Іргетас басқы бет | Бастапқы бет ретінде орнату | Жиі қолданымға қосу | Кері байланыс | Сайт картасы Хабар қосу
Басқы бет | Жаңалықтар | Әдебиет | Ислам | Пікірталас | Әндер | Суреттер | Құжаттар | Чат
  Сайттан іздеу     » Көп амалды іздеу
Бөлімдер
Архив
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Сауалнама: Талғам
Жаңалықтар
Қазақ елі
Әдебиет
Ислам
Басқадай


«Алтын жұлдыз-2006» сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті


image

Шара Алматыда, Абай атындағы академиялық Опера және балет театрында болды. Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдары мамандарының кәсібилігі мен шеберлігін бағалайтын «Алтын жұлдызбен» марапаттау биыл 11-ші рет өтті. Журналистер академиясының мақсаты үздіктерді анықтап қою ғана емес, одан әрі де қарымды еңбектер жазуға рухтандыру.Сағымбай Қозыбаев, Қазақстан журналистика академиясының президенті:
- Журналистика мемлекеттің маңызды әлеуметтік институты екенін ұмытпау керек. Академияның басты мақсаттарының бірі - билік пен қоғам журналистерді сыйлап, бағалауына қол жеткізу.

«Аймақтардағы ең үздік қазақ және орыс тілді газет» - Шығыс Қазақстан облысының «Дидар» газеті, «Үздік қоғамдық-саяси журнал» - «Континент», «Іскерлік басылым»- «Деловая неделя» журналдары, «Үздік Республикалық қазақ және орыс тілді газеттер» ретінде «Айқын» мен «Литер» газеттері танылды. «Аймақтық телеарна» Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасы ал, «Үздік ақпараттық-сараптамалық» деп «Хабар-жер» бағдарламасы танылды.

Болатбек Қожан, «Хабар-жер» бағдарламасының редакторы:
- Қуаныштымыз, әрине, өзім алғашқы күннен бастап істеп келе жатырмын, іштей ойлайтынбыз, біз де осы Алтын жұлдыз не кез-келген журналистика одағының немесе әлемнің бір сыйлығына лайықтымыз ғой деп. Бүгінгі беріліп отырған сыйлық біздің көп жылдық еңбегімізге беріліп отырған баға деп түсінемін және бізге көрсетілген, бізге артылған сенім де.

«Үздік публицистикалық бағдарлама» аталымын «Хабардың» «Линия судьбы» бағдарламасы жеңіп алды. «Алтын жұлдызды» тағайындаған журналистика академиясының академиктері шын мәнісінде ең үздіктер мен өз ісінің хас шеберлерін таңдап алғандарын айтады.

Намазалы Омашев, Журналистика академиясының академигі:
- Ахмет Байтұрсынов айтқан, журналистика, баспасөз дегеніміз халықтың көзі, құлағы һәм тілі деп. Журналистика ол шығармашылық, шығармашылық болған жерде бәсеке болуы керек, қамшылау болуы керек, сосын өзінің істеген еңбегіне баға берілуі керек адал, бұл жағынан келген кезде біздің бұқаралық ақпарат құралдарының түгелдей басын қосып отырған, содан соң олардың қызығушылығын туғызып отырған бір мереке.

Журналистер Академиясының ерекше еңбек сіңірген тұлғаларға берілетін арнайы «Алтын самұрық» сыйлығы еліміз бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа белеске шығуына мол еңбек сіңірген, ұйымдастырушылық талантымен дараланған, марқұм Алтынбек Сәрсембаевқа және ұзақ уақыт ұлттық телевидениені, сондай-ақ ТМД кеңістігіндегі «Мир» телекомпаниясын басқарған Ғаділбек Шалахметовке берілді.


223 рет оқылған | Nov 19,2006 | жазған: | Oljas
Ұқсас хабарлар

Бұл жазбаға сәйкес ештеме табылмады
Бұл жазба сізге ұнадыма?
Rating: 4.85Rating: 4.85Rating: 4.85Rating: 4.85Rating: 4.85 (барлығы 27 дауыс)

comment Пікір жаз (0 жазылған) 

Ең көп оқылған
Сілтемелер
Жазушылар