Іргетас басқы бет | Бастапқы бет ретінде орнату | Жиі қолданымға қосу | Кері байланыс | Сайт картасы Хабар қосу
Басқы бет | Жаңалықтар | Әдебиет | Ислам | Пікірталас | Әндер | Суреттер | Құжаттар | Чат
  Сайттан іздеу     » Көп амалды іздеу
Бөлімдер
Архив
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Сауалнама: Талғам
Жаңалықтар
Қазақ елі
Әдебиет
Ислам
Басқадай


Көненің көзі


image

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қолдауымен дүниеге келген “Мәдени мұра” бағдарламасы арқылы бүгінде қалың жұртшылық талай-талай рухани қазыналармен қайта қауышуда. Соның бірі “Түркістан альбомы” деген атпен 1871-1872 жылдары дайындалған үлкен еңбектің қайта жарыққа шығуы десек, бұл фотоальбомды халқымыздың тарихынан, салт-дәстүрінен сыр шертетін шежіре деуге әбден лайық.

Бір айта кететін жәйт, кезінде Түркістан генерал-губернаторы К.П.фон Кауфманның тапсырмасымен дайындалған осы еңбекке бүгінгі Өзбекстан аумағы толығымен дерлік және қазіргі Қазақстанның біраз бөлігі – Шымкенттен Қазалыға дейінгі аймақты мекен еткен елдің сол кездегі тыныс-тіршілігін, өмір салтын бейнелейтін таңдаулы фотосуреттер мен оларға берілген түсініктемелер топтастырылған. Санкт-Петербург университетінің шығыс тілдері факультетінің түлегі, шығыстанушы Александр Людвигович Кун құрастырған осынау фотоальбом Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің сыртқы саясат және сараптама орталығының тапсырысы бойынша жарық көрген болса, жобаның бас демеушісі “ҚазМұнайГаз” ҰҚ ЖАҚ екенін де айта кеткен жөн. Фотосуреттерге қоса қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде берілген түсініктемелердің қазақ тіліндегі мәтінін аударған Н.Оразов, ал құрастырушылары А.Мұхамеджанов және А.Сәбитов.

Бұл кітаптың қолымызға тиіп отырған жаңа нұсқасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың алғысөзімен ашылған. Онда Елбасы осы кітап арқылы ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтардың тіршілігі мен тұрмысы молынан ашылатынын айта келіп, “Америкалық философ Дж.Сантаяна айтқандай: “Өткенін ұмытқан халық соның бәрін қайтадан басынан кешуге мәжбүр болады”. Сондықтан да біз өзіміздің өткенімізді біліп қана қоймай, оны қастерлеп, келер ұрпаққа аманат етуіміз қажет. “Түркістан альбомы” атты басылым туған жерінің тарихы мен мәдениетін қадірлей білетін баршаға ұмытылмас бағалы сыйлық болады деп білемін”, – дегеніндей, бұл еңбектің туған халқының тарихы мен салт-дәстүрін жете білсем дейтін көзі ашық, көкірегі ояу адамдарға шын мәнінде баға жетпес құнды қазына болары анық.

Сондықтан да, кітаптың аз тиражбен жарық көргенін, жалпының қолына тие бермейтінін ескере отырып, “Егемен Қазақстан” алдағы уақытта осы фотоальбомдағы мақалалар мен суреттерді өзінің “етжеңді” нөмірінде беріп тұруды ұйғарып отыр. Бүгін біз назарларыңызға сол суреттер мен мақалалардың алғашқы кезегін ұсынып отырмыз.


227 рет оқылған | Nov 19,2006 | жазған: | Oljas
Ұқсас хабарлар

Бұл жазбаға сәйкес ештеме табылмады
Бұл жазба сізге ұнадыма?
Rating: 5.00Rating: 5.00Rating: 5.00Rating: 5.00Rating: 5.00 (барлығы 29 дауыс)

comment Пікір жаз (0 жазылған) 

Ең көп оқылған
Сілтемелер
Жазушылар