“Ей, Мұхаммед! Саған уахи етілген кітапты оқып, намазды орында. Күдіксіз намаз арсыздык пен жамандыктан тыяды”
Анкабут сүресі
“Үлкен күнә жасалмаған адамнын бес уакыт намазы мен жұма намазы, келесі жұмаға дейіңгі жасалған күнәларынан арылтады”
Hадис Шәриф
“Иман мен намаз –егіз. Бірақ иман намаздан бұрын дұниеге келген”

Қанатты сөз
Намаз жане онын дәлелдері

Алланың бар екендігі мен даралылыгын біліп растау – ең үлкен парыз.

Осыдан кейінгі парыздардың ең үлкені жане ең маныздысы – намаз. Намаз - жұректің нұры,рұхтын күші, мұсылманның кереметі.
Намаз – сөздікте “дұға ету”, “жақсы дұға ету” деген магғананы білдіреді. Алла Тағала Кұранда “Оларға дұга ет. Сенің дұғаң оларға рақымшылдық”,- дейді.(таұбе,9/103) Шариғатта намаз –тәкбірмен басталып, салеммен аяқталатын,ерекше арекеттермен сөздерден тұратын ғажайып ғибадат.
Намаз Исламнан бұрыңғы илаһи діндерде де парыз-ды. Хазіреті Мұхаммедке(с.а.у) бес уакыт парыз етілмей тұрып, тек қана тан мен ақшам уакытында екі рет намаз оқылған. Кейн Міғраж түнінде бес уакыт намаз парыз болды. Намаздың парыздығы Құран, сүннет жане ижмағ дәлелдерімен анықталған. Құранның көптеген жерінде “Намаз окыңдар жане зекет беріңдер” –деп намазды өте маңызды парыз екендігін білдірген. Олардің кейбірі мыналар: “Барлық намазды және орта намазды сақтаңдар”(Бакара, 2/238). “Расында намаз белгілеңген арнайы уакыттарда парыз етілді”(Ніса,4/103). “Алайда олар барлық бұрыс діндерден бойын аулақ ұстап, шынайы түрде Аллаға құлшылық етүден, намазды тұп-тұра оқұдан жане зекет беруден өзге нәрсеге әмір етілмеген болатын”(Бәййәна, 95/5). “Намазды толық окындар…” (Hаж,22/78)
Сүннеттен дәлелдер: Бұл туралі риуаят етілген көптеген хадистер бар. Бұлардің кейбіреуі:
“Ибн Омардан(р.а) риуаят етілген бір хадисте Пайғампарымыз(с.а.у) былай дейді: “Ислам бес нәрседен тұрады Алладан басқа құдай жоқ екеніне жане Мұхаммед Алланың елшісі күәлік ету, намаз оку, зекет беру, шамасы келсе қажылыққа бару жане Рамазан оразасын ұстау”.(Бухари. Иман, Мүслим)
Хазиреті Пайғампар Муаз ибн Жәләлді(р.а) Иемеңге жіберіп жатқанда, оған былай дейді: “Сен әһли кітап саналған қоғамға бара жатырсын. Оларды алдымен Аллаға құлшылык етуге шакыр, Алланы қабыл етсе, Алланың оларға күнде бес уақыт намаз парыз еткенін аіт. Намазды қабыл етсе, Алла Тагаланың олардынһ ауқатты жандарына кедейлерге беру үшін зекет пар'із екенін аіт. Қабыл етсе олардан зекет ал. Бірақ адамдардың мал-мүлкінің ең жақсысын алма, жәбір көргеннің қарғысынан сақтан. Өйткені оның дұғасы мен Алла Тағаланың арасында перде жоқ”.
Сонымен қатар күллі Ислам ғалымдарында бір күнде бес уакыт намаздың парыздығы жайлы ауызбірлік бар.
Намаз һижреттен(көш) бұрын Миғраж түнінде болғаны жайлы нақты хабарлар бар. Әнас(р.а) жеткізген бір хадисте айтылады: Миғраж түнінде Хазіреті Пайғампарға елу уақыт намаз парыз етілген, кейін азайтып беске түсірді. Сол кезде Алла Тағала былай деді: “Ей, Мұхаммед! Менің сөзім өзгермес. Бес уакыт намазда—сен үшін ,елу уақыт намаздың сауабы бар”.
Намаз балиғат жасына жеткен, ақылы толісқан әрбір мұсылмаңа парыз. Бірақ жеті жасқа келген балаларга намаз окуды үйрету керек. Он жасқа келгенде намаз оқымаса, жай-жай ұруга болады. Пайғампарымыз(с.а.у) былай дейді: “Балаларды жеті жасқа келгенде намаз оқытындар он жасқа келгенде(намаз окымасы жай) ұрындар жане сол жаста төсегін бөлек салып беріндер”.
Бір күнде мұсылмандарга бес уақыт намаз –парыз. Атау(нәзір), үтір, және айт намаздары --уәжіп. Бір бәдауи(шөл адамы) жайлы хадисте намаздын бес уакыт екені айтылады. Пайғампарымыз(с.а.у): “Бір күннің ішінде парыз етілген намаз бесеу ”,--дейді. Бәдауи сонда: “Менің бұдан басқа борышым бар ма?”,-деп сұрағанда. Алла Елшісі: “Жок, егер өздігіңнен нәпіл намаз оқысан, ол басқа”,-деп жауап қайтарады. Сонда бәдауи: “сені ақиқатпен жіберген Аллага ант етемін. Бұдан басқа не артық, не кем намаз оқымаймын”,-деді. Сонда Пайғампарымыз(с.а.у) былай дейді: “Сөзі рас болса ол адам жаннатқа барады”.