Іргетас басқы бет | Бастапқы бет ретінде орнату | Жиі қолданымға қосу | Кері байланыс | Сайт картасы Хабар қосу
Басқы бет | Жаңалықтар | Әдебиет | Ислам | Пікірталас | Әндер | Суреттер | Құжаттар | Чат
  Сайттан іздеу     » Көп амалды іздеу
Бөлімдер
Архив
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Сауалнама: Талғам
Жаңалықтар
Қазақ елі
Әдебиет
Ислам
Басқадай


ОЙ-ХОЙ, ҚАЗАҚТЫҢ КЕЛІНДЕРІ-АЙ!


image
Алла Тағала қыз баланы тұрмысқа шығып, өмірге ұрпақ әкелумен бір әулеттің үрім-бұтағын әрі қарай өсіріп-өндіру үшін жаратқан. Келін болып түсу — үлкен қуаныш, зор мәртебе. Сонымен қатар, оның жас келін мойнына артар міндеті де оңай емес. Келінге қайын ата мен қайын ененің көңілінен шығып, олардың қас-қабағын бағуды былай қойғанның өзінде, төңірегіндегі абысындарымен тіл табысып, ауыл үй мен ағайын арасының жарасымдылығына, аралас-құралас, та-тутәтті тіршілік етуіне ұйытқы болу міндеті жүктелген. Сол себептен де ата-бабаларымыз келінді өз ұрпағын өрбітіп-өркендетіп өсіруші әрі өрісін кеңейтуші жан ретінде бағалап, оны ырысым, құт-берекем деп құрметтеген. Келін үшін қайын ене тәлімі — үлкен тәрбие мектебі. Келіннің «келсап» болмай, елгезек , жақсы адам болып қалыптасуы, ең алдымен, оның еріне деген қадір-құрметіне, екіншіден, қайын ененің тәлім-тәрбиесінен байланысты. Өйткені, ене — келіннің екінші анасы. Ал, қайын ене үшін өзегін жарып шыққан ұлының жары — ол да өз баласы. Келіннің енеден үйренері көп. Бүгінгі келін — ертеңгі ене. Келешекте ол енесінен үйренгенін өз келініне үйретеді. Дәстүрлі тәрбие мектебі осылайша жалғасып кете береді. Бұл — нағыз халықтық педагогика, яғни, ғасырлар бойы қалыптасып, бұлжымай орындалып келе жатқан жазылмаған өмір

заңдылығы, тіршілік сабақтастығы. Келіннің екінші бір сынға түсетін ортасы — абысын-ажын арасы. Ауылдың, әулеттің ауызбірлігі мен ынтымақтастығы, айрандай ұйыған тату-тәтті тіршілігі, негізінен, осы абысындарға тікелей қатысты. Бірге туған ағайынды отағасылардың әйелдері бір-біріне абысын-ажын болып келеді (абысын — үлкен келін, ажын — кіші келін). Аталарымыздың «Ағайын тату болса — ат көп, абысын тату болса — ас көп» деуінде үлкен тәрбиелік мән бар. Әулетке, ағайын-туғанға, барша ауылға қадірі артқан келін атану үшін, әрбір әйел заты тамыры тереңде жатқан халықтық тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге қайнарынан сусындап, шөлін қандырып отырғаны жөн.

«Қазақстан-Заман» газеті №3. 13.01.2006 жыл

Авторы: Сағира Сұлтанова

661 рет оқылған | Nov 20,2006 | жазған: | Oljas
Ұқсас хабарлар

Бұл жазбаға сәйкес ештеме табылмады
Бұл жазба сізге ұнадыма?
Rating: 4.94Rating: 4.94Rating: 4.94Rating: 4.94Rating: 4.94 (барлығы 31 дауыс)

comment Пікір жаз (1 жазылған) 
  • келіндер туралы мақала маған қатты ұнады. шіркін әрбір үйдің келіні осындай болса! біздің бір танысымыздың үйінде мынадай келін бар: келін жетесіз нағыз келсаптың өзі болса, енені тыңдамайтын, жарын сыйламайтын, абысын-ажынға жексұрын айтқан сөз дарымайтын келін бар ондай келінді қалай тәрбиелеуге боллады?
(Уақыты January 14, 2007, 9:56 PM алия)


Ең көп оқылған
Сілтемелер
Жазушылар