Іргетас басқы бет | Бастапқы бет ретінде орнату | Жиі қолданымға қосу | Кері байланыс | Сайт картасы Хабар қосу
Басқы бет | Жаңалықтар | Әдебиет | Ислам | Пікірталас | Әндер | Суреттер | Құжаттар | Чат
  Сайттан іздеу     » Көп амалды іздеу
Бөлімдер
Архив
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Сауалнама: Талғам
Жаңалықтар
Қазақ елі
Әдебиет
Ислам
Басқадай


Тұлғалар немесе «Плутархтан» туындаған ой


image

(Тарихи дастан)

Жерде жан, әуеде құс, суда балық...

(...Тiзгiнiн тiршiлiктiң жинап алып).

Жаһанды жаратушы құдiреттiң,

Бiр аты - мың атының, - дейдi халық

Халықтан қабiлетiмен жеке-дара,

Теңi жоқ тiрi жанда туған алып.

Бiрi алым, бiрi дана, бiрi патша,

Бiрi ақын, бiрi батыр, бiрi шәрiф.

Көбiмен хас тұлғалар хабардар ем,

Айтайын аты келсе ойға оралып:

- Мұхаммед Расулды себеппенен,

Жеткiзген, Абдолла мен Әбутәлiп.

Ақ туын адалдықтың асқақтатып,

Ең соңғы, Нәби шықты тұлғаланып.

Жарқырай ар-иманның айғағындай,

Ақыры дiн Ислам көрдi жарық.

Құрылды мұсылманның зор қауымы,

Күнәдан тән тазарып, жан жаңарып.

Қайырым мен Шапағаттың күнi туып,

Көз ашты жетiм-жесiр, мiскiн-ғарiп...

(Жетiстiк, 70 жылда дiндi жерлеп,

Ақ жолы ақиқаттың бұрмаланып).

Ұзартпай дiннiң дәрпiн дәлелденген,

Ақырдың Пайғамбарын сәл доғарып,

Танымал тұлғаларды түгендейiн,

Келмейтiн дүниеге қайталанып.

- Iскендiр Зұлхарнайын, Әли, Рүстем,

Жiберген даңқыменен жердi жарып,

Әйгiлi ертеде өткен алыптардан:

Сократ, Аплатон, Плутарх,

Геродот, Гиппократ, Гелен, Гомер,

Цицерон, Юли Цезарь, Тулли Марк.

(Шығыпты арагiдiк әйелдерден:

Саджак пен Клеопатра, Жанна д. Арк).

- Аңызда, әдiл патша харон Рашид,

Кир, Мәлiк, Дари, Зухраб, патша Парух.

- Шыңғысхан, Наполеон, тентек Темiр,

Қылышын қазына үшiн қанға малып,

«Әлемге әмiрiмдi жүргiзем» деп,

Патшалық қалды артында қаншамалық?

- Яссауи тiрi кiрдi қылует жайға,

Мал-мүлiк айдалада, үй-жай қалып,

Күңiрендi жер астында мүмiн үшiн,

Жалғанның жәйiн жырлап бей опалық.

Жырларын Тәркi дүния оқысаңыз:

Қойғандай шерге шылап, мұңға малып.

Қалдырды кейiнгiге жазып нұсқа.

Жүрсiн деп ұрпақтарым тағылым алып,

«Диуани хикметiн» демек ләзiм,

Иманға әл, жанға жәрдем, арға азық,

Екiншi Мекке атанған Зират жайы

Күмбезi көктi құшқан дараланып.

Көрiгi көздi арбаған бiр кәрәмат,

Көрмесе адам нанбас, жан иланып.

Жаққандай жаңа ғана жалтырайды,

Бояуы ғасыр сайын буырқанып.

Қазақтың хан, сұлтаны сонда жатыр,

Мәңгiлiк мекен-жайда «демiн алып».

Хас Хаджиб халық болар қағидасын,

Бiз үшiн мың жыл бұрын кеткен жазып.

Жүсiптiң «Құтты бiлiк» қазынасы,

Наудан шырын, шәрбәт тұрған ағып.

Шығыстың шыңырау құдық Зәм-зәмiнен,

Батысқа өнер-бiлiм кеткен дарып,

Олардан не бiр «жұлдыз» жарқырады,

Шығыстың шұғыласын пайдаланып.

Галилей, Бруномен өзiн жөн деп,

Жатса да тiс жармады шоққа қарып.

Коперник, Леонардо, Ломоносов,

Эдиссон, Уат, Даләмбер, ди Ламарк, Ньютон:

Тартылыстың заңын ашып,

Ақыры аяқ бастық айға барып.

Iлiмдi игiлiкке икемдемей,

Жатырмыз ақымақ боп атом жарып.

(Адамның апатқа ауған ақыл, ойы,

Жатқасын амал нешiк мақұлданып).

Қарасаң бұл пәнидiң ғажабына:

Түн түнек, тас қараңғы, күндiз жарық.

Жұлысып, қыс пенен жаз, ақ пен қара,

Жұмыр жер шарқ ұруда шыр айналып.

Ұршықтай кiндiгiнен бiр тәулiкте,

Жылына күндi шығад бiр айналып.

Тапжылмай күн мен жердiң тұтқасындай,

Мiз бақпай тұр орнында темiр қазық.

Пәндаға бәз-баяғы жер орнында,

Күн мен ай, батып-шығып тұрған қалып.

Жалғыз-ақ адамзат құбылуда,

Аптығып арын малдап, жанын жанып.

Құлқыны әбжыландай аран ашып,

Мақсаты жиһаз жинау өлiп-талып.

Адамның аз өмiрде азғындауын,

Көрем де отырамын аң-таң қалып.

Жиғанын алып кеткен бiр пенде жоқ,

өлген соң ана жаққа арқаланып.

Қарама-қайшылыққа толы дүние,

Бiр жер тау, бiр жер орман, бiр жер жазық,

«Алланың алалаған пендесiндей!

Бiреу сау, бiреу ауру, бiреу кәрiп,

Бiреу бай, бiреу жарлы, бiреу мiскiн,

Доңыздай бiреу семiз, бiреу арық».

Бiр жерде мамырсана гүлiстан жай,

Бiр жерде қырғын соғыс қанға қарық.

Бiр жерде ана безiп нәрестеден,

Әкенiң бала жатыр басын жарып.

Бiреудiң шақасы жоқ сомға зәру,

Ал бiреу «сүрлеп» жатыр қапқа салып.

Адамның аяу бiлмес ақыретiн,

Баратыр су тартылып, жер құлазып.

Адамзат айықпаса мына дерттен,

Түбiнде бiр сойқанның болары анық.

(Тамұқта терден орын бiзге дайын,

Жәннаттың жалынсаң да құлпы жабық).

Бiлмейдi сорлы пәнде не боларын,

Жалғыз-ақ бұл тылсымға Құдай қанық.

Көп тыңдап, көзбен көрiп, түңiлгесiн,

Жазып ем бұл назымды шамырқанып,

Мән берiп мағнасына жазғанымның,

Мен риза тыңдаушыма құлақ салып.

Жазғырмай жазушыны кiм десеңiз?

Әкем «Мим», өз атымның басы «Әлiп».

Жазуға бұл назымды себеп болған,

Қалтайдың үйiндегi «Плутарх».


501 рет оқылған | Nov 19,2006 | жазған: | Oljas
Ұқсас хабарлар

Бұл жазбаға сәйкес ештеме табылмады
Бұл жазба сізге ұнадыма?
Rating: 4.79Rating: 4.79Rating: 4.79Rating: 4.79Rating: 4.79 (барлығы 19 дауыс)

comment Пікір жаз (0 жазылған) 

Ең көп оқылған
Сілтемелер
Жазушылар