦ Туыс, ілік адамдар қуанышты, қазалы күндерді бірлесіп көтереді, атсалысады, көмек береді және осы іске араласады.

♦ Көршімен тату тұру ұлтымыздың бас-ты қағидасы.

♦ Туыс-туған, ілік, жекжаттармен араласып-құраласып тұру адамдық парыз саналады.

♦ Жақын-жуық, дос-жарандарды үйіне шақыру, олар шақырғанда кешікпей бару ежелден қалыптасқан дәстүр.

♦ Қарттарға сәлем беру, науқастың көңілін сұрау қасиетті парыз.

♦ Күйеуі қайтыс болған әйел жыл толмай тұрмысқа шықпайды.

♦ Нағашы-жиен, жезде-балдызға жарасымды әзіл айтуға рұқсат етілген.

♦ Екіқабат әйелден ажыраспайды, сол сияқты ондай әйелдермен некеге отырмайды. Әйел босанғаннан кейін рұқсат етіледі.

♦ Үлкен кісілер жақсы көрген жастың арқасынан қағатын ғұрып бар.

♦ Баласына қалыңдық іздеген ата-ана әулетінде ұрпаққа зиянды, тұқым қуалайтын ауруы жоқ отбасына ғана құда түседі.

Жұқпалы ауру, қояншық, алапес дерттерінен өлген адамдарды оқшау жерлеген.

♦ Қайтыс болған ұлының әйеліне атасының үйленуіне жол жоқ.

♦ Оң жақта отырып екіқабат болып қалған қыз қалыңдықсыз беріледі.

♦ Әйелдер қолын жумай мал желінін ұстамаған.


494 рет оқылған | Nov 19,2006 | жазған: | Oljas
Ұқсас хабарлар

Бұл жазбаға сәйкес ештеме табылмады
Бұл жазба сізге ұнадыма?
Rating: 5.00Rating: 5.00Rating: 5.00Rating: 5.00Rating: 5.00 (барлығы 17 дауыс)

comment Пікір жаз (0 жазылған) 

Ең көп оқылған
Сілтемелер
Жазушылар