Ақан сері
ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың әнші-ақындарының көрнекті өкілдерінің бірі Ақан Қорамсаұлы
.
Ақан 1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысының, Айыртау ауданында Қоскөл деген жерде туған. Шын аты Ақжігіт екен, ата-анасы еркелетіп, Ақан атандырып жіберген.
13 жасында әкесі Ақанды діни мектепке оқуға береді. Бірақ ұғымтал, сергек ойлы бала дүмше молданың шалдыр шатпағына көнбей, оқуды тастап кеткен. Одан кейін Қызылжар ( қазіргі Петропавловск ) қаласында Уәли дегеннің медресесіне екі-үш жылдай дәріс алған.
Бұл мектептердегі оқуды хат тану үшін пайдаланғанмен, Ақан дін шарттарын еш уақытта орындамаған. Жасынан ән-жырға үйір жас жігіт он алты он жетіге келгеннен кейін-ақ қолына домбыра алып, ән салған, өлең шығарып айтқан. Маңына ақын, әнші, домбырашы,палуан - неше түрлі өнерлі жастарды жинап, серілік, салдық жолына түскен. Ит жүгіртіп, құс салып, аңшылық құрған. Алғыр қыран құс ( оны " Қара торғай" деп атаған), жүйрік тазы (" Базар ала") ұстаған. Кейін атақты Құлагер деген жүйрік атқа ие болған. Ақанның осындай өзгеше өмірі мен дарқан мінезін, сырлы әні мен өткір сөзін сүйген халық оны " сері" атандырған.