Геология саласында:
Құрлықтағы және мұхиттағы таулардың құрылымдары әрқилы. Құрлықтағы таулар негiзiнен берiк заттардан құралған. Ал, мұхиттағы таулар жанартау тектес тастардан түзiлген. Құрлық таулары қысым күшi салдарынан, ал мұхит таулары созылу күшi деп аталатын күштiң себебiнен пайда болған екен.

Екi таудың да негiздерi жердiң астында орналасып, жеңiл әрi тығыздығы аздау заттардан құралған. Бұл құрылымдар тiрек қызметiн атқарып, Архимед ашқан заңға сәйкес тауларды ұстап тұрады. Құдiреттi Аллаһ Тағала айтты: «Тауларды қазық еттiк» (Нәбә 78:7).

Ғылыми-зерттеулердiң нәтижесiнде таулар - жер қыртысының берiк орнығуына үлкен үлес қосатындығы дәлелденген. Бұл туралы Қасиеттi Құранда сөз болады. Аллаһ Тағала айтты: «Оған таулар орналастырды» (Назиғат 79:32) және «Сендердi теңселтпеу үшiн жер жүзiнде асқар тауларды орналастырдық...» (Нахыл 16:15).

Құранда сондай-ақ, ғаламның жаратылуы жөнiнде де хабарлар бар: «Қарсы болғандар негiзiнде көктер мен жердiң тиiсiп тұрғанын, екеуiн ажыратқанымызды... көрмей ме? Сондай-ақ сенбей ме?» («Әнбия» 21:30).

Бұрын жұлдыздар мен планеталардың жаратылуы жөнiнде көптеген жорамалдар айтылатын. Бiрақ бүгiнгi заманның аппараттарының көмегiмен және ғарыштық зерттеулер нәтижесiнде көктегi жұлдыздар түтiндi еске түсiретiн газ күйiндегi заттардан пайда болғандығы дәлелденiп отыр.

Бүкiл ғалам содан жаратылған. Мiне, осылайша барлық жұлдыздар әдепкiде газ күйiнде немесе түтiн тәрiздес заттар болған. Ол жөнiнде Құран Кәрiмде: «Сосын ол көкке жөнелдi. Ол бiр түтiн едi...» (Фуссилат 41:11).

Dala men Hala