Өзіңіз қуаныңыз
1.Өзіңіз қуаныңыз, озіңізге ерген өзгелерді де қуандырыныз; егер кімде-кім Алланың ақиқаттығы мен бірлігін шын жүрегімен дәлелдеп берсе, сол адам жұмаққа барады. 2. Алла алдындағы ұнамды іс аз -аздан болса да ұдайы ( жйі) жұзеге асырылған іс. 3. Алла алдындағы парыз өтеуден кейінгі ұнамды іс, істің жолындағы адамның жанына қуаныш құю. 4. Алла алдында мақтанарлық іс- Алла Тағаланың жұзі үшін жауласу. 5. Алла Тағала Абдулла, Абдрахман тәрізді есімдерді ұнатады, себеді оларда " Құдайға құлшылық ету" деген мағына беретін " Абд" сөзі бар. 6. Алла алдында мақтаулы сөз шын сөз. 7. Алла алдында мақтанарлық күрес түрі- баскесер басшылар мен қысым жазаушыларға қарата айтылған ақиқат. 8. Алла алдында мақтанарлық тағам - бір мезгілде барлық жандар қол сала аларлықтай ас. Түсініктеме: Тамақты оңаша ішпеу керек, мүмкіндігінше көп адам бірлесіп тамақтануға тйіс. 9. Қатыны мен балаларына пайдалы еркек Алланың сүйікті жандарына саналады. Түсініктеме: Құдайдан қорқатын еркек өзінің от басын асырап, сақтауды ұдайы ойлауға тйіс. 10. Алла алдындағы мақтан тұтуға лайык үй - жетімдер тәрбиелеп жатқан үй. 11. Алла Тағалаға жалбарын! Алламен ешкімді де қатар қойма! Сенің жалбарынуың Алланың жарқын жүзіне ғана бағышталсын. Міндетті намаздарынды мезгілінде окып жүр, байлығыңның бір үлесін тазару жолына жұмса, міндетті және оз еркіңмен қажыға барып тәуәп етіп қайт, рамазан айында ораза ұста, өзің үшін адамдар бойында не қымбат, соны оларга да жаса, өзің сүймегеніңді өзгеге де істеме, оған жолама.
683 рет оқылған | Nov 23,2006 | жазған: | kazak
|
Ұқсас хабарлар
|
| Бұл жазбаға сәйкес ештеме табылмады |
|
Бұл жазба сізге ұнадыма?
    (барлығы 36 дауыс)
|