Іргетас басқы бет | Бастапқы бет ретінде орнату | Жиі қолданымға қосу | Кері байланыс | Сайт картасы Хабар қосу
Басқы бет | Жаңалықтар | Әдебиет | Ислам | Пікірталас | Әндер | Суреттер | Құжаттар | Чат
  Сайттан іздеу     » Көп амалды іздеу
Бөлімдер
Архив
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Сауалнама: Талғам
Жаңалықтар
Қазақ елі
Әдебиет
Ислам
Басқадай


Өмірің де, бизнесің де таза болсын


image

Президент Нұрсұлтан Назарбаев өткен сенбі күні Алматыда елімізде мүлікті жария етуге байланысты жүргізіліп жатқан іс-шаралардың барысы жайында Үкімет мүшелерінің, республикалық мекеме басшыларының және облыс әкімдерінің қатысуымен селекторлық кеңес өткізді.

 

Елбасы қоғам өміріндегі ерекше мәнге ие осы өзекті мәселеге байланысты мына жайттарды түйіндеп атап көрсетті: біріншіден, көлеңкелі капиталы немесе жыл­жы­майтын мүлкі бар адамдар өзі­нің бизнесін және тіршілігін таза күйінде, заң талабына сәйкес жүр­гізуге берілген зор мүмкіндікті те­рең түсінуі тиіс. Мұны мемлекеттің рақымы десек те болады. Екін­ші­ден, жылжымайтын мүліктерді заңды түрде экономикалық айна­лым­ға әкелу, ал ең бастысы, үшін­шіден, бұл іс-шаралардың нәтижесі ел экономикасының дамуына қо­лай­лы жағдай туғызады. Үстіміздегі жылдың шілде айынан бері қолға алынып, тиісінше Үкімет тара­пы­нан белгіленген іс-шаралардың әлеуметтік мазмұндық сипаты дұ­рыс екендігіне тағы да көз жет­кізіліп отыр. Жасыратыны жоқ, бы­лайша айтқанда, ауыл адамдары­ның көпшілігінің өзі жылжымай­тын мүліктерді заңды тіркеуден өткізу қажеттігін біле бермейді. Немесе басқа да себептермен тұрғын үйін, иелігіндегі жерін, ауыл шаруашылығы техникаларын заңды құжатпен ресімдеуді естен шыға­рып алған. Бұл жылжымайтын мү­лікке рақымшылық жасау жөніндегі заңның не үшін қабылданып отырғанынан басталатын акцияның түпкілікті мәні – бұқпантай­шы­лар­ды заңды экономикаға тарту болса, мемлекет енді әркімнің заңды құқықтарын ресімдеуіне мүмкіндік туғызып отыр. Дәл осы мәселеге байланысты жер-жерде құрылған комиссиялар өздеріне жүктелген жұмысты қалай атқарып отыр деген сауалға байланысты мәжілісте бірқатар мәселелер сөз болды. Облыс әкімдерінің есептерінде бұл жұмыс бірдей қолға алынғанымен әлі де болса сылбыр жүргізіліп жатқаны байқалды.

– Меніңше, көзделген істің көңілдегідей болмай, әлі де болса белсенді жүргізілмеуі адамдардың акцияның мәнін жете білмеуінен және оның қажеттігі мен тетіктері­нен бейхабар болуынан, – деді Нұр­сұлтан Назарбаев облыс әкім­дері­мен және республикалық құзыр­лы мекемелер басшыларымен әңгімелесудің беташарында. – Бәріңіз де естідіңіздер ғой, адам­дардың көпшілігі бұл мәселенің қалай жүргізіліп жатқанынан, кімге, қайда бару керектігінен әлі де толық құлағдар емес. Кейбір кісілер құқық қорғау және салық комитеттерінің тарапынан болатын қандай да бір әрекеттерден сақтық жасайтын секілді. Сондықтан да жұртшылыққа мүлікті жария етудің тетіктері өте қарапайым және әр­кім­нің бұл еркін қадамына кепілдік берілетіні кеңінен түсіндірілуі тиіс.

Бұған дейін жүргізілген түгендеу жұмысының қорытындысы бой­ынша біздің елімізде 1,5 миллион тір­келмеген жылжымайтын нысан­дар­дың бар екені белгілі болды. Ал жалпы республикамызда олардың саны 4,7 миллион екен. Осы жайт­тар­ға үңілсек, мүлікті жария ету ісі қаншама мүлікті және капиталды көлеңкелі айналымнан жарыққа шығаратынын білуге болады. Бұл мә­жілістің мақсаты да қазақстан­дық­тардың өз мүлкі мен капиталын көлеңкеден жарыққа шығаруға, меншігіндегі мүлікке заңдылық құқығын рәсімдеп алуға не себепті асықпай отырған жағдайларды сарап­тап, білу еді.

Мәжіліске қатысушылар соңғы уақытта сылбырлық бірте-бірте азайып, белсенділіктің арта түскені айқын сезілетінін жеткізді. Үстіміз­дегі жылдың қараша айында “Мү­лік­ті жария етуге байланысты ра­қым­шылық жасау туралы” Заңға өзгерістер енгізіліп, ол Мемлекет басшысының пәрменімен бекі­тіл­геннен кейін аталмыш заңдағы бұл талаптар қолға алған істі мейілінше үйлесімді жүргізуге және жандана түсуге септігін тигізгенін айтты. Ендігі жерде мүлікті жария ету үшін төрт қана құжат талап етіледі. Мемлекеттік тіркелгенге дейін жыл­жымайтын мүлікті жария ет­кені үшін алымды бөліп төлеу бекі­тілді, салық органдарына бармай-ақ қажетті төлемді банкке төлеп, оның түбіртегін көрсетсе де жет­кілікті. Сондай-ақ ақшаны жария етуді қоспағанда, ауыл тұрғындары мен заңды тұлғаларды алым түрі­нен біржолата босату мәселесі де көрініс тапты. Осының бәрі айна­лып келгенде мүлікті жария ету акциясының жүйелі әрі белсенді жүргізілуіне оң әсерін тигізетіні анық.

Мүлікті жария ету бұдан кейін-ақ адамдар арасында белсенділік туғызды. Егер өткен айларда ко­мис­сияға күн сайын 200 адам өті­ніш білдірсе, енді рәсімдеу мәселесі жеңілдетілгеннен кейін олардың қатары екі есе өсе түсті.

Селекторлық мәжілісте бірінші болып байланысқа Мәдениет және ақпарат министрі Е.Ертісбаев шық­ты. Қысқаша хабарламада шілде айынан бері мүлікті жария етудің мәні мен мазмұны жан-жақты әң­гіме арқауына айналды. Түсіндірме жасауды мақсат еткен ақпараттар саны да біршама. Осы уақытқа дей­ін бұқаралық ақпарат құралдарында 1105 мақала жарияланып, 886 бейнесюжет көрсетілді. Бұл іс алда­ғы уақытта одан әрі жалғасын таба бермек. Тек тамыз-қыркүйек айын­да ғана 59 жетекші республикалық газеттер мен 34 республикалық және аймақтық телеарналарда 500-ге жуық түсініктеме материалдары әр­түрлі жанрларда жарыққа шық­ты. Жергілікті әкімшіліктерге бұл заңның мәнін түсіндіру үшін жеке кітапшалар шығару ұсынылды. Медиа жоспарларға сәйкес қазір сұрақ-жауап сипатында жаңа ақпараттық насихат жұмыстары қолға алынуда.

Мемлекет басшысы мүлікті жария ету қорытындысы бойынша жалпы бұқаралық ақпараттық істе белгілі нәтижеге жету үшін жұмыс­ты одан әрі ширатып, алдағы жел­тоқсан айында көлеңкелі капитал мен мүліктерді экономикалық айналымға шығару мақсатында азаматтармен тікелей эфир арқылы тілдесуді Үкіметке жүктеді. Мүлікті жария етуге байланысты мемлекет­тік іс-шараларды кеңінен түсін­діру­де барлық мүмкіндіктерді қолға алуға шақырды. Оның барлығы мейілінше ұғынықты болуы үшін аула мен ауылды аралап, оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері де өз мүлкін немесе капиталын жария еткен адамдарға ешнәрсе қауіп төндірмейтінін ашық түсіндіруі қажет. Жергілікті комиссиялар жария етуге келген азамат­тар­ды қандай да бір құжат­тар­ды алу үшін басқа органдар мен ұйымдарға мүлде жібермеуге тиіс. Соған қарамастан кейбір басшылар жергілікті жерде өздерінің қосымша ережелерін енгізіп, басқа да құжат­тарды талап еткен деректер де бар. Президент дәл осы тұрғыда атал­мыш заңды іске асыру мәселелері бой­ынша тек заң талаптары ғана бас­шылыққа алынуы тиіс деді. Құқық қорғау органдарының тара­пынан қандай да бір артына түсу секілді әрекеттер болмауы керек. Ал ақпаратты жария еткен банк қызметкерлері қылмысты жауап­кер­шілікке тартылатын болады. Елбасы Бас прокуратураға акцияға қатысушыларға қарсы кез-келген процессуалдық әрекеттерге тыйым салуды жариялау керек екенін тапсырды.

– Мүлікті жария ету жөніндегі акция басталғалы бері бес айдың ішінде комиссияға 322602 өтініш келіп түсті, – деп атап көрсетті өз хабарламасында Әділет министрі З.Балиева, – республика бойынша 53451 жылжымайтын мүлік нысаны жария етілді. Оның 51341-і тұрғын үй, 2110-ы тұрғын үй емес нысан. Жария етілген жылжымайтын мү­лік нысанының сомасы 12 мил­лиард 642 миллион 348 мың 226 теңгені құрайды.

Өңірлерде күрделі мәселелерді жедел шешетін және мүлікті жария ету кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін 6 жұмысшы то­бы жұмыс істейді. Олардың құрамын­да сәулет, жер қатынас­та­ры және әділет органдарының өкіл­дері бар. Жұмыс барысында түрлі көкейкесті сұрақтар аз туындап жүрген жоқ. Мұны комис­сияның іс-әрекетіне байланысты келіп түскен азаматтардың шағымы көбейе бастағаннан байқауға бо­лады. Бұл көп жағдайда жылжы­май­тын мүлікке құжаттарды рәсім­деу кезінде көрініс табады, деді министр өз сөзінде. Кейде заңда көзделмеген қосымша құжаттар талап етіледі. Сондықтан да мүлікті жария ету туралы шешім қабылдау үшін комиссия қажетті өкілет­тік­терге ие. Оларды дұрыс пайдалану керек. Әділет министрлігі жария ету жөніндегі комиссия төрағала­ры­ның қатысуымен екі респуб­ликалық семинар-кеңес өткізген және жария ету туралы шешім қа­былдау кезінде жергілікті жерлерде туындайтын күрделі мәселелердің ауқымы айқындалды. Аталмыш заңды түсіндіру бойынша респуб­ли­каның барлық аймақтарында 1200-ден астам жиын өткізіліп, жер­гілікті жерлердегі түйінді мәсе­ле­лердің орын алу себептері анық­талды. Мәселен, жер телімдерін жария ету кезінде белгіленген мөлшерден артық азаматтардың жер телімдерін, жердің нысаналы мақсатын өзгертпестен жария етуі, рұқсат етілмеген орман шаруа­шы­лы­ғы жерінде тұрғын үй салу оқи­ғалары орын алған. Респуб­ликадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен бұрынғы біздің отандастардан сатылып алынған тұрғын үйлерді жария ету мәселесі бойынша аза­мат­тар жиі сұрақ қояды. Өйткені, ондай тұрғын үйлер бұрынғы иеле­рі­нің атында қалып қойған. Мұн­дай кедергілерді жою үшін және заңды іске асыруға жан-жақты жағдай жасау үшін арнайы түсінік­теме дайындау қажет болды. Мү­лік­ті жария етуге құжаттар тапсыр­ған кезде азаматтар өз құқықтарын осындай заң түсініктемелері арқылы біледі. Сондай-ақ, азаматтар Әділет министрлігінің веб-сайты­нан қажетті ақпарат алып, оған сұрақтар жібере алады.

Мәжілісте Ұлттық банктің төр­аға­сы Ә.Сәйденов, Алматы облысы әкімінің орынбасары В.Долженков, Қарағанды облысының әкімі Н.Ны­ғматулин және басқалар өз облыс­тарында мүлікті жария етуге бай­ланысты қысқаша хабарлама жа­сады. Қаржы министрі Н.Кор­жо­­ва көлеңкелі экономикадан жа­рия болған мүліктер мен ка­пи­тал­дың жалпы құны 15 миллиардқа жет­кенін хабарлады. Акцияның қар­қын алуын тек 22 қарашада ғана 936 миллион теңгенің мүлкі жария етіл­генінен аңғаратынын да айтты. Жұрт­шылыққа бұл мүлікке ра­қым­шы­лық жасау жұмысын жан-жақты тү­сіндірудің қажеттігін ол да атап өтті.

Осы арада Мемлекет басшысы 2001 жылы капиталды жария етуге байланысты жүргізілген іс-шара­ның тиімділігін еске салды. Содан бері бес жыл өтті. Сол жария етуге байланысты іс-шараға қатысушы­лар­дың бірде-біреуі фискальді органдардың “назарына” түскен жоқ. Мемлекет мұндай мәселеде ке­пілдік беретінін тағы да заң жүзінде айтып отыр. Мұндай мүм­кін­дік үнемі беріле бермейді. Бұл соңғысы. Жария ету уақыты келесі жылдың 1 сәуіріне дейін ұзар­тыл­ды. Ал бұдан кейін көлеңкелі капи­талға ие адамдар жауапкершіліктен босатылмайды.

Елбасы қозғалған мәселеге орай тұжырымды ой айтқан кезінде, мемлекеттік меншікті жекешелен­діру кезінде бірде-бір мемлекеттің әу баста көлеңкелі капиталсыз болмағанын еске салды. Сондықтан да мүлікті жария ету акциясы Франция, АҚШ, Аргентина және басқа да елдерде жүргізілген.

– Біз ел егемендік алғалы бері 15 жыл ішінде қыруар жұмыстар атқардық. Өте үлкен әрі күрделі өзгерістер кезеңін бастап кештік, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы, – біз бір қоғамнан екінші саяси жүйеге, социалистік қоғамнан либералдық экономикаға көштік. Мұның бәрі қандай да бір катаклизмдер мен қантөгіссіз өтті. Дей тұрғанмен, қо­ғам­дық сананың өзгеруі өте күр­де­лі. Әрине, жекешелендіру кезін­де тап-таза дүние болған емес. Әлем­дік тәжірибеде ондай тәртіп, мысал да жоқ. Себебі, заман, уақыт өте тығыз болды. Алға қарай тез қи­мыл­дауымыз керек болды. Ал біз­дің заңымыз уақыт талабы мен қоғам­ның даму қарқынына ілесе ал­мады. Бұл күндері респуб­ли­ка­мызда 350 мың шағын және орта биз­нес кәсіпорындары бар. Лондон бир­­жасына қатысып жатқан ірі ком­­паниялар мен банктеріміз де бар.

Мемлекет басшысы әркім өз мүлкін жария ету арқылы өмірін де, өз тіршілігін де таза етуі тиіс екендігін айтты. Көлең­келі экономикадан жылжымайтын мүлік пен капиталдарды шығару арқылы бюджетке де салық түрінде қаржы келіп түседі. Таза әрі заңды дүние-мүлкін мұра етіп қалдыру­дың да мәні жоғары екенін адамдар қарапайым ұғыммен де түсінгені жөн. Бәрі де заң жүзінде болуы ке­рек. Әрине, өз мүлкін жария етуді қаламайтындар болса, оның да сұрауы болмай қоймайды. Ең ақырында, Құран Кәрімде айтылға­нын­дай, адам өз дүние-мүлкіне адал болу арқылы әділдікті орнық­тырады. Бұл мәселенің адамгер­ші­лік тұсы, негізі — тазалық үшін арылудың құндылығы ерекше.

Мемлекет басшысы мүлікті жа­рия етуге байланысты рақымшы­лық жасау туралы заңда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруды жан-жақты және үйлесімді жүргізуді қатаң тапсырды.

qazaq.kz


208 рет оқылған | Nov 27,2006 | жазған: | irgetas
Ұқсас хабарлар

Бұл жазбаға сәйкес ештеме табылмады
Бұл жазба сізге ұнадыма?
Rating: 5.00Rating: 5.00Rating: 5.00Rating: 5.00Rating: 5.00 (барлығы 37 дауыс)

comment Пікір жаз (0 жазылған) 

Ең көп оқылған
Сілтемелер
Жазушылар