БАҒЗЫ ТІЛІМІЗ ТУРАЛЫ БАЯҒЫ БІЛІМПАЗДАР БАЙЛАМЫ НЕ ДЕЙДІ?
XIII ғасырда шығысқа сапар шеккен әрбір саяхатшыға ерекше қажет болған қыпшақ тілінің темірқазағы – қазақ тілі бүгінгі таңда неге өз мәртебесіне лайық болмай отыр? Монғолия үстірттерінен тартып Батыста Каспий теңізіне дейін тіркеліп жатқан ұлан байтақ аймақтағы қазақ халқы тек қана XV ғасырда аяқ астынан пайда бола кетпегені ақиқат. Қазақ халқы ортақ бір тілде сөйлейтін тайпалардың үлкен одақтастығы нәтижесінде ұлттық жүйені қалыптастырған іргелі ел ретінде жарыққа шыққаны мәлім.
Ал бұл өлкені сақ өлкесі десе де, түркі әлемі десе де, Тұран десе де оның ең соңғы тарихқа мәлім аты — Түркістан.
Мұстафа Шоқайұлы өзінің "Түркістан" атты мақаласында "Түркістан - түркілер елі деген сөз. Сонау VI ғасырдың өзінде-ақ монғол дәуіріне дейінгі көшпелі империясын, түркі жұрты қанатын жая қоныстанған кең байтақ аймақты сасанид әулеті кезіндегі (ІІІ-ІІ ғғ.) ирандықтар осылай атай бастаған екен.
Бұл көшпелі түркілер империясының аумағы Қытайдан тартып Парсы мен Византияға дейін созылып, солтүстікке қарай онымен сасанидтер мемлекетінің арасындағы шекара қызметін атқарған Әмудариядан бастап Индке дейін көсіліп жатты. Батыста түркілер мекені Птоломейдің кезінде-ақ түрікше Дайкс (яғни Жайық) атымен белгілі болған Орал өзеніне келіп тірелген" деп жазады. Бұл деректің дәл қазір Түркістанды құрайтын территорияны және онымен шектесетін елдердің аумағы туралы жеткілікті түсінік берері сөзсіз. Ол 4 млн. 105 мың шаршы метр ауданды қамтиды. Демек Түркістан өлкесі бүкіл түркі халқының ата жұрты екені ақиқат.
Орыс ғалымы Аристов "Охот теңізі мен Мұзды мұхиттан Адриат теңізіне дейінгі кеңістікті мекендейтін түркілер аз ғана өзгеріске түскен бір тілде сөйлейді, яки ортаазиялық түркі якутпен де, Осман түркімен де түсінісе алады" — деген тұжырым айтады. ("За-метки об этническом составе тюрк-ских племен" журн. "Живая старина" СПБ 1896 г.) Бүл туралы ғалымдар Эрман, сондай-ақ Миддиндрофтың да айтқан осы пікірі үқсас келетін тұжырымдары баршылық.
Профессор Н.Мелиоранский "Қазақ тілін зерттеушілердің бәрі де бір ауыздан қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза, әрі бай тіл деп куәландырып отыр" деп жазды. Олай болса бүкіл түркі халқының бел ортасындағы ұлан байтақ территориядағы қазақ халқының тілі бірнеше мың жылдық тарихы бар бір ұлттың түркі тамырлас ана тілі болып есептеледі. "Ана тілін білмейтін адам мәдениетті адам санатына қосылмайды" дегенді Мұхтар Әуезов. Ал дәл қазіргі қазақтың зиялы азаматтары өз халқының байырғы тарихын терең зерттеп, таразылап жатса қазақ тілінін тарихына байланысты бірнеше тілдік ескерткіштердің, жазбалардың бар екендігіне көзі жеткізген болар еді. Ал осы бір аңғал да жомарт батыр халық туралы Фазала Ибн Рузбихан Исфахани "Бұқара жазбаларында" екінші тайпа ел қазақтар. Олар қайратымен, ержүректігімен дүниеге аты жайылған ел" деп жазады. Осы халық тілінің Америка құрлығындағы үндістермен ұқсастығы немесе оның көне Орхон-Енисей жазуларының кейбір әріптерінің біздің заманға дейінгі 2-3 мыңыншы жылдықтарында Арабия түбегін мекендеген семит тайпаларынан тұратын бірлестік арабилердің жазуларына ұқсастығы халықтың да тіл тарихының бағзылығын, көнелігін дәлелдесе керек. Қазақ халқы қазір бұдан 2200 жыл бұрын тайпалық мемлекеттік бірлестік құрған мекендерінде отыр. Енді сол халықтың ана тілі өзіміздің Ата Заңымызда мемлекеттік тілді болып жазылғанымен салғырттықтың, енжарлықтың салдарынан кең тыныстай ала алмай жатқаны кімді де болса алаңдатпай отырған жоқ.
"Кімде-кім қай тілде ойлайтын болса, оның ана тілі де сол тіл" депті орыс ғалымы Даль. Бұл тұжырымға жүгінсек дәл қазіргі кезде ана тілінің құдіретін ананың ақ сүтіндей қастерлеп, оны мемлекеттік тіл дәрежесіне дейін көтеруге енжар қарайтын қандастарымыздың көп екендігі өкінішті-ақ. Әлемдегі өркениетті халықтармен бірдей сан ғасырлық мың өліп, мың тірілген тарихы бар қазақ халқы өзінің осы күнгі ана тілімен XXI ғасырға аяқ басқалы отыр. Демек әлемдегі өзге тілдермен бірге біздің қазақ халқының тілін де терезесі тең мемлекеттік те, халықаралық дәрежеде де пайдалануға болатын тіл деп есептеуге болады. "Түркі тілдері бүгінгі құрамында біздің жыл санауымызға дейінгі 5 ғасыр аясында белгілі. Одан — әрідегі ғасырлар тұңғиығына сұғына бойлап, түркі тілдерінің тарихын тануға біздің біліміміз жетпейді, дәлірек айтсақ білімсіздігіміз мүмкіндік бермейді. Сөз жоқ әрідегі ғасырлар тұңғиығында түркі тілі болған. Алайда оны тануға бүгінгі білім өреміз тапшылық етуде", — дейді әйгілі түрколог С.Малов. ("Древние иновые тюркские языки". Известия, ЛН СССР, 1952, том 11, изд.2, стр 135).
Көрнекті ғұлама Л.Гумилев былай дейді: "Жеке адамдардың ғана емес, этностардың отаны бар. Этностардың отаны дегеніміз тұңғыш рет табиғатпен тіл табысып, жаңа қоғам құрған жері". Демек қазақ халқының табиғи тек-тамыры нәр алған оның табиғи ортамен сабақтасқан темірқазығы — ұлан байтақ қазақ даласы.
"Іргелес тайпалар маңайындағы тайпаға өзінше ат беріп отыратын болған. Олардың берген атының сол тайпаның өзін-өзі атап жүрген атынан айырмасы болады" деген Карл Маркс. Сондай атаулардың бірі — "кумандар", "половецтер", ал мұсылмандардың жазбаларында " қыпшақ", қытай тарихшыларының еңбектерінде "каткин" деген аттармен кездесетін Дешті Қыпшақ ұлысының тарихы. Біз бұл жерде Дешті Қыпшақтың тарихына емес, сол бір ұлы ұлыстың ортақ түркі тілінде сөйлегендігін айту еді. "Куман (қыпшақ) тілі заманында күшті рөл ойнаған. Еуропаны аралайтын әрбір жолаушыға", — дейді орыс ғалымы Б.Мешков, — XVIII ғасырда француз тілі қандай керек болса, Шығыс еліне сапар шегетін әрбір саяхатшыға ХІII-ХІV ғасырда куман (қыпшақ) тілі сондай қажет болды". Бүкіл әлемде ұлы дүрбелең, ірі сілкініс тудырған XIII ғасырда Еуразияны, Шығысты білгісі келген адамның қыпшақ тілін білуі керектігі тарихи шындық болса, сол қыпшақ гілінің мұрагері — қазақ тілі тәуелсіз қазақ елінің қазіргі заманда мемлекеттік тілі болуына кім кедергі?
Сол ғасырда бірнеше мемлекетте өзара қатынас тілі болған бұл тілді ендігі тәуелсіздік алған сәтте шын мәнінде мемлекеттік дәрежеге көтермеу жер-жердегі қазақ азаматтарының атына сын. Жуырда американдық лингвистер мынадай мәліметтерді жария еткен: "Қазір әлемде 6 мың тіл бар. Олардың 3 мыңдайы XI ғасыр табалдырығын үйтіп-бүйтіп аттайды, ал келер ғасырға өз күшіне өзі сенетіндей күйде бара жаткдндарының саны 600-дей ғана". Егер ана тіліне деген, туған Отанымыздың мемлекеттік тіліне деген көзқарас дәл қазіргідей енжар қалыпта қала берсе XXI ғасырға үйтіп-бүйтіп жетіп, одан әрі тілімізді жоғалтып алуымыз да ғажап емес. Өйткені заңдар мен жарлықтарға қарамастан аудандық жерлердің өзінде іс қағаздары әлі де болса мемлекеттік тілге толық көшкен жоқ. Кібіртіктемей түсауы кесіліп, көк байрақ туын жоғары көтеріп ана тіліміз де аспандай береді деген шалқыма көңіл осы күні су сепкендей бірте-бірте басылып барады. Өзінен-өзі жүзеге асатындай қазір ауылдық жерлерде жайбарақаттық басым.
Академик С.Балмұханов "қазақ халқы екі бірдей нәубетті басынан кешірді. Біріншісі ақтабан шұбырынды, екіншісі 33 жылғы ашаршылық пен 1937 жылғы нәубет, үшінші нәубет қазақ үшін надандық болуы мүмкін" деген екен. Демек біздің тілімізді мемлекеттік тіл деңгейіне көтеру қазақ ұлтының — оның бүгінгі ұрпағының қолында.
Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан Халықтары Ассамблеясының III сессиясында сөйлеген сөзінде: "Адамдарға ғасырлар бойғы дәстүрлерін қайта қалпына келтіруге мүмкіндік беру өте маңызды: қазір жаңа "Тіл туралы" заң әзірленіп жатыр. Тілді, ең алдымен мемлекеттік тілді оқып үйренуге өзгерістер енгізу және нақты тұтқаларды жасау қажет. Қазақстан азаматтары елдің мемлекеттік тілін құрметтеуге және оны оқып-үйренуге, білуге тиіс. Бүл орайда бұл тіл ел халқының басым көпшілігінің туған тілі екенін жөне болашақта оның мемлекеттік тіл ретінде басым болатынын ескеру орынды", - деген болатын. Олай болса туған жердегі өз жұртымыздың туған тілінің тағдырына бүгінгі ұрпақ жауапты болмағанда біз мемлекеттік тіліміздің тағдырын кімге сеніп тапсырмақпыз. Сайып келгенде бәрі де өзімізге байланысты емес пе? Сондықтан талап та төменнен басталуы тиіс. Сол жерде басшы мен әрбір азаматтың жауапкершілігін талап ету ретке келтіруі керек.
«Заң» газеті №44(850), 14.03.2006 ж.
Авторы: Зәкім Жайлыбай 2006-03-30
628 рет оқылған | Nov 20,2006 | жазған: | Oljas
|