Іргетас басқы бет | Бастапқы бет ретінде орнату | Жиі қолданымға қосу | Кері байланыс | Сайт картасы Хабар қосу
Басқы бет | Жаңалықтар | Әдебиет | Ислам | Пікірталас | Әндер | Суреттер | Құжаттар | Чат
  Сайттан іздеу     » Көп амалды іздеу
Бөлімдер
Архив
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Сауалнама: Талғам
Жаңалықтар
Қазақ елі
Әдебиет
Ислам
Басқадай


Балаларға арналып дайындалған мына шағын тәмсiлдердiң үлкендерге де ой салары хақ.


image
Аллаһ разылығы үшiн ораза ұстау - бiздiң жанымызды да, тәнiмiздi де тазартып, сауықтырады. Өйткенi, ораза белгiлi бiр уақытта тамақ iшуден тыйылу ғана емес, ол сенiң бойыңда өтiрiк айтпау, мақтанбау, азға қанағат ету, ашуланбау, өкпелеткен кiсiңдi кешiру, жақсылық жасау сияқты көркем қасиеттердi қалыптастырады.


Адам таңертеңнен кешке дейiн аш жүргенiмен өтiрiк айтуды қоймаса, бiреуге жәбiр көрсетсе, жаман iстер iстесе, оның оразасы қабыл болмайды. Ал, ораза ұстаудың денсаулыққа пайдасы орасан зор екенiн қазiргi медицина ғылымы дәлелдеп бердi.


БҰЗАҚЫ АЮ

Бiр бұзақы жас аю өткен-кеткендi соқ­тықпай құр жiбермейтiн болыпты. Сол өңiрдегi тәртiпсiздiктiң бәрi соның атымен байланысты бола бергесiн үлкен аю оған кеп: - Балам, саған тентектiгiңдi қой демеймiн.


Бiрақ сен былай жасап көршi, бүгiннен бастап сен жұртқа жақсылық жаса да, әр жасаған жақсылығыңның есебi ретiнде бiр тастан қапшыққа салып отыр. Қапшық тасқа толғанда маған көрсет. Жарай ма? - дейдi.

«Оның қиын несi бар?» деп ойлаған бұзақы аю келiсе кетедi. Сонымен жас аю жақсылық жасап, қапшықты тез толтырып, үлкен кiсiден құтылғысы келедi. Ал, бұзықтықты сосын-ақ үлгередi...

Сонымен бiр ай уақыт өткенде, қапшық та толады. Бұзақы аю үлкеннiң алдындағы мiндетiн, уәдесiн аман-есен орындап, ендi өзiнiң «сүйiктi iсiмен» айналысайын десе жамандық жасай алмай қалыпты. Бiр ай бойы тек жақсылық жасаумен болған кiсi жамандықты жатырқайды екен.
Рамазанда өзiн терiс iстерден тыйған әр адам имандылыққа бiр табан болса да жақындайтын көрiнедi.

ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚ ОРАЗА


Отыз жыл ораза ұстаған адам бiрде құдық басына келiп, су алу үшiн кезекке тұрады. Ол кезек қанша үлкен болса да, таласып-тармаспай сабыр сақтап тұрғанда, кезектiң соңғы жағынан бiреу айқайға басып:

- Мен бүгiн оразамын! Кезек берiң­дер. Қарным ашты, шөлдедiм! - деп шу шығарады.

Әлгi айқайшы әр адамға соны айтып, бiр­тiндеп алға жақындай бередi. Отыз жыл бойы ораза ұстаған кiсi басында мән бермей тұрғанмен, бiр кезде шыдамы таусылып:

- Әй, бауырым, егер ораза тұтқанға жол беру керек болса, отыз жыл бойы ораза тұт­қан мен бiрiншi алуым керек емес пе?

Сен неге бiр күн тұттым деп, елдi қырып кете жаздап тұрсың?! - деп ашуланыпты.

Сонда әлгi кiсi қарқылдап күлiп жiберiп:
- Саған отыз жыл бойы сөзiм өтпеп едi. Ендi мiне, оразаңды мiндет қылып, бар сауабыңнан айырылдың.

Маған да керегi осы едi, - деп көзден ғайып бопты Шайтан.

416 рет оқылған | Nov 18,2006 | жазған: | irgetas
Ұқсас хабарлар

Бұл жазбаға сәйкес ештеме табылмады
Бұл жазба сізге ұнадыма?
Rating: 4.93Rating: 4.93Rating: 4.93Rating: 4.93Rating: 4.93 (барлығы 40 дауыс)

comment Пікір жаз (1 жазылған) 
  • Салеметсіздерме,барша мұсылман қауымы! жазылған мақала маған өте ұнады!
(Уақыты April 10, 2010, 4:29 AM Әсел)


Ең көп оқылған
Сілтемелер
Жазушылар