Іргетас басқы бет | Бастапқы бет ретінде орнату | Жиі қолданымға қосу | Кері байланыс | Сайт картасы Хабар қосу
Басқы бет | Жаңалықтар | Әдебиет | Ислам | Пікірталас | Әндер | Суреттер | Құжаттар | Чат
  Сайттан іздеу     » Көп амалды іздеу
Бөлімдер
Архив
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Сауалнама: Талғам
Жаңалықтар
Қазақ елі
Әдебиет
Ислам
Басқадай


АҚЫРЗАМАН ТАЯУ МА?


image

Қайран менің әжем! Биссимил-лаһир-рахмани-рахим! Елге тыныштық бер, бәле-жалаңнан сақта, үйдегі-түздегіні аман қыла гөр, Жаратқан! — деп отырушы еді. Және: «Құдай, зәуір-қайыр дұшпаннан сақта, бұрынғылар, «қара қытай қаптаса ақырзаман болар» деуші еді, беті аулақ, — дей, өзінен-өзі күбірлей бір Аллаға сыйынып, мінәжат ететін-ді. Баламыз ғой, нені аңғара бергенбіз, әжемнің «осы қара қытайы кім, алыстағы қытайды несіне аузына ала береді» деуші едік, сөйтсек... Ақтабан шұбырынды заманынан хабардар кейуана әжекем келешек күнді де ойша шолып, саралай отырады екен-ау көңілімен.

Бүгіндері сол қара қытаймен еншілес, көршілес боп алдық. Мүлдем жақынбыз. Алыс-беріс тәуір, қатынас артылып жыртылады. «Достық» деген елшілік бар — жатырқау жоқ, қытай заттары күнделікті өмірімізге еркін кірді. Еркін кірді деуіміз аз, тіптен аралас-құралас жымдасып кеттік қой — бұл жасырын емес.

Қытай дегенен шығады, қытай бүгінде есіктен кіріп, төрге озатынды шығарыпты. Базарларымызға бұрын сауда үшін кіретін еді, енді дүкендерімізге иелік жасайтын дәрежеге де жетіп қалғандай. Қазір қытай сауда-сатымы кез-келген қалаларымызда алдыңғы кезекке шыққан. Қытай саудагерлері бүгіндері қазақты есігінде ұстап, ұлдарымызды құл, қыздарымызды күң ете бастаған. Бұл және ерсі көрінбейтін боп алды. Көз үйреніп кетті.

Қытайға тұрмысқа шыққан, әуелі некелесіп алғандарын мақтан көретін бойжеткендеріміз бен жалғызілікті қаракөздерімізді көргенде арқаң құрысып, беттен от шығады. Бірақ қайтесің, бәрі тағдыр, әйтсе де біздегі шындық осындай. Күнкөріс қамын ойлаған жұрт мұның артын бағып, соңын бажайлап жатқан жоқ. Жат жұрттың ішке енуінің бұл бір түрі.

Бұл бұл ма — қытайлықтар енді өндіріс саласына ауыз салған. Мұндай шараларды олар Мемлекеттік өзара келісім шарт жүйесімен жүргізуде. Мұнай мен газға иелік етуді мансұқ тұтқан бұл көршілеріміз қазір Қазақстанды толайым сатып алуға әрекет жасап бағуда. Бұған жол да, тәсіл де көп. Қазақ жерін жаппай «жаулап алу» науқаны бұл күнде қызу қарқынмен қолға алынғаны соншалық, біздің билік пен қытай арасында қара алтынға байланысты қомақты келісімдер жасалып хатталуда.

Сөйтіп энергетикаға тапшы держава үшін Қазақстан оңай олжа көзі болып тұр. Қазірдің өзінде «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының тағдыры қытайлықтардың қолына көшуге даяр, елдегі мұнай-газдың 28 пайызын иеленеді. Бұл көрсеткішті таяу арада 40 пайызға көтермекші. Осы 40 пайыздың астарында көп сыр болуға тиісті. Егер олар бүгіндері 97 пайыз акциясы бар индонезиялық қожайындарға қолқа салып, «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясын бүтіндей сатып алу ниетін көздеп жүрсе, бұл ойы теріс пе?

Әрине қытайлықтар мұндай мүмкіншілікті қалт жібермеуге бар күшін салады. Осылайша қалталы миллиардтар мекені саналатын қытай өз ұпайын түгендеуде. Өйткені олар жер қадірін біледі. Жер қат. Ал біз ше? Жерімізді, жеріміздің байлығын сатып осылай кең қолтықтанып жүрміз. Сумандаған суық жортуылшы қадамын білімсіз басып, құмырысқаның ирек ізімен бізге қарай иненің жасуындай жол салып, ішке енсе саңылау көбейе бермей ме? Сонда іргені кім қымтар? Қара қытайға есікті ашып тастап, түрік ағайындарды төбеге шығарып, тағысын тағы баяғы өзі сары, көзі көк жұртты дандайсыта маңайға топырлатқаннан не ұтыс таптық.

Алпауыт инвесторлар дейтін жарылқаушыға ауыз ашып жүріп алдарқанып қалмаймыз ба осы? Рас, жаһандану заманында қазақ томаға тұйық өзімен өзі болсын деп ешкім айтпайды. Олай үндесек қателікке ұрынармыз. Мың өліп, мың тірілген біздің киелі ел, әзіз жұрт әлемдік кеңістікке шығып өзін танытса кәні, бірақ әлім-берім есті мінезінен жаңылмай, бөтенге есе жібермей, ата қонысына ие боп тұрып, басқамен тепе-тең дәрежеде аралас-құралас болсақ сөз басқа. Ал жарқ еткен сәуле — Тәуелсіздіктің дәмін жаңа тата берген тұста жер сатып, ен байлықты басқаларга игертіп қызығын көреміз деу оғаш қылық, керенау жалқаулыққа жатса керек. Жаттың жарылқамайтынын, сырттың сауырдан сипамайтынын және ескерейік.

Осындайда Шақшақұлы Жәнібек еске түседі. Ол Төле биге: «Түзу мылтық, ұшқыр қүс, жүйрік ит, мақтаншақ жігіт, ұрыншақ ат — бесеуін жиып қойдым. Боз бала болып ерлік қылайын ба? Үлгі алып, билік құрайын ба? Елінде кәрін болса — жазулы тұрған хатың. Жайлаған көліңнің алдында төбе болса — ерттеулі тұрған атың, деуші еді, ақыл сұрайын деп келдім», — деген ғой. Сонда Төле шешен: — Менен ақыл сұрасаң: Өгізді өрге салма, қанатың талар. Наданға көзіңді салма, сағың сынар. Досыңа өтірік айтпа, сенімің кетер. Дұшпаныңа шынынды айтпа, түбіңе жетер. Жал-құйрығы қалың деп, жабыдан айғыр салма, жаугершілік болғанда, жағдайлап мінер ат тумас. Жақының үшін — жақсының жағасынан алма, жерің тарылар.

Ит жүгіртіп, құс салсаң — әуейі боларсың. Әйел алсаң — көріктіні алма, тектіні ал. Мақтаншақ жігіт жисаң, жөніңнен шығарсың, ұрыншақ ат жаз жарға, қыс қарға жығар. Тұмау түбі құрт болар, тұман түбі жұт болар, ақылдың түбі құт болар. Қарап отырғанша, бір нәрсеге жарап отыр, кәсіп болмай, нәсіп болмас. Қабырғадан қар жауса, атан менен нарға күш, ел шетіне жау келсе қабырғалы биге күш. Менің ақылым осы, — депті. Төле шешен сөзі бүгінде білгенге білік, естімегенге дәріс, есте ұстағанға даналық сөз! Ойланған опынбайды.

Сөз түйінін Бұқар жыраудың Абылай ханға айтқан: «Қарағай — судан қашықтап, шөлге біткен бір дарақ. Шортан — шөлге шыдамсыз, балықтан шыққан бір қарақ. Ойлама шортан ұшпас деп, қарағайға шықпас деп. Күнбатыстан бір дұшпан ақырда шығар сол тұстан. Күншығысқа карайды, шашын алмай тарайды. Құдайды білмес, діні жоқ, жамандықта міні жоқ, өзі сынды бір кәпір жаяулап келер жұртыңа!

Жағалы шекпен кигізіп, балды май жағар мұртыңа. Жебірлерге жем беріп, ел қамын айтқан жақсыны сөйлетпей, ұрар ұртына. Бауыздамай ішер қаныңды, өлтірмей алар жаныңды, қағазға жазар малыңды, есепке салар барыңды, еліңді алар қолыңнан, әскер қылар ұлыңнан!» — дейтін жауабымен түйген жөн. Заман қилы, өмір шытырман, қоғам түйткіл, тағдыр күрделі, тіршілік құбылмалы. Кезең өтпелі. Осыған қарап кейде бала кезімде әжем айтып отыратын мінәжат сөзі жадымда тіріледі. Ақырзаман таяу келіп қалған жоқ па, осы?


421 рет оқылған | Nov 27,2006 | жазған: | irgetas
Ұқсас хабарлар

Бұл жазбаға сәйкес ештеме табылмады
Бұл жазба сізге ұнадыма?
Rating: 4.83Rating: 4.83Rating: 4.83Rating: 4.83Rating: 4.83 (барлығы 35 дауыс)

comment Пікір жаз (1 жазылған) 
  • Осы мақаланы 2002 жылы жариялаған едім, бірақ әр-түрлі қолым жеткен жерлерге жолдаған сәлемдемемнен хат та жоқ, қара қағаз да жоқ. Аздап болса да ақпарат беру үшін, тіпті болмаса, көз қырын салғандарға ой салу үшін аузым талғанша айта беруді ұйғардым. «ЖАС АЛАШ» газеті, 30 наурыз, 2002 жыл. № 38 ҚАРА ҚЫТАЙ ҚАПТАСА.. ..сары орысты әкем дерсің. Әр сөзінің астарында атан түйенің жүгі жататын ата нақылы жай айтылмаған болар. Түбі тегін емес екендігіне қазіргі күннің өзі де айғақ. Әлбетте, жүрдім-бардым қарауға болатын жайдақ жайды айтып отырғанымыз жоқ. Мәселені тоқ етерінен бастайық. Проблема. 1991ж. (20.ХІІ) ‘’Қазақстан Республикасындағы азаматтық туралы’’ Заңы қабылданды. Осы заң бойынша шет ел азаматтығынан шыққан және азаматтығы жоқ тұлғаларға ҚР аумағында 10 жыл тұрақты тұрғаннан кейін ҚР азаматтығы берілетіндігі туралы айтылған. Осының өзі ел арасында рухани толқыныс тудырды, себебі 10-ақ жыл деген азаматтық беру үшін аз еді. Жалпы азаматтық екі жолмен беріледі: 1) тумысынан (филиация- лат.- ұл); 2) натурализация (түбірлендіру). Филиацияның өзі екі бағыттан тұрады: біріншіден, қан арқылы (яғни, ҚР азаматтарынан туған балалар қай жерде туғандығына қарамастан Қазақстанның азаматтары болып табылады); екіншіден, жер арқылы (яғни, әке-шешесі белгсіз болса да ҚР туылған және азаматтығы жоқ тұлғалардан туған балаларға Қазақстанның азаматтығы беріледі). Ал натурализация болса, жоғарыдағыдай емес, заңдарда көрсетілген процедуралар арқылы берілетін азаматтық. Десек те, ’’Әкесін арбаға байлап сабағанды көрмедім’’ демекші, 1995ж. (3.ХХІІ) Президенттің заң күші бар жарлығымен өзгерістер енгізіледі де, 10 жылдық мерзім 5 жылға түседі (Алжирде - 7 жыл, Чад Республикасында - 15 жыл тұру қажет етіледі). Мәссаған, не үшін, кімге керек болды? Егер Қазақстанда адам аз деген мотив болса, ол кездері қазақ саны 40 %-тен аса алмай жатқанда өзге жұртпен толықтыру ақылға сиымсыз еді. Ал атамекенге оралған қандастарымызға қатысты шығар дейтін болсақ, оларға заң бойынша ешқандай шартты орындамай-ақ, азаматтық бірден беріледі. Демек, гәп басқада... Жарайды кімге керек болғанын қазбай-ақ, енді ‘’Осы мерзім біз үшін тиімді ме?’’ - дегенге келейік. Әшейінде, ‘’Біздің геосаяси жағдайымыз мына мәселені былай шешуге итермелейді’’,-деп көлгірсігенде әйдік атқамінерлеріміз осы азаматтық мәселесіне келгенде, неге геосаяси ахуалды ескермегені түсініксіз. Себебі, 15 млн. тұрғынның 8 млн., яғни жартысынан сәл асатын бөлшегі ғана кіндік ұлт болғанда, бізге ешқанда да өзге ұлттардың нөпірі қажет емес. Ал қытай мемлекеті осы жағдайды онсыз да күтіп отырды. Тіпті, қытекеңдер бізде базарлатын жүргеніне де он жыл болып қалды емес пе!?. Бұл шешім тіпті Аспан асты елінің ішкі-сыртқы саясатына қабыса кетті. Ішкі саясаты. Дәл қазір онда 1,5 млрд.-қа жуық халық тұрады. ХХІ ғасырда Қытай еркектер еліне айналады деген болжам бар. Олай дейтіні- оларда жалғыз-ақ балаға ғана рұқсат етілгендіктен әр жанұя ер баланың шаңыраққа ие болып, ұрпақты, династияны, жанұялық дәстүрді (мысалға, жекпе-жек өнерінің) жалғастырғанын қалайды. Сол себепті, мүмкіндігінше шығыс есебі, жұлдызамасы бойынша қыз тумауға, туа қалған күйде, өткізіп жіберуге (мысалға, шет елге сататындығы туралы мәліметтер бар) тырысады. Ал үй иесі жалғыз ұл отау құрар кезі келгенде әйел жынысының тапшылығына тап болады, яғни үйлене қояр қыз жоқ (бәселес көп) болып шығады. Сол себепті де, қай жерге болса да олардың тасқындай ағылуы Ресей мен Канададан кейін 3-орын алса да, жердің жетпеуімен ғана емес, ‘’келіннің’’ жетпеуімен де түсіндіріледі. Соңғы кездері қара көз қыздарымыздың шет елдіктерге көп тұрмысқа шығатынындығы жиі айтылып жүр. Көбіне көп оның себебі қалтамен байланыстырылады. Бұл тұрғыдан келсек, қазіргі Қазақстанда жүрген қытайлардың тесік қалта емес екендігі де аян. Және қыздарымыздың бәріне ақша керек деп бір шыбықпен айдауға да болмас. Олар шынымен бірі біріне ғашық болуы да әбден мүмкін. Олай дейтініміз антропологиялық жағынан біз де монголоидпыз. Бір кездері индеецтер еуропалықтарды көргенде, еуропалықтар монголоидтарды көргенде тұрпатын тұрпайы көріп қашқан болса, қазақ пен қытай бірін бірінен соншалықты қашатындай себебі жоқ. Сондай-ақ, қытайдың әдемі қыздарын (миллионнан бірі ғана) сирек көретін болсақ, қазақтың он қызының біреуі сұлу, қалғаны әдемі, 1-2-уі ғана еркекшора болуы мүмкін. Демек, киімінің ең алдымен иығы тозатын қытай жігіт ана жақта түсінде көретін сұлуларды мына жақты өңінде ‘’тегін’’ көрген соң сезімі ойнап кетуі де мүмкін. Ал ҚР азаматшасына үйленетін болса, қазіргі заң бойынша Қазақстан азаматтығы сөз айтпастан бірден беріледі, яғни күйеу жігіт екі қоянды бірден атады (мұндай азаматтықты бірден беретін тәртіп тек кейбір саусақпен санарлықтай ғана елдерде бар, өзге мемлекеттердің бәрінде ол мемлекеттің азаматымен отау құру тек қана жәрдемдесуші мән-жай болып табылады). Сыртқы саясаты. Олардың жаппай келіп жаппай үйленуінің өзі соғыстан да қауіпті. Себебі, қазір жұртқа сес көрсетіп өзінің ядролық ресурстарын толықтырып, әскерін күшейтіп жатқанмен де, соғыса қалған күнде санына патрон жетпейтін бұл ел ешқашан басқыншылық (агресивті) соғыс жарияламайды. Оның ең тиімді, тәжірибеден өткен әдісі - ‘’биологиялық соғыс’’. Бұл күнде дүниенің қай бұрышын алсаңыз да қытай қалашықтары, кварталдары, мафиясы мен зауыттары бар. Картаны алып қарап қалсаңыз да онымен шектесіп-шектеспейтін мемлекеттердің де қытайланып кеткенін аңғаруға болады. Мысалға, Тай халқы тұруға тиісті Тайланд, Кхмер халқының Камбоджа мемлекеті... Камбоджа дегенде еске түседі, бізбен бірге аспирантурада бірнеше Камбоджалықтар оқып еді: бәрі қытай сияқты, тек Пхон Бундхал атты аққұбасы ’’Мен медик емеспін, бірақ 75(-ке таза Кхмермін’’,- деп мақтанатын. ‘’Сонда сен 25(-ке кімсің’’,- деген біздің сұрағымызға ол ‘’Әрине, қытаймын, бізде жұрттың бәрі де 50-75(-ке қытай’’,- деуші еді. Сонда байғұстың мен ең тазасымын деп мақтанып тұрғаны. Осылай кете берсе, біздің де 100-150 жылдан соң осылай деп тұрмасымызға кім кепіл??. Түйін. Енді ‘’Не істейміз?’’-деп жар сала бермей, жолын ұсынған жөн. Біздің оймызша, түбірлендіру (натурализация) жолымен азаматтық беруді алып тастау керек. Бұдан ‘’Ойбай, бізді өзге мемлекеттер демекратиялық деп танудан қалады’’ деп жалтақтаудың да қажеті жоқ. Ұлыбританияның мандатында болып келген ежелгі араб жері-Палестинаны екіге жарып, БҰҰ-ның 1947 ж. шешімі (29.11) негізінде 1948 ж. (14.05) жарияланған, қолдан жасалған мемлекет, ол аз десеңіз әлі күнге Палестинадан жер даулап жүрген - Израильдің өзі еврейден басқаны қабылдамағаны үшін яки Сауд Аравиясы, Біріккен Араб Эмираттары, Кувейт т.б. мемлекеттердің тек қана мұсылман дінін тұтынатындарды азаматтыққа қабылдайтындығы үшін немесе Латвия мен Эстонияда тілден емтихан тапсырып, Латвияның ХХ ғасырының тарихын жақсы біліп, осы ғасырда онда тұрған ата-бабасы болған адамдарды ғана азаматтыққа алатындығы үшін... ешкім де ‘’кемсітті’’ деп байбалам салып жатқан жоқ. Сонда бұл шешімнің біздің ішкі-сыртқы саясатымызға тиімділігі қандай? Сыртқы саясат. Ең алдымен, Қазақстанның болашағына көз тігіп, байлығына қызығып келіп жатқан нөпірді тоқтатар еді, тіпті болмаған күнде оған кедергі болған болар еді. Әйтпесе, қазіргі күні оларға даңғыл жолды өзіміз салып беріп отырмыз. Бұл жерде, шет елден келуші бірлі-жарым өзге мемлекеттердің құқығын шектемейміз бе деген сұрақ туындайды. Әрине, оларсыз күніміз қараң болып тұрмағанмен, болашақта ізгілік тұрғысынан мәселе туындауы мүмкін. Десек те, ел тағдыры үшін бастан құлақты садаға жіберу керек болып тұр. Ішкі саясат. Дәл қазір жер асты байлағынан келген пайда белгілі бір қалталардан шыға алмай жатса да, болашақта біз әлемдегі мұнай магнатына айналамыз ба деген үміт бар. Міне дәл осы алпауытқа айналған шақта түбірлендіруді алып тастамағанымызға өкінеріміз хақ. Олай дейтініміз, мысалға, Сауд Аравиясы мұнайдан келген пайданың бір бөлшегін өз азаматтарына көмек көрсетуге жұмсайды. Барып келіп жатқан азаматтардың айтуынша екі таза араб үйленсе, бірден пәтер беріп, арнайы қордан 20 мың АҚШ $-на жуық қаржы бөледі. Ғайыптан-тайып ондайлық шылқымайға батар күн бола қалса, ‘’Екі таза қазақ үйленсе’’ деп айта алмайтынымыз анық. Сол себепті, қанға емес, азаматтыққа жүгінеміз. Ал осы сәтте айдаладан қаңғып келген қытекеңдер мен орекеңдерді ата-баба қанымен қалған байлыққа ортақтастыруымыз керек пе? Тіпті, осы ‘’бетімізден тайынбасақ’’, ол кездерде, американдықтармен, италияндықтармен, ағылшандармен т.б. құдандалы, туысқан болып қалуымызда мүмкін. Егер де түбірлендіруді алып тастап, тек филиацияны қалдырсақ, ол кезде тұрғындардың дені кіндік ұлттан тұрған болар еді, әрі екі ҚР азаматы отау құрса деп жәрдем көрсетсек те өз ұлтымызға келтірілген көмек болар еді. Қалай жүзеге асыру керек? Конституцияның 61-бабының 1-тармағы бойынша заң шығару бастамасы құқығы Парламент депутаттарына, Үкіметке беріледі, ал Президент заң жобаларын қараудың басымдығын белгілейді (2-тармағы). Сондықтан, әрбір ел болашағын ойлайтын азамат өзі сайлаған мәжіліс депутаты сайлаушылармен кездесу жүргізген кездерде осы мәселені көтеруге тиісті, әйтпесе жыламаған балаға емшек жоқ. БАҚ-нда, дастарханда, төбе басында... айтылған әңгімеден баяғы жартастың өзгерер сыңайы жоқ. Күдік. Сіз ‘’мүмкін заңға өзгеріс енгізбей-ақ, оған дейінгі тетіктер арқылы да шешуге болатын шығар немесе олардың санын шектейтін шығар’’ деп алданып қалмаңыз. Өйткені, хирург прокурорға, милиция хирургке айнала беретін, бармақ басты мен трайболизм асқынып тұрған дәл осы күні ешкімге де сенбеңіз. Бізде бәрі де сатылады. Айта кететін бір жәйт, біздің мемлекетте Конституцияның өзіне бір күнде 18 өзгерісті бір-ақ енгізгенде жай заңға өзгеріс енгізу түк те емес. Ата Заңға қолқа салудың қажеті жоқ, азаматтық алу мерзімі мен тәртібі қарапайым заңмен реттеледі, Конституцияның 10-бабында тек азаматтық ‘’заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болар еді’’ деп қана көрсетілген. Қорытынды. Қазір құланның қасуына мылтықтың басуын жасамасақ, суыған соң соққан темірден қайран жоқ. Бүгінгінің бір күні ертеңгінің екі күнімен өлшенетінін ескерген жөн. Ертең тура сол анекдоттағыдай болуы мүмкін. Қытайлар айтыпты дейді: ‘’Біз барлауға оң жаққа бір миллион, сол жаққа бір миллион адам жібереміз’’,- деп. Шынында да 1 млн. адам олар үшін тек қана 0,06 %-і ғана. Тағы бір анекдотта сол қытай қазақтың 15-ақ млн. екенін білген соң ‘’Ойбай, онда сендер бір біріңді танитын шығарсыңдар’’,- депті. Олардағы бойдақтардың 1 % -і ғана келетін болса, оның өзі 15 млн. адам, демек бір Қазақстан. Олардың өсімі де бұл күйінде қалып қоймайтынын, келу толқыны тоқтамайтынын, бүгін 1 % -і, ертең тағы да 1 % -і келетінін, арғы күні... жиендеріміз бен, өз ұрпақтарымыздың көзі қысылып кететінін білген абзал. Тарихты ақтарып қарасаңыз да, Ханьдардың (Синьдердің) өз ұрпақтары мен жиендері арқылы зымиян саясаттың арқасында талай Империялардың түбіне жеткен аждаһа ел екендігін көресіз. Аждаһаның азуына іліккен кезекті бір елге айналмайық, ағайын. P.S. Мен бұл мақаланың толық нұсқасын 2000 жылдың жазында елге каникулға бара жатып, Торғайға барып-келудің өзі біраз уақыт алатынын ескеріп, ‘’Аға, тырнағы мен салмағы бар газетке ұсынарсыз’’,- деп ескертіп ақын Аманхан Әлімге табыстадым, бірақ былтырға дейін ол кісі ‘’Қазақ әдебиеті’’ газеті жариялайтын болғанын Ж.Қорғасбек мырза арасында тікенек сөздері болғандықтан ‘’Кішкене күте тұрыңыз, әне-міне’’,- деп келе жатқанын айтқан. Қара басып, ол мақаланы екі дана қып жасамаппын. Былтыр ‘’Қазақ әдебиеті’’ газетінің редакторына кіріп жөн сұрадым. Сөйтсем, Ж.Қорғасбек ағамыз ондай мақаланы естімегенін, ондай материал болса, тіптен де ұстамай жариялайтынын айтты. ‘’Апам да аң-таң, мен де аң-таң???’’ Логика заңына сүйенсек, не Аманхан ағамыз немесе Жүсіпбек ағамыз өтірік айтады. Құрметті оқырманымнан олардың көңіл талқысына аз да болса ертерек жеткізбегенім үшін ғафу өтінемін. Алмас Жұмағали, заң ғылымдарының кандидаты, «ЖАС АЛАШ» газеті, 30 наурыз, 2002 жыл. № 38
(Уақыты December 11, 2009, 11:56 AM Алмас)


Ең көп оқылған
Сілтемелер
Жазушылар