1. Алла Тағала көршілерінен келген қяматқа шыдамдылықпен төзген және бұл үшін Алланың рахымын күткен адамдарды ұнатады.
2. Қайғылы жағдайда бастапқы сәтінде ұстамдылық көрсету- шын сабырлылық болып саналады.
3. Үлкен толқу кезінде у-шудан аулақ болу немесе басына қайғы түскенде нағыз төзімділік көрсету тек шынайы бақытты адамның ғана қолынан келеді.
4. Алла Тағаланың көмегі де мұқтаждыққа қарай беріледі. Қайғы қандай болса, сондай төзім беріледі.
5. Сіздің бойыңызда Алла Тағала сүйетін екі нәрсе бар, олар: әрбір істегі жұмсақтық ( көңгіштік) және төзімділік.
6. Сіздердің іштеріңіздегі ең батылдарыңыз кім екенін айтайын ба? Ол - ашуын ақылға жеңдіре білген адам.
7. Істі сабырмен және төзіммен атқару - Алланың ісі, ал асығыстық - шайтанның ісі.
8. Сөзбен істе сабырлы болу, қай істе де орта тұста жүру, ерекше көзге түсу - пайғамбар үлесінің жирма төрттен біріне қол жеткізу деген сөз.
9. Пайдасы бар төзім - қайғының бас кезіндегі шыдамдылық.
10. Егер кімде кім басына түскен қайғыға төзімді болса, Алла бергеніне разы болса, өзіне жамандық жасаған адамы кешірсе, өз жамандығына кешірім сұраса, ол адам жолдағы адам деп саналады да пале - жаладан аулақ болады.
11. Кімде-кім өз ісін ойлап-пішіп, төзімділікпен атқарса, оның тілегі қабыл болады немесе соған жақындайды, кімде -кім асықса, шатасады немесе соған жақындайды.
12. Кімде- кім өз ашуын баса білсе, Алла оған деген өз жазасын қайтып алады, егер біреу тіліне тыйым салса, Алла Тағала оның кемшілігін жасырады.
13. Кімде- кім дұшпанымен соғысу үстінде өлгенше немесе жеңілгенше дейін шыдаса, ол о дүниеде қиналмайды.
14. Адамдар басына өз діндерін сақтауға қажетті төзім мөшері қолмен көмірдің жанған шоғын ұстауға қажетті төзімнің мөшеріндей болатын күн туады.