Іргетас басқы бет | Бастапқы бет ретінде орнату | Жиі қолданымға қосу | Кері байланыс | Сайт картасы Хабар қосу
Басқы бет | Жаңалықтар | Әдебиет | Ислам | Пікірталас | Әндер | Суреттер | Құжаттар | Чат
  Сайттан іздеу     » Көп амалды іздеу
Бөлімдер
Архив
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Сауалнама: Талғам
Жаңалықтар
Қазақ елі
Әдебиет
Ислам
Басқадай


ӨМІР – ЖАРАТУШЫҢА ҚАЙТАТЫН ЖОЛ


image

-Сен өмірге өз еркіңмен келдің бе? -

Сені не үшін жаратты?

-Ойлан...

-Жаратушы ешкімге, ешнәрсеге мұқтаж емес. «Жын мен адамды Маған құлшылық ету үшін жараттым» дейді Құранда. Жаратушы біздің құлшылығымызға мұқтаж болмаса, онда неге құлшылық етеміз...? Себебі, құлшылық әркімнің өзіне ғана қажет. Құлшылық әрбір адамның иманының таразысы. Ақылмен ойлап, жасаған күнәлары мен сауаптарының нәтижесінің өлшемі. Күнәм басым деп ойласа, тәубеге келіп, жалбарынып кешірім сұрайды, сауабым басым десе қайтарымнан үміт етеді. Бар ықыласпен, шынайы сеніммен жасаған құлшылық қана бойыңа қуат, жаныңа шипа береді.

«Өмірдің маңыздылығын есіңе алып, санаңмен түсінудің ең шыңы - құлшылық» дейді, мені Мұхамметшіл деп санаңдар дегені үшін шіркеуден қуылған Л. Толстой. Иманы күшті күнәлерін мойындайды. Имансыз күнәләрім жоқ дейді, бірақ оның жасаған күнәлерін өзінен артық білетін ешкім жоқ деуі, құдайсыз пенденің «шындығы». Әрбір адам жасаған жақсылығы - өзі үшін, жамандықты да өзінің болашағының сорына жасайды. Жәннаттан үмітті болсаң жақсылыққа бейім боласың, тозақтан қорықпасаң оған істеген жамандықтарың кіргізеді, немесе есесі кеткен осы дүниеде-ақ қайтарады. Өйтпесең, одан кешірім сұрайсың, күнәңнің дәрежесіне қарай өтеуін төлейсің.

Күнадан арылудың жолы оны қайталамау, басқаша болуы мүмкін емес, себебі оны амал кітабыңа періште жазады, немесе оны таразыда басым болатын сауапты іс арқылы ғана жоясың. Фурқаи сүресіндегі «Тәубеге келіп ізгілікке бет бұрғандардың, күнәларын Жаратқан жақсылыққа ауыстырады» даген мағынадағы аяттың себебі, сенің таңдауыңның негізінде бәрін білетін Алла тағаланың тағдырыңа жазуы... Көбіне адамдар өзінің не істеп жүргеніне есеп бермейді, ойланбайды, бірақ ең қиын сәт өз ар-ожданының сотына түскенде екенін мойындағысы келмейді, қорқады. Қаласаңда, қалмасаң да, қартаясың, жас кетсең де, өлім сенің амалдарыңа соңғы нүкте қоятын мезгіл. Ол шындықты мойындамауға қауқарың жоқ.

Әруақтың, әулиелердің түсіңе кіргені, оның рухының өлмегені, демек ол мәңгіліктің дәлелі. «Ғасырлар бойы адамзат ғалымдары, құдайдың жоқ екенін дәлелдей алған жоқ, сондықтан Құдайсыз дүние-бос» деген данышпан. Жаратушының білгенін адам білетін болса, онда Ол қүдіретінен айрылар еді, сондықтан оның білімі адамзаттың санасынан тыс, оған жету мүмкін емес. Тәнің шірігенімен рухтың өлмейтінінен құдайға сенбеген адамның өзі де дәмелі, демек-мұқтаж. Фәни өмір саған Құдірет иесінің силаған шырағы, оның жарығын жақсыға да, жаманға да пайдаланасың, бірақ майының қашан таусылатынын білмейсің. Фәни өмір - Әзірейілдің садағының оғы, саған жетем деген уақыт.

Көлікке түсіретін жарықтың бәрі мезгілі жеткенде сөнеді, ол жарыққа кедергі бар. Алланың барлық жаратылыстан көркем етіп, ақыл беріп, періштелердің барлығын бас идірген, өзінің жердегі орынбасары еткен адамға силаған жан, тәннен бөлінгенде иманды /нұрланған жаннаттық/ иемесе /имансыз тозақтық/ болған рухқа айналады. Құдіреттің затында көлеңке жоқ, салмақ та жоқ, материалдық сипаты да жоқ, оған ешкім бөгет бола алмайды, ол жүрекке кіреді, мидан шығады, оған әмір жүрмейді, сондықтан ол-мәңгі, рух өмірі де мәңгілік. Ата-бабаларымыздың әруақты сыйлауы сондықтан.

Жаратқан ием жарығымның майы таусылатынын білемін, мәңгілік нұрыңнан үміт етемін, үміт отымды өшіре көрме, өмірге келтіргенің үшін мен Саған мүқтажбын, сондықтан Саған ғана құлшылық етемін. Хазіреті Айша р.ғ. Пайғамбарымызға: «Сіз күнә жасамайсыз, неге сонша көп құлшылық етесіз?» - дегенде, «Жаным қолында болған Алланың атымен ант етемін, неге кейбір адамдар мен істегенді істеуден тартынады, мен Алла тағаланы олардан артық білемін және олардан артық қорқамын. Жаратқаның үшін мадақ айтып құдіретіңе бас иемін, шүкіршілік етемін» деген.

Әр шаңыраққа құт-береке әкелсін! Әмин!!!

«Айғақ» газеті, №40 (144),

qazaq.kz


470 рет оқылған | Nov 27,2006 | жазған: | irgetas
Ұқсас хабарлар

Бұл жазбаға сәйкес ештеме табылмады
Бұл жазба сізге ұнадыма?
Rating: 5.00Rating: 5.00Rating: 5.00Rating: 5.00Rating: 5.00 (барлығы 31 дауыс)

comment Пікір жаз (2 жазылған) 
  • Makala aty magan katty unady. Makalanyn kanatty sozderi ote jaksy koldanylgan. Birak, menin oiymsha, Takyryp jaksy ashylmagan, tagy taldai tusse bolar edi. Butinimen jaman emes
(Уақыты December 10, 2006, 12:53 PM Nurshash)

  • Jahsi eken
(Уақыты November 29, 2006, 12:08 PM Jahsi)


Ең көп оқылған
Сілтемелер
Жазушылар