“Жер бетiнде бiрер мұсылман күнәлi iске немесе туысқаннан безуге дұға етпесе, Аллаһ Тағала оның кезкелген дұғасын қабыл етедi немесе сол дәрежеде одан жамандықтарды қайтарады. Сонда жамағаттан бiр кiсi: “Ондай болса бiз Аллаһ Тағаладан тiлеуiмiздi көбейтейiк!” – дегенде, Ол с.ғ.с.: “Аллаһ Тағаланың берерi сендердiң тiлегендерiңнен көп!” – деп жауап бердi.” Хадистi Убада Әс-Сомиттен р.л.ғ. Имам Термизи риуаят еттi.
“Қашанда мұсылман пенде үш қайтара Аллаһ Тағаладан жәннатты тiлесе, жәннат: “Я, Тәңiрiм! Оны жәннатқа кiргiз!” – деп тiлейдi. Қашанда мұсылман пенде үш қайтара Аллаһ Тағаладан дозақ отынан пана тiлесе, дозақ: “Я, Тәңiрiм! Оны менен құтқар!” – деп тiлейдi.” Хадистi Анас Маликтен р.л.ғ. Имам Ах-мад, Имам Ибн Мажаһ, Имам Хиббан, Имам Хаким риуаят еттi.
“Дұғаның – өткен пәлеге де, әлi түспеген нәрсеге де септiгi тиедi. Ей, Аллаһ Тағаланың құлдары! Сендердiң мiндеттерiң (Аллаһ Тағалаға көп) дұға ету!” Хадистi Ибн Умардан р.л.ғ. риуаят еттi.
“Қазаны (яғни, Аллаһ Тағала белгiлеген тағдырды) тек дұға қайтарады, ал өмiрдi жақсылық (яғни, жақсы ниет, iзгi iс) қана ұзартады.” Хадистi Сәлман Әл-Фарисидан р.л.ғ. Имам Термизи риуаят еттi.