Іргетас басқы бет | Бастапқы бет ретінде орнату | Жиі қолданымға қосу | Кері байланыс | Сайт картасы Хабар қосу
Басқы бет | Жаңалықтар | Әдебиет | Ислам | Пікірталас | Әндер | Суреттер | Құжаттар | Чат
  Сайттан іздеу     » Көп амалды іздеу
Бөлімдер
Архив
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Сауалнама: Талғам
Жаңалықтар
Қазақ елі
Әдебиет
Ислам
Басқадай


ТІЛ БІЛГЕННІҢ ЕҢСЕСІ БИІК


image
Мемлекеттік тілді меңгеру — әр адамның тәуелсіз мемлекетіне, туған еліне деген патриоттық сезімі мен құрметі шексіз сүйіспеншілікке айналуға тиіс. Қолданылып отырған шараларға қарамастан, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін толық іске асыру әлі мүмкін болмай отыр.Мұның негізгі себебі - тіл мәртебесі тек ресми тұрғыдан жарияланғанымен, оның жер-жерде үйретілуі мен қолданылуын жүзеге асырар тетік күні бүгінге дейін жеткілікті дәрежеде іске қосылмай отыр.

Әділет министрлігі аумақтық органдарының, ведомстволық ұйымдарының іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге кезең-кезеңімен көшу кестесіне сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының әділет органдарының барлығы дерлік іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшірді.

Әділет департаментінің барлық құрылымдық буындарында қандай да бір дәрежеде болса да әділет органдарының негізгі міндеттері бойынша мемлекеттік тілде іс қағаздарының үлгілері, компьютерлік қалыптар енгізілгенін айта отырып, ендігі жерде сол қалыптасқан үлгілердің сапасын жақсартып, мазмұнын байыта түсу, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейте түсу қолға алынған.

Әрине мемлекеттік тілдің басшылық тарапынан үнемі осындай қолдауға ие болуы - қазақ тілінің аясын кеңейтіп, мәртебесін арттырумен бірге жұмыстың нәтижелі әрі толыққанды атқарылуына септігін тигізуде. Бұл орайда ең алдымен кезек күттірмейтін міндет - ол мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданыс аясын барынша кеңейте түсу, мәртебесін биіктету болып табылады.

Соңғы жылдары еліміздің азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге, өрісін жандандыруға талпыныс танытуда. Менің әріптестерім де көштен қалып жатқан жоқ. Тілді меңгеру деңгейіне байланысты жалғастырушы және тереңдетілген топтарда қазақ тілін үйренеді.

Дәріс алып жүрген қызметкерлер мемлекеттік тілді білуге қатысты әділет жүйесі аясында үйымдастырылатын түрлі семинарлар мен конкурстарға қатысып, жүлделі орындарды иемденіп, біліктілігін танытып жатыр. Соның ішінде айта кететін жайт, "Мемлекеттік тілге - менің жеке үлесім!" атты мемлекеттік конкурстың үлесі жылдан-жылға өсіп келеді. Мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен хат-хабар алмасудағы және ішкі құжат айналымындағы мемлекеттік тілде құжаттарды әзірлеу қатаң бақылауда.

Өкінішке орай кейбір қызметкерлер тегін оқытылатын сабаққа сылтау тауып қатыспауға тырысады. Солардың ішінде ұлты қазақ азаматтардың ана тіліне немқұрайлы қарайтындығы белгілі. Бұл мәселе, әсіресе қатты толғандырады, ал өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуге деген талаптары биік деңгейде болып тұр.

Әрине бұл мәселенің түбі тереңде. Көптеген замандастарымның, соның ішінде өзім де бар орыс мектептерінде 10 -11 жыл оқып, жоғары білімді де орыс тілінде алғанымыз ана тілімізде оқып-жазуда талай қиындыққа түсіріп жүр.

Мемлекеттік тілді меңгерген азаматтың болашақта өз елінде мерейі үстем болатыны даусыз. Сондықтан, әрбіріміз мемлекеттік тілдің беделін көтере білуіміз керек. Сонда ғана келешекте дүниежүзілік өркениетті елдердің бірі болып еңсе көтеруге ұлттық үлесімізді қосуға мүмкіндігіміз молая түседі

"ЗАҢ ГАЗЕТІ" №73 (879), 25.04.2006ж.

280 рет оқылған | Nov 19,2006 | жазған: | Oljas
Ұқсас хабарлар

Бұл жазбаға сәйкес ештеме табылмады
Бұл жазба сізге ұнадыма?
Rating: 4.74Rating: 4.74Rating: 4.74Rating: 4.74Rating: 4.74 (барлығы 27 дауыс)

comment Пікір жаз (0 жазылған) 

Ең көп оқылған
Сілтемелер
Жазушылар