Іргетас басқы бет | Бастапқы бет ретінде орнату | Жиі қолданымға қосу | Кері байланыс | Сайт картасы Хабар қосу
Басқы бет | Жаңалықтар | Әдебиет | Ислам | Пікірталас | Әндер | Суреттер | Құжаттар | Чат
  Сайттан іздеу     » Көп амалды іздеу
Бөлімдер
Архив
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Сауалнама: Талғам
Жаңалықтар
Қазақ елі
Әдебиет
Ислам
Басқадай


МҰСЫЛМАННЫҢ ТУЫСТАРЫМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ


image

Ол жаратылысынан жақсылық пен сенімге жақын

Расында, өзін ұстанатындарды достарына сеніммен қарап, жақсылық жасауға үйретеді, бұл "Мұсылман өзінің ата-анасымен бірге" деген тарауда айтылғандай, ата-анасы сияқты достарына да осылай қарау қажеттігін білдіреді. Оның бұлай ету себебі - сенімділік қасиетін жоғары бағалап, бауырмалдық пен достық байланысын аса маңызды іс деп санауында жатыр. Біздің тарихи мұраларымыз туралы кітаптарда алдымыздағы ұрпақтардың жақсылық пен сенімділік қасиеттерінің көптеген мысалдары келтіріледі, олар мұны адамдардан игілігі үшін істеген.

Бұған төмендегі хадистің тікелей қатысы бар, бұл хадис имам Мүслімнің "Сахих" еңбегінде келтіріліп, Ибн Омар, ради Аллаһу анһу, жеткізген, онда Пайғамбар Әлиге, ради Аллаһу анһу, былай дегені айтылады:

"Расында, әкесі ұнатқан адаммен байланыс жасау құрмет білдірудің жоғары көрінісі болып табылады"

Абдуллаһ бин Динар айтып жеткізгеніндей, бірде бәдәуилердің біреуі Абдуллаһ бин Омармен, ради Аллаһу анһу, Меккеге барар жолда жолыққанда, Абдуллаһ бин Омар онымен амандасып, оны өзінің есегіне мінгізеді және өзінің басындағы шалмасын шешіп алып, оған сыйға тартады.

Ибн Динар былай дейді:

"Одан соң біз оған: "Аллаһ Тағала сенің істеріңді оңға бастасын! Өйткені, бұл аздың өзін де қанағат ететін бәдәуи! " дедік. Бұған Абдулаһ бин Омар бы-лай жауап берді: "Расында, Омар бин Әл-Хаттаб бұл адамның әкесін жақсы көрді, мен Аллаһтың елшісінің, мына сөзін естідім, ол айтты: "Расында, әкесі жақсы көрген адамның отбасы мүшелерімен байланыс жасап тұру - құрмет білдірудің жоғарғы көрінісі болып табылады " ". ( Мүслим )

Аллаһтың елшісі, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, үнемі мұсылман жүрегінің таза болуына қамқорлық жасады, оған сенім ұрығын егуге тырысты, осылай етуге қолайлы жағдай туған кездің бәрінде де ол өзінің өсиеттері мен нұсқауларын айтып отырды. Бірде оған Бану салам руынан бір адам келгені туралы айтылады, ол:

"О, Аллаһтың елшісі, мен өзімнің ата-аналарыма олар өлгеннен кейін құрмет көрсете аламын ба? "деп сұрады. Ол былай жауап берді:

" Иә, егер олар үшін дұға қайыратын болсақ, олар үшін кешірім сұрасақ, олар өлгеннен кейін өсиеттерін орындайтын болсақ, өзіңнің ата-аналарың арқылы танысқан адаммен қарым-қатынаста болып, ата-аналарымыздың достарына құрмет көрсететін болсақ ". Абу Дауд және Ибн Маджа, Ибн Хаббан)

Алланың елшісінің өзіне келсек ол достыққа өте сенімді болды. Расында, бұл Ислам сенімнің үлгісі болып табылады, оны ешқандай басқа сенім ауыстыра алмайды. Шариғат қағидаларына сәйкес, сүйіспеншілік, шынайылық, жақсылық пен сенім адамда кез-келген жағдайда өз бауырына көмек көрсетуі барынша көрініс табуы тиіс. Бұл көмек бауырының ісі дұрыс болған жағдайда да, оның ісі теріс болғанда да көрсетіледі, бірақ соңғы жағдайда оған дұрыс ақыл-кеңес беру арқылы жасалуы қажет. Абзал елші адамдарды осыған шақырды. Ол былай деді:

"Адам өзінің бауырына қандай жағдай болғанда да көмек жасауы қажет " ( Мүслим )

Өйткені, Ислам адам өзіне не тілесе, бауырына соны тілеуге үйретеді. Бұл Ислам ықпалымен қалыптасқан шынайы, абзал мұсылманға тән қасиет болып табылады.

Ол өзінің бауырларына жақсылық жасайды

Өз дінінің қағидаларын меңгерген және оның құндылықтарын бағалайтын шын мұсылман өз бауырларына сыпайы, мейірімді қарым-қатынаста болады және олар мұны жақсы көргендей, бұл да оларды жақсы көреді. Бұлай еткенде ол лайықты адамгершілік қасиеттерге баулитын Ислам нұсқауларын басшылыққа алады. Сонымен бірге Пайғамбарымыз, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, өсиеттерінде мұсылманды жақсылық жасауға үндейді. Ол былай дейді:

"Расында, жақсылық қайда болса, әсемдік те сонда, ал жақсылықтан айырылған міндетті түрде сиықсыз болады." ( Мүслим )

Абзал елшінің тұлғасы туралы өмірбаян жазбаларында оның мейірімді, ибалы, кең жүректі, адамгершілік иесі болғаны, ешкімді ренжітпегені туралы айтылады. Бұл туралы Анас, ради Аллаһу анһу, Пайғамбардың қызыметшісі болған адам былай дейді:

"Алланың елшісі ешқашан да дөрекі сәз айтқан емес, кейде біреуге ренжігенде: "Бұған не болды? Оның маңдайына шаң жұқсын!" дейтін. ( Әл-Бухари)

Бұл сөздің түсіндірмелерінің бірінде Пайғамбар бұлай дегенде, ол Әлиден бұл адам құлшылық етіп, жақсылық жолына түсуін сұрағаны туралы айтылады.

Ол оларды қарғамайды

Шынайы мұсылман өзінің бауырлары мен достары туралы жаман сөз айтып, оларды қарғаудан бойын аулақ салады. Өйткені, ол адамдар туралы жаман сөз айтуға Құранда тыйым салынғанын біледі.

Құранда былай делінген:

"Әй, мүминдер! Күмәннің көбінен сақтаныңдар. Өйткені күмәннің кейбірі күнә. Сыр төксеңдер, біреуді біреу ғайбаттамасын". (Хужурат 49-12)

Расында, Ислам қағидаларын берік ұстанатын, оның адамгершілік прициптерімен жүретін мұсылман біреудің сыртынан жаман сөз айтудан бойын аулақ салады, ондай адамды Құранда қалай суреттелгенін көріп, оған денесі тітіркенеді, өйткені, біреудің сыртынан жаман сөз айту оның етін жегенмен бірдей.

Мұны көз алдында елестеткен мұсылман бірден адамгершілік жолға оралады, жоғарыдағы аяттың соңғы жағында айтылғандай, шын жалбарынып, Аллаһтан кешірім сұрайды, егер ол біреудің сыртынан жаман сөз айтып қойып, бірақ одан кейін жақсы сөзден басқа ештеңе айтпаған болса, онда абзал Елшінің мына сөзін есінде ұстағаны, бірде ол адамдардан: "Сіздер білесіздер ме, жаман сөз деген не?" деп сұрағанда, олар: "Бұл туралы Аллаһ және Оның елшісі жақсырақ біледі" деп жауап берді.

Пайғамбар: "Бұл - сенің бауырың туралы оған ұнамайтын сәз айтқаның" деді. Біреу: " Егер менің бауырым іс жүзінде сондай бәлек болса мен қалай айтуым керек?" деп сұрады. Пайғамбар: "Егер ол сен айтқандай, шынында солай болса, демек, сен ол туралы жаман сөз айтып тұрғаның, ал егер ол ондай емес болса онда сен оған жала жапқаның!" деді. (Мүслим).

Расында, Құдайдан қорқатын мұсылман ашық та жасырын түрде де жаман сөйлеуден бойын аулақ салады, өз бауырының етін жейтін адамға ұқсамауға, өз тілі өзін тозаққа қарай бастайтын болмауына тырысады. Мұндайдың болу мүмкіндіі туралы Муғаз, ради Аллаһу анһу, ескертеді, бірде Пайғамбар тілін қолымен ұстап тұрып, былай дейді:

'Тіліңе ие бол!". Муғаз: "О.Аллаһтың елшісі біздің не айтқандарымыз жазылып отырама?" деп сұрады. Пайғамбар қатты дауыстап: "Адамдар өздерінің өсек сөздерінен басқа да бір нәрселер үшін беттері (немесе: .....мұрны) отқа күйдіріле ме?!" деді". Ибн Маджа.

Расында, бос сөз сөйлеу нағыз еркекке жараспайтын, нашар мінез болып табылады. Бұл қорқақ әрі екі жүзді адамға тән қылық, олар өздерінің бауырлары мен достарын басқа адамдарға жамандайды, ал олардың өздерімен жолыққанда күліп оларға дос ниетті адамға ұқсауға тырысады.

Бұдан көрініп тұрғандай, нағыз мұсылман бәрінен де бұрын бос сөзділік пен екі жүзділіктен бойын аулақ ұстайды, өйткені Ислам оны ерлікке, турашылдыққа тәрбиелеп, сөз бен істері адалдыққа баулиды, өркөкіректік, екіжүзділік және батылсыздыққа келетін болсақ, Ислам одан аулақ болуға шақырады, өйткені екіжүзді адамдарды Ислам Аллаһ алдындағы ең нашарлардың қатарына қосады, бұл туралы Аллаһтың елшісі былай дейді:

"Ақырет күні сен көресің: Аллаһ алдындағы ең жаман адамдардың қатарында біреуі бір бетін, екінші біреуі басқа бетін көрсететін адамдар тұрады". Әл -Бухари, Муслим және басқа Мухаддистер.

Расында, нағыз мұсылманның тек бір беті ғана бар, екеу емес және бұл нұрлы да жарық бет. Бұл бетінен ол белгілі бір адамдарды ғана қарсы алмайды, барлық адамдарды бірдей қарсы алады, өйткені, ол екіжүзділік пен өркөкіректіктің көрінісі екенін, ал Исламмен өркөкіректің бірге бола алмайтынын біледі. Және ол екіжүзді адам -бұл өркөкірек, ал өркөкірек адамдар тозақтың ең түбінде болатынын есінде ұстайды.

Ол достарымен дауласудан қашады, ренішті қалжыңдар айтудан сақтанады және өзінің уәдесін бұзбайды

Нағыз мұсылманға тән қасиеттерінің бірі мынадай: ол өзінің бауырлары мен достарын мәнсіз дау-шарамен шаршатпайды, оларды ренжітетін әзілдер айтпайды, оларға берген уәдесін бұзбайды, бұл ретте ол абзал Елшінің мына өсиетін басшылыққа алады, ол былай дейді:

"Өзіңнің бауырыңмен таласпа, оны қалжыңмен қағытпа және оған берген уәдеңді бұзба". Әл-Бухари "Әл-адаб Әл-Муфрадта".

Бұл жерде жанжалдасуға, жауласуға себеп болатын талас сөз туралы айтылып тұр және әзілдің де мөлшерін біл дегенді айтады. Себебі мұндай талас-тартыстар жақсылықпен аяқталмайды, ренжітетін қалжыңдар көбінше өзара қарым - қатынасты бұзады, ал уәдені бұзу жанды түршіктіріп, жүректегі мейірімді азайтады, адамдар бірін-бірі сыйламайтын болады. Сондықтан нағыз мұсылман мұның бәрінен де аулақ болады.

«Шапағат нұр» ислам тану журналы

qazaq.kz


554 рет оқылған | Dec 06,2006 | жазған: | irgetas
Ұқсас хабарлар

Бұл жазбаға сәйкес ештеме табылмады
Бұл жазба сізге ұнадыма?
Rating: 5.00Rating: 5.00Rating: 5.00Rating: 5.00Rating: 5.00 (барлығы 29 дауыс)

comment Пікір жаз (2 жазылған) 
  • okuga tili ote kizn eken daua jok kundy material, birak sony kop kiyndatpai jetkizuge bola ma? birinshi soilemdi ali de tusine almai otyrmyn. :(
(Уақыты December 10, 2006, 12:35 PM Nurshash)

  • rahmet
(Уақыты December 6, 2006, 10:35 AM mengoy)


Ең көп оқылған
Сілтемелер
Жазушылар