Іргетас басқы бет | Бастапқы бет ретінде орнату | Жиі қолданымға қосу | Кері байланыс | Сайт картасы Хабар қосу
Басқы бет | Жаңалықтар | Әдебиет | Ислам | Пікірталас | Әндер | Суреттер | Құжаттар | Чат
  Сайттан іздеу     » Көп амалды іздеу
Бөлімдер
Архив
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Сауалнама: Талғам
Жаңалықтар
Қазақ елі
Әдебиет
Ислам
Басқадай


ҚҰДАЙДАН ҚОРҚЫП, АРУАҚТАН ИМЕНЕР ЕМЕС


image

Тараз қаласында Абай, Шоқан және Кенен есімдері біржола ұмытылды

Алдымен Абай туралы. Дәлелді дәйекке жүгінелік. 1974 жылы басылған қазақ совет энциклопедиясында, яғни, соның 4 томының 254-бетінде тайға таңба басқандай былай жызылыпты. «Жамбыл драма театры — Жамбылдың Абай атындағы облыстық қазақ драма театры. 30 жылдардың басында драма үйірмесінің дәрежесінде болды... 1940 жылы облыстық казақ драма театры болып қайта кұрылды, ал 1945 жылы оған Абай Құнанбаевтың есімі берілді».

Міне, беделді анықтамалық үлкен кітапта дәл солай делінген. Өйткені, 1945 жылғы мамыр айында ұлы Абайдың туғанына 100 жыл толуы елімізде кеңінен мерекеленген болатын. Үкімет қаулысымен ақын аты облыстық қазақ драма театрына берілді. Бұл шығармашылық ұжым үшін ғана емес, бүкіл облыс жұртшылығы үшін үлкен мәртебе саналды.

«Жер астынан жік... шықты» демекші, содан жарты ғасырдан астам уақыт өткеннен кейін, бұған күмән келтірушілер кылаң беріп, басқа жұмыстары жоқтай архивті ақтара бастапты. Мұның кімге, не үшін қажет болғанын сәл кейінірек білеміз.

Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайтыны белгілі. Абай есімінің облыстық қазақ драма театрына «заңсыз» берілгендігінің «негізін» қалаушы Меркідегі сиыршы ауылынан шыққан, бұрынғы коммунист, белгілі сары тіс идеолог екен. Бұл мырзаның аты-жөні Әлмұхан Исақ «Отан» партиясының облыстағы басшыларының бірі. 1995 жылы Абай Құнанбайұлының 150 жылдығы президентіміз Н. Назарбаевтың бастамасымен ЮНЕСКО шеңберінде бүкіл әлемде зор салтанатпен тойланғаны белгілі.

Ә. Исақтан «дәріс» алғандар ұлы Абай аруағына қырын қарауды «шығармашылықпен» жалғастыра түсті. Олар Елбасының халықтың ынтымағын нығайту жөніндегі тапсырмасын орындауда біліксіздікке жол берді. Қандай бір мәселе болсын мемлекеттік тұрғыдан емес, рушылдық аясында шешілді. Көп алдында Төле би бабамыз былай деген: «Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін, рушыл у ішсін» деп сайрағанмен, былай шыға бере ескі әуеніне басады. Сондай рушылдардың біразы мектепте Абайдың өмірбаянын жөнді білмепті. Енді қайтадан ежелеп оқып, оның Жамбыл өңірінде тумағанына көз жеткізіп, талқан болып ашуланады.

Тоқ етерін айтсақ, Абай есімі осыдан тоғыз жыл бұрын театрдан неге алынып қалғанын облыс әкімі мәдениет басқармасының бастығы Ә. Әмзеұлынан сұраған едік. Оның жауабынан ұққанымыз: архивтен театрға Абай есімі берілгендігін куәлендіретін құжат табылған көрінеді.

Енді Шоқан Уәлиханов туралы. Тараздың қақ ортасындағы сәулетті ғимарат бұрын Шоқан Уәлиханов атындағы кинотеатр аталатын. Жекешелендірудің жөн-жосықсыз талапайы кезінде бұл мәдениет орны да қолды болып кете барды. Мұны иеленген мәдениетке ешбір қатысы жоқ А. Момышев деген мықты көрінеді. Ол кезінде Жамбыл ет комбинатының шаңырағын ортасына түсірген сабаз еді. Қазір де майлы жіліктің басын ұстап отыр.

Момышевтың қазақ хандарының ордасы, Шоқанның кіндік кесіп, кір жуған жері Көкшетауда алғашқы еңбек жолын бастап, қазақтың елім деген адал ұлдарының бірі марқұм Еркін Әуелбековтың қамқорлығында болып, ол кісінің жақсылығын көргенінен хабардар едік. Қысқасы, көкшетаулықтарға Момьшевтың алғыстан басқа айтары жоқ деп білеміз. Қазақтың мақтанышына айналған Шоқанға оның неге теріс қарайтыны мүлде түсініксіз.

Социализм кезінде кинотеатрдың төбесіне әдемі етіп, айшықталып жазылып қойылған Шоқан Уәлихановтың есімін тап бір кегі бардай балталап бұздырып тастағаны қалай? Аруаққа шет болуы лайық па? Момышев мырза мұны түсінбейді деуге болмас. Тектұрмас әулиеге күмбез салдыртып, Құдайы беріп, кұран оқытыпты дегенді құлақ шалған. Соны Шоқан Уәлихановқа неге жасамайды? Әлде аруақтар да руға бөліне ме? Мен осы мақаланы жазар алдында сол ғимаратта тағы болдым. Бәз-баяғы Шоқанның есімі өшірілген қалпы.

Сөз соңында Кенен туралы. «Кенен, Кенен дейді ғой елдің бәрі, Құлағымнан кетпейді салған әні...» деп Жәкең жарықтық, Жамбыл жырға қосқан Кенен емес пе, ол кешегі. Дана ән-жырының жампозы атанған, біртуар майталман атында Тараздың солтүстік-шығыс бөлігіндегі Төңкеріс аталатын жерде зәулім кинотеатр өткен ғасырдың жетпісінші жылдары бой көтерген еді. Ол осы маңайдағы қала тұрғындарының мәдениет орталығы болатын. Қазір сол «Асыл-Арман» дейтін мейрамханаға айналған.

Байлыққа кұнығу, мәдени құндылықтарды аяққа таптау, еліміздің даңқты ұлдарының аруақтарын қорлау сұмдық емес пе? Осы біз қайда кетіп барамыз?

«Жас қазақ» газеті, №47 (99), 01.12.2006ж

qazaq/kz


567 рет оқылған | Dec 01,2006 | жазған: | irgetas
Ұқсас хабарлар

Бұл жазбаға сәйкес ештеме табылмады
Бұл жазба сізге ұнадыма?
Rating: 4.84Rating: 4.84Rating: 4.84Rating: 4.84Rating: 4.84 (барлығы 19 дауыс)

comment Пікір жаз (0 жазылған) 

Ең көп оқылған
Сілтемелер
Жазушылар