Аллаһтың бар екені - ең ұлы әрі сөзсіз шындық. Мұны адамның ішінен туа біткен қасиеті де, ақылдың алғырлығы да, ғылым да, көктен келген жазбалар мен тарих та көрсетеді. Аллаһтың бар екендігі жайында дауласатындар әр заманда да кездескен, олардың көбісі өз нәпсілері мен тілектерінің соңынан ергендер мен төмен инстинктің шырмауына шырматылғандар.
Олар өздерінің осыншалық құлдырауын, Ұлы жаратушы жоқ деген сенімді алға тартып, бүркемелегісі келеді. Сейтіп хайуани, рахат тіршілік кешкендері себепті, басқаларға да, өздеріне де есеп бермес үшін өздерін осылайша ақтамақ болады.
Кейбір ойшылдардың бұл адамдардың атеизмі туралы айтқан сөздерін келтіре кетсек артық болмас: «Олардың сенбеушіліктері ойланумен емес, адамдардың инстинктерімен байланысты, себебі, олар алдымен құлдырап, содан кейін Құдайды жоққа шығарады».
Психологтардың айтуынша, мұндай адамдар өздерінің қисықтығы мен рухани құлдырауын және жаман қылықтарын ақтап, қорғау үшін, құштарлық тілектері мен ләззаттарын, әлсіздіктерін жасыру үшін Құдайдың бар екенін жоққа шығарады.
Пайғамбарлардың негізгі міндеті — Аллаһтың бар екенін дәлелдеу емес еді, себебі олардың қауымдары үшін бұл даусыз шындық болатын. Олардың негізгі міндеттері Аллаһқа деген сенімді пұтқа табынушылықтың кірі мен құдайсыздықтың ластығынан. Адамдардың ойларын бүлдіріп, Аллаһтың адамдарға бағындырып қойған заттарына оларды құл етуден сақтау еді.
Пайғамбарлардың негізгі міндеті Аллаһтың бір екенін танытуға шақыру болды. Кез келген Пайғамбар өзінің қауымын:
«Аллаһқа құлшылық қылыңдар, сендердің Одан басқа тәңірлерің жоқ». (Аграф 59)
«Аллаһқа құлшылық қылындар, бұзықтардан аулақ болыңдар». (Нахыл 16:36) деп шақырды.
Аллаһ Та'ала Мұхаммедті, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Елші етіп жібергенде, ол өз
қауымының Аллаһқа және аспандағы планеталар сияқты құдайларға табынатынын көрді, бірақ олар Аллаһтың бар екенін жоққа шығармады және бұл туралы дауласпайтын еді.
Мұны Құран аяты ашық баяндайды: «... расында олардан: «Көктерді жерді кім жаратты», — деп сұрасаң, әрине олар: «Аллаһ» дейді. (Зумар 139:38).
Ал ол кезде аз ғана атеистер болғандықтан Құран оларға назар аудармайды, себебі олар адам табиғаты мен сезіміне және ашық көрнеу нәрсеге қарсы тұрды. Құран өз сөзін негізінен, біреулерді немесе бір нәрселерді Аллаһпен теңестіргендерге бағыттайды. Сондықтан, Исламның бірінші шарты:
«Аллаһ Та'алаға құлшылық қылыңдар және Оған ешнәрсені ортақ қоспаңдар» (Ниса 4:36) болған.
Мұхаммедтің, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, жер бетіндегі барлық патшалар мен әмірлерді
Исламға шақыруы мына аяттан көрінеді: «Біздің арамыз бен сендердің араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер, жалғыз Аллаһқа құлшылық қылайық. Оған ешнәрсені ортақ қоспайық. Сондай-ақ Аллаһтан өзге бір-бірімізді тәңір тұтпайық». (Әли Имран 3:64)
ЕУРОПАДАҒЫ АТЕИЗМНІҢ СЕБЕБІ
XIX ғасырда және оған дейінгі христиандық Еуропада көптеген еуропалықтардың өз діндеріне сенбей, Құдайды жоққа шығаруы және ол туралы күмәнданатын жағдайлар туды. Шындығында, олар шынайы дінді және хақ Құдайды жоққа шығарған жоқ, олар Еуропа шіркеуінің құдайы мен дініне сенбеді. Себебі, Еуропада шіркеу қараңғылықты жақтап, жарық сәулемен күресті, надандықты қолдап, ғылымға қарсы шықты, құлдықты (эксплуатация) жақтады да, әділдікке қарсы қүресті т.б.
Ал бостандық пен теңдікке шақырған төңкерістер болған кезде, төңкерісшілер былай деген: «Соңғы корольді соңғы діндардың ішегіне асып қойындар». Сонда шіркеу мыңдаған ғалымдар мен ойшылдарды өлім жазасына кесті, олардың тәндеріне шеге қағып, тіпті олардың өлі денелеріне сот жүргізген. Шіркеу мұның бәрін діннің атымен, Құдайдың атымен және Иисус Христостың атымен жасады. Сондықтан, мұны көрген ғұламалар мен еркін ойлайтын адамдар бүл шіркеудің құдайын, дінін жоққа шығарды да, өздерінде бар нәрсеге — яғни, ғылымға сенді.
Негізінен адамдардың дінді сыйламауы — дінбасылардың бұзылуы мен қисықтығы себебінен. Әсіресе, адамдардың Құдайды танып, онымен байланысуға немесе Оған бет бұруға кедергі болған нәрсе олардың діндерінің қиындық туындатуы. Мұның барлығы тек қана белгілі бір адамдар тобының қатысуымен ғана жүзеге асуы мүмкін болды. Осыдан келіп, Еуропада ағымдар және көзге көрінбейтіннің барлығын: Құдайды, уахиды, періштелерді, екінші өмірді, тозақты, жәннатты жоққа шығаруға негізделген философия пайда болды. Атеизм мен жоққа шығару өзінің шарықтау шегіне марксизмнің пайда болуымен жетті.
Олар Ницшенің «Дін - халық үшін апиын» деген сөзін қабылдағандар және оларға ұқсайтындар. «Дін - байлар мен әдебиетшілерді, әлсіздер мен кедейлерді, келесі өмірдің кереметтерімен (қызықтарымен) алдандырып, ал өздері бұл өмірден ләззат алуы үшін ойлап тапқан қулығы», - деп түсінді. Маркс бұл туралы: «Адамды Құдай жаратқан жоқ, дұрысырағы бұл адам кұдайды ойлап тапты», — деген.
Р.S. Аллаһтың бар екенін барлық мұсылман халықтары мойындауымыз керек. Сол себепті елімізді, халқымызды имандылыққа шақыру негізінде Юсуф Қардауидың «Аллаһтың барлығы» деген кітабынан сіздерге үзінді жариялай отырып, осындай бұлтартпас айғақтардың куәсі болсаңыздар бізбен хабарласуларыңызды өтінеміз.
Түркі әлемі» газеті, №05 (53),