Ана туралы жыр
Сөзін жазған: Ғ. Қайырбеков
Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр күнін,
Жинадың сен маған.
Сен берген Құстардың,
Қанаты самғаған,
Балалық құшатрым,
Өзіңе арналған.
Қайырмасы:
Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісін.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңілді көктемдей,
Көзіңнен танимын.
Өтеуге борышым,
Анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін,
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ме ай, күнін,
Қолыма түспеді.
Қайырмасы:
Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісін.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңілді көктемдей,
Көзіңнен танимын.
Халық арасында көп айтылып жүрген өлеңдердің бірі
жаттап алып тойларда шырқаңыз.