Іргетас басқы бет | Бастапқы бет ретінде орнату | Жиі қолданымға қосу | Кері байланыс | Сайт картасы Хабар қосу
Басқы бет | Жаңалықтар | Әдебиет | Ислам | Пікірталас | Әндер | Суреттер | Құжаттар | Чат
  Сайттан іздеу     » Көп амалды іздеу
Бөлімдер
Архив
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Сауалнама: Талғам
Жаңалықтар
Қазақ елі
Әдебиет
Ислам
Басқадай


АЛЛАҺТАН БАСҚА ТӘҢІР ЖОҚ


image

Кез келген адам жүрегімен қандай да бір ұлы күштің бар екендігін сезінеді. Бүкіл жаратылыс және кеңістіктегі нәрселер мұқият зерттелсе барша нәрсе өз-өзінен пайда болып қалмағандығын және оларды бір шебер жаратушы жаратқандығын сеземіз. Адамзат тарихына, ой өрістің дамуы тарихына үңілсек, жаратушы күшке болған сенім сол жаратушының бар екендігіне келтірілген дәлелдерден бұрын өмірге келгені белгілі болады. Өйткені адамның табиғатында ұлы күшке мұқтаждық деген сезім бар. Бұл сезім адам өзін әлсіз, дәрменсіз екенін сезініп өзінің күш қуаты, ақылы жетпеген әр қандай жағдайға (іске) тап болған кезде пайда болады.

Мысалы: кемеге мініп қатты толқынға кездескен кезде немесе жау қолына түскенде, не ауруға шалдығып, өлім қаупі туғанда немесе өз еркінен тыс құбылыстардың куәсі болғанда, жер сілкінсе, вулкан атқыласа, қатты нөсер жаңбырдың жаууымен жер бетін орасан зор су жайлағанда, керісінше, жайбарақат тыныш өмір барысында айналадағы жаратылыстың көркемдігін тамашалап және бұндай тамаша көріністің шебер қолдың шексіз Иесінің құдіретін мойындаған уақытта пайда болады.

Аллаһтың бар екендігіне ең үлкен дәлел -біздің галактикамыз, өзіміз өмір сүріп тұрған жер және оның айналасындағы сан жетпейтін жұлдыздар жайында ой жүгіріп ойлап көрсек, адамды таң қалдыратын ғажайыптарды көреміз. Бұларға ойлы көзбен назар салған кісінің, әлбетте жаратқан Аллаһқа иманы, сенімі артпасына лажы жоқ. Құрандағы көптеген аяттарда міне осы галактиканың жаратылысына, аспан мен жерге назар салып, ой жүгіртіп, олардың сырларын біліп, өзінің иманын күшейтіп күмәннан айырылуға шақырады.

Жүніс сүресінде:

"-Ей, Пайғамбар көктер мен жердегі нәрселерге назар салыңдар". (101) деген болса, Ағраф сүресінің 185 аятында: -"Олар көктер мен жердегі Аллаһтың мүліктеріне және Аллаһ жаратқан нәрселерге назар салмай ма?" деген. Және Құран Кәрімдегі Анкабут сүресінде 44-аятта: - "Аллаһ көктер мен жерді шындықпен жаратты, әлбетте, мұнда мүминдер үшін белгілер бар" Фуссилат сүресінде 37-аятта: -Түн мен күндіз, күн мен ай Аллаһтың белгілерінен. Күнге де айға да сәжде қылмаңдар. Егер ибадат қылмақшы болсаңдар оларды жаратқан Аллаһқа ғана ибадат қылыңдар", - делінген.

- Түн мен күндіздің алмасып тұруы білуімізше жердің өз өсінен айналуынан пайда болады. Бұл айналу Аллаһтың бар екендігіне ең айқын дәлел бола алады. Өйткені бұл айналу сондай жүйелілікпен жолға қойылған және одан бір уақыт айнымайды. Металдан жасалған бірнеше бөліктен сағат күніне бірнеше секунд қателеседі. Сондай болса да біз оны жүдә дұрыс жүреді деп мақтаймыз. Сағат пен жер шарын салыстырып көріңізші! Миллиондаған тонна ауыр жер шары бір секундқа; секундтың жартысында да қате қылмайды. Егер жер өз өсінде айналып тұрмаса, мұхиттар мен теңіздер сусыз болып қалар еді. Егер жер өз өсінен сәл ғана жәй айналса дүниедегі барша нәрсе суықтың немесе ыстықтың себебінен жойылып кетер еді.

"Тауларды көрсең тура орнынан жылжымай тұр деп ойлайсың, негізінде олар бұлт сияқты жылжып тұрады". Міне, осы аятта жердің айналуы оның бетіндегі ең үлкен тауларды мысал қылып келтірген. Таулар жерге қадалып тұрған нәрсе болғандықтан таудың қозғалуы жердің козғалуы деген сөз.

Барша әлем және адам

Көзге көрініп тұрған және көзімізге көрінбейтін бүтін барлық заттар биік құдірет иесі Аллаһ Таһала тарапынан жаратылған. Адам болса, барша әлемнен біраз кейін жаратылған. Бастапқыда жалғыз Аллаһ Таһаладан басқа бірде нәрсе жоқ еді. Хақ Тахала өзінің бар екендігін, ұлылығын, құдіретін білдіру үшін ұлы хикметімен (даналығымен) көктерді, жерді, өсімдіктерді жоқтан бар қылды. Сосын кезек адамның жаратылысына келді.

Жеріміздің "кищр" деп аталушы қабатын тексерген геолог ғалымдар жер жүзіндегі өмірді төрт дәуірге бөлген. Бұл ғалымдардың ойынша, жер жүзіндегі бірінші адамның сүйегі (скелеті) үшінші дәуірдің ақырларында Оңтүстік Африкадан табылған екен. Адамдардың жаралуы туралы Батыс және Шығыс ғалымдары арасындағы пікірлер, көзқарастар әртүрлі. Бірақ қазіргі кезде адамзат бір негізден, бір тұқымнан , бір ата және бір анадан тарқағандығын ғылым ақиқат деп тапқан. Бұл нәрсе көпшілікке сыр болмаса керек.

Аллаһ Таһала Құран Кәримде былай деген:

- "Ей адамдар! Сендерді бір жаннан (Адам атадан) жаратқан және одан оның жұбайы (Хауа ананы) жаратып ол екеуінен көп ер, әйелдерді тарқатқан Раббыларыңнан қорқыңдар" (Ниса 4:1).

Аллаһ Тахала Хужрат сүресінде былай деген:

- "Ей адамдар, ақиқатта біз сіздерді бір еркек (Адам) және бір әйелден (Хауа) жараттық және де бір-біріңізбен танысуларың үшін халықтар және тайпалар етіп қойдық... Әлбетте АллаҺ білуші , әр нәрседен хабардар". (Хужрат 49:13)

Аллаһ Таһала адамдардың атасы Адам атаны топырақтан жаратты. Ғалымдар адамның құрамында топырақ көп екендігін дәлелдеген. Және Аллаһ Тахала Құранда былай деген:

- "Ол (АллаҺ) адамды (яғни Адам алейһиссаламды) сапал сияқты құрғаған лайдан жаратты ". (Рахман 55:14)

Тағы былай деген:

- "Ол Адам баласын жаратуды балшықтан бастады, сосын оның нәсілін бір жайсыз судың негізінен жаратты". (Сәжде 32:7-8)

Және де Аллаһ былай деген:

- "Аллаһтың (құдірет илахилығына дәлел көрсететін) аят белгілерінің (бірі) Ол зат сендерді (яғни Адамды) топырақтан жаратты".

Аллаһ Таһала адамға ақыл берді, оған сөйлеу қүдіретін сыйға берді, әрбір нәрсенің атын (есімін) үйретті. Құранда былай деген:

- "Және Ол (Аллаһ) Адамға барша нәрсенің есімін үйретті". (2:31)

Міне, бұлар Құран Кәрімнен дәлелдер. Егер әрбір адам ақылын жұмсап, терең ойласа, барша әлемге, өмірге өзінің жаратылысына назар салса Аллаһты таниды және бұл нәрселердің жаратушысы бар екендігін табады.

Кімге және неге сыйыну керек

Аллаһқа серік қосудың бір түрі - нәпсінің құлы болу. Бұндай адам нәпсісі не бұйырса соны қылуға мәжбүр. Адамдарды өзіне құл қылып алған нәпсінің бір түрі мал-дүние болса, екіншісі - мансап. Мал-дүние деп аталған рақымсыз зат қазіргі көпшілік кісілердің ақылын жаулап алған. Бұл кісілер мал-дүние жинау үшін бүкіл өмірін жұмсайды. Мал-дүние деп бір-бірімен ұрысады, оның соңына түсіп, соның көзін табамын деп жаратқан иесі Аллаһ Таһаланы естен шығарады. Аллаһтың көрсеткен жолымен емес мал-дүние көрсеткен жолмен жүреді. Құран Кәрім мұсылмандарды әрқашан мал-дүние әсеріне берілмеуге шақырады:

"Ей, иман келтіргендер, сендерді мал-дүниелерің және бала-шағаларың Аллаһты еске алудан тоспасын. Әлдекім бұны істесе, міне, солар зиян тартушылар". (Мунафиқун 63:9).

Өйткені кісілерге сыйыну барша халықтар арасында кең таралған сенім. Адамдар өмірден өтіп кеткендерге өздерінше құдайдың сипатын берген. Кімде-кім бұл есімнің мазмұнын терең ойлап көрсе оның дұрыс еместігін, жарамсыздығын түсініп, пайдасыз екендігіне көзі жетеді. Өмірден өтіп кеткендер кім өзі? Ойлап көрейікші. Олар да негізінде біздердей қарапайым адамдар, жеп-ішкен, ауру болып, жазылған және ажалы жетіп өлген.

Денелерін құрт жеп, шіріп кеткен. Ал енді содан жәрдем сұрау, одан үміттену ақылға сай келе ме? Әлбетте жоқ. Кейбір адамдар - олардың рухтары денесінен ажырап шығып сол рухтар тірілермен жүріп оларды қолдап қуаттайды немесе жәрдем береді дейді. Осындай түсініктегі кісілерге сауал қоямыз: Сіз айтып тұрған рухтар кәні? Олардың түр-түсі қандай, неден тұрады? Және сізді қалай сақтап қалады?

Негізінде рух денеден ажырағаннан кейін күшсіз бір нәрсеге айналады, еш нәрсеге әсер ете алмайды. Рух тек денемен ғана күшіне еніп әсер ете алады. Тірі адам күш-қуаты бойына сыймай тұрған уақытта да көп нәрселерді іске асыра алмайды. Ал енді өліктер қалайша әсер ете алады. Кісілерге сыйыну көптеген негізсіз аңыз әңгімелердің, салт-дәстүрлердің шығуына себепші болады. Аллаһты қойып басқадан тілек тілеп жатқандар құрманың қабығына ие бола алмайды. Егер олардан сұрасаңыз тілектеріңізді олар естімейді, ал егер тілектеріңізді естісе жауап бермейді.

"Қиямет күні сіздердің Аллаһқа серік қосқан серіктеріңіз өздеріңізге қарсы шығады" (Фатыр сүресі 35:13-14) Міне, бұл аят өліктердің есітпейтіндігіне анық дәлел және олардан (өліктерден) тілеу үлкен (ширк) күнә екендігіне дәлел. Олар (Аллаһқа серік қосушылар) өздерінің істеп жатқан істерін былай түсіндіреді: "Біз бұл әулиелер пайда береді не зиян жеткізеді деп сенбейміз, бәлкім біз оларды Аллаһтың алдында шапағатшы, ақтаушы деп білеміз. Олар бізді Аллаһқа жақын қылады". Оларға жауап мынау: Исламнан бұрынғы мүшриктер де осындай сенімде еді. Бұл туралы Құран былай дейді:

- "Олар Аллаһты қойып пайда да, зиян да жеткізе алмайтын заттарға құлшылық қылады және олар Аллаһтың алдында біздің ақтаушыларымыз болады дейді: "Ей, Мұхаммед, сендер Аллаһқа көктердегі Оның білмеген нәрсесінен хабар бересіңдер ме? де. Ол (АллаҺ) олардың қосқан серіктерінен пәк. Және ұлы" (Жүніс 10:18 аят)

Бұл аят мүшриктердің өздеріне пайда, зиян үшін емес шапағат үшін істеп жатқан құлшылықтарының дұрыс еместігіне дәлел.

«Шапағат нұр» ислам тану журналы, №11 (45), қараша, 2001 жыл.



Авторы: Дайындаған Ә. КЕНЖЕМОЛДАЕВ

569 рет оқылған | Nov 29,2006 | жазған: | kazak
Ұқсас хабарлар

Бұл жазбаға сәйкес ештеме табылмады
Бұл жазба сізге ұнадыма?
Rating: 4.93Rating: 4.93Rating: 4.93Rating: 4.93Rating: 4.93 (барлығы 41 дауыс)

comment Пікір жаз (1 жазылған) 
  • Осындай сайттар көп болса екен, рахмет.
(Уақыты June 16, 2010, 1:35 AM Саттар Айболов)


Ең көп оқылған
Сілтемелер
Жазушылар