• Бес нәрсеге қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеніз…
• Талап еңбек терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеніз…
• Керек іс боз балаға – талаптылық
Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық.
Кейбір жігіт жұреді мақтан көйлеп,
Сытрқа пысық келеді, көзге сынық…
• Талаптың мініп тұлпарын,
Тас қияға өрледің.
Бір ғылым еді інкарің,
Әр қиынға сермедің…
• Жастықта бір күлгенің бір қаралық,
Күлкі баққан бір көрер бишаралық.
Әуелі өнер ізделік қолдан келсе,
Ең болмаса еңбекпен мал табалық…
• Түбінде баянді еңбек егін салған,
Жасында оқу оқып, білім алған,
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған…
• Бақпен асқан патшадан,
Мимен асқан қара артық.
Сақалын сатқан кәріден
Еңбегін сатқан бала артық…
• Ойға түстім, толғандым,
Өз мінімді қолға алдым.
Мінезіме көз салдым,
Тексеруге ойландым…
• Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас,
Сұм нәпсің үйір болса, тез тиылмас,
Зиян шекпей қалмайсың ондай істен,
Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас.
• Жұрт жүр ғой адамдықты еп көрем деп,
Тоқтау айтқан кісіні шет көрем деп.
Бар ма екен жай жүрген жан қанағатпен,
Құдайдың өз бергенін жеп көрем деп? –
• Сан кісі мұңайсын,
Сабырмен шыдайсың.
Күйемін, жанамын,
Еш рақым қылмайсың…
• Қазақтың қайсысының бар санасы?
Қылт етерде дап-дайын бір жаласы.
Пысықтың белгісі – арыз беру,
Жоқ тұрса да бес бересі, алты аласы…
• Жамантайдың баласы Көжек деген,
Әркімге өсек тасып безектеген.
Досын келіп досына жамандайды,
Шіркінде ес болсайшы сезед деген…
• Расы жоқ сөзінің,
Ырысы жоқ өзінің
Өңкей жалған мақтанмен,
Шынның бетін бояды…
• Ер ісі ақылға ермек, бойды жеңбек,
Өнерсіздің қылығы өле көрмек.
Шыга ойламай, шығандап қылық қылмай,
Еріншек өздігінен көпке көнбек…