Тарихқа зер салып қарасақ, ардақты ислам пайғамбарынан (оған және оның ұрпақтарына Алланың нұры жаусын!) мұра болып қалған хат жазбалар аз емес. Олардың денін келісім шарттар, шақыру хаттар және де діни әдет-ғұрыптарға қатысты дүниелер құрайды. Сүйікті пайғамбарымыздың (с.ғ.с) жарлығы мен жазылған жалпы бұл деректерден оның саяси,әлеуметтік ахлағының толық бет бейнесін байқауға болады.
Әлем халықтарың әсіресе Хиджаз өлкесі тұрғындарың арасында орман заңы жүріп жатқан жағдайда Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) ұлы жаратушы тарапынан адам баласын тура жолға бастау қызметіне кірісті. Өзінің адамзат қоғамында ахлақты кемеліне жеткізу үшін іріктелгенін мәлімдеді. Адам өмірінің түрлі салалары атап айтқанда әлеуметтік, діни, саяси т.б айдындарындағы тәрбиелік мәні бар қөзқарастары соншама бай болғандықтан, он төрт ғасыр өтіп отырса да күні бүгінге дейін қоғам қажетін өтеп отыр. Солай болса пайғамбарымыз (с.ғ.с) салтындағы адам құқығы тақрыбына аз-кем шолу жасайық.
Адам құқығы мәселесі ертеден-ақ әр ұлттың назарында болған. Оның бегілерін көне өркениеттерден қалған ізден-ақ байқауға болады. Мысал ретінде б.э.-ға дейінгі 1700-жылы адам құқығына қатысты тұңғыш жарғы қалыптасты. Вавилондағы Хәмураби заңын күштілердің әлімжеттігі алдында өзін қорғап, әділет орнату үшін жасаған адамзат баласының алғаш ұмтылысы деп бағалауға болатындай.
Ислам тарихында бұл бағыттағы тұңғыш әрекетті Алла елшісі (с.ғ.с) пайғамбаршылық қызметіне кіріспестен бір неше жыл бұрын бастады. Жәбірленген жандарды қолдау үшін Меккеде бір топ жастар арасында жасалған “хелф әлфусул” сертіне қатынасты. Бұл сертті сонша сүйгендіктен ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с) кейініректе “егер ислам діні қанат жайғаннан кейін де осындай серт болғанда мен оны қабылдар едім”- деп айтатын.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Мәдине қаласында ислам үкіметінің негізін қелағаннан кейін ислам жолы мен бағдарламалары шеңберінде жарғылар мен заң ережелерді реттеуге кірісті. Бұл топтама шын мәнінде ислам мектебінің негізгі тіректерін құрайды. Осы бағытта ол хазірет, адам құқығының ең маңызды қырларының бірін өмір сүру хақысы деп жариялады. Надандық дәуіріндегі араптар өз қыздарын тірідей көміп, әйел атаулыны төмен және құнсыз деп санайтын әлемде, сүйікті пайғамбарымыз адам құқығын әсіресе әйел және оның өмір сүру хақысын қорғады. Құран аяттарын басшылыққа ала отырып, зұлымдық пен нақақтан нақақ кісі өлтіруді күллі адамдарды өлтірумен тең деп жариялады. Сондай- ақ “расында сіздердің ұлы жаратушы алдындағы ең ардақтыларың тақуаларың”-деген ұран бойынша ұлттар мен қауымдар арасындағы теңдік қағидасын талқылады. Барлық материалдық артықшылықтар, оның ішінде таптық, нәсілдік және жыныстық басымдыққа сауал тудырып, күлін көкке ұшырды. Бұл салада мұсылман ойшыл Шейх Мұхаммед Әлғазали исламдағы адамзат құқығы жайында былай дейді : “Исламда адамзат құқығы аймақтық алпауыт немесе халықаралық ұйым тарапынан қабылданған мәлімдеме яки бір үкіметтің сыйлығы емес, құдайшылық бастауы болғандықтан оны бұлжытпай орындау зәру. Ешкімге адамзат құқығы шегінен шығуға немесе оны пысқырып қарауға жол берілмейді.”
Бүгінгі таңда ылғи адамзат құқығын қорғауды сөз ететін батыс орталықтарында шындықтың жүзі іс жүзінде басқаша. Құрама штаттар Азияда тұтатқан бірнеше соғыс барысында халықтарды аяусыз қырды. Жапония халқы атом бомбасы мен және Вьетнам жұрты АҚШ-тың кассеталық бомбаларымен жаппай өлтірілді. Сондай-ақ Ауғаныстан мен Ирактағы қорғансыз халықтың соңғы жылдары жаппай өлтірілуі АҚШ үкіметінің адамзат құқығын бұзуының айқын фактілеріне жатады. Екінші жағынан АҚШ билеуші тобының өз сөзі мен ісінде адал еместігін күн сайын Палестина халқын аяусыз қанға бөктіріп отырған сионистік режимін Ақ үй қожайындарының шексіз қолдауынан-ақ байқауға болады.
Жарықтық пайғамбарымыздың (с.ғ.с)адамзат құқығын құрметтеу қөзқарасын көрсететін шараларының бірі, оның Наджран еврейлерімен жасасқан уағдаластығынан көруге болады. Бұл сертке хижраның тоғызыншы жылы Наджран мұсылмандар қолымен азат етілгеннен кейін қол қойылды. Онда жарықтық пайғамбарымыздың (с.ғ.с)исламдық мінез -құлқы айқын көрініс тапқан. Уағдаластықтың бір бөлігінде былай деп келтірілген:
- Алла елшісі Наджран халқының өз салт-дәстүрін сақтап қалу құқығын, сондай-ақ қауіпсіздігі мен мал мүлкінің қорғалуын ресми деп таниды.
- Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) монахтар, абыздар және священниктердің құқығы мен олардың мансабын ресми түрде мойындайды. Оларды өз дінін өзгертуге міндеттемейді. Осы шарт негізінде бірде-бір эпископ пен абыз өз қызметінен босатылмайды.
- Ислам пайғамбары Наджран тұрғындарының өз өлкесінде өмір сүру құқығын ресми деп таниды. Олардың қонысы мұсылман әскерінің жорығына ұшырамайды да толық қауіпсіз өмір сүреді.
Тұжырып айтқанда тарих, ардақты пайғамбарымыздің (с.ғ.с) азат етілген өлкелер мен өзіне бағынышты үкіметтерге адамгершілік қатынас көрсетіп, олардың құқығын аяқ асты етпегеніне куәлік етеді.
Дегенмен керісінше бүгінгі таңда демократия орнату желеуімен жаулап алынған Ирак елінің ұлттық байлықтары мен мұнайы басқыншылар тарапынан талан-таражға салынып, қарапайым халықтың жаны мен малы бөгде күштер дәмесінен қорғалмай отырғанына куә болып отырмыз.
Араб ойшылы Али Әбдулвафи исламды батыстағы адамзат құқығы төңірегіндегі байбаламдар мен салыстыра келіп, ислам адамзат құқығына қатысты қағидаларды толық үлгісінде ұсынуда өзге идеологиялардан әлде қайда басым тұрады. Ислам үмбеті жарықтық пайғамбарымыз (с.ғ.с) және оның ізбасары имам Али (ғ)-нің халифаттығы тұсында бұл бағдарламаларды іске асыруда өзге ұлттардан көш ілгері болды. Тіпті жаңа үлгідегі демократиялардың өзі де ислам жүйесі мен салыстырғанда тым мешеу қалған дейді.
Ал Мысырлық дін қайраткері әрі ойшыл, ғылым докторы Юсоф Қарзави болса былай дейді: “Батыс хақ деп санайтынды, ислам уәжіп және міндет деп есептейді. Бұл әлде көбірек сенімдірек, өйткені адам өз құқығынан бас тарта алады, дегенмен Алла тағала өзіне парыз еткен міндеттерге берік болып, оны орындауы тиіс.
Игі мінез-құлықтан көркем бейне ұсынатын ардақты ислам пайғамбарының (с.ғ.с) шынайы тұлғасы мен әлем жұртшылығының танысуы, ахлақ пен игілік жайындағы бүкіл жалған дау-дамайлардың бояуын кетіріп, нағыз адамзат құқығын көрсетеді. Сондықтан өздерінің капиталистік және байлық бастылық жүйелері саясында мемлекеттерді бодандыққа алып отырған астамшыл державалар, сүйікті пайғамбарымыздың (с.ғ.с) тағылымдары таратылуына жол бермеу үшін оның ұлық тұлғасына тіл тигізіп, мазақ қылуда. Демократия және адамзат құқығын ұрандайтын алпауыттардың өздері-ақ әлемде мазасыздық пен бейөберекеттіктің басты себепкері екендігі баршаға аян. Олар әлемде тәртіп пен қауіпсіздік орнатуға дәрменсіз. Адамзат қоғамын бақыт пен әділеттілікке жетелей алмайды. Қазіргі әлем пайғамбарлардың әсіресе ең соңғысы Мұхамметтің (с.ғ.с) асыл тағылымдарына сусап отыр.
Иран, Тегеран
Авторы: Жапарбай Шадкам