ШЕТЕЛДЕ ҚАНША ҚАЗАҚ БАР?
Тілдер жөніндегі комитеттің соңғы мәліметтеріне қарағанда, шетелдегі қазақтардың саны жағынан ең көбі Өзбекстанда екен. Өзбек ағайындармен қоңсылас қазақтардың саны бүгінгі таңда 1,5 млн. болып отыр. Ал Қытайдағы қазақтар — 1,3 млн. Ресейде 900 мың ағайын өмір сүрсе, Түрікменстанда 100 мың қазақ бар. Монғолиядағы санымыз — 80 мың, ал көршілес Қырғызстанның өзінде 45 мың отандасымыз бар.
Еуропадағы қазақтарға келсек, Германияда 200 отбасы бар. Ал Францияда —210, Голландияда 35 отбасы өмір сүруде. Негізінен, әлемнің 40 еліне таралған бауырларымыздың жалпы саны — 4,5 млн.
Дүниенің төрт бұрышын кезіп кеткеніміз сондай, 11 мемлекетте ұлттық орталықтарымыз бар. Оның үстіне отандастарын мемлекет есебінен Отанына қайтарып жатқан үш елдің бірі — Қазақстан, қалған екеуі — Германия мен Израиль.
«Ана тіл» газеті №15(800), 13.04.2006ж.
318 рет оқылған | Nov 19,2006 | жазған: | Oljas
|
Ұқсас хабарлар
|
| Бұл жазбаға сәйкес ештеме табылмады |
|
Бұл жазба сізге ұнадыма?
    (барлығы 41 дауыс)
|