Артық ғылым кiтапта,
Ерiнбей оқып көруге,
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан!
Сен де - бiр кiрпiш дүниге
Кетiгiн тап та, бар, қалан!
Баламды медресеге бiл деп бердiм,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедiм.
* * *
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бiр ғалымды көрсеңiз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңiз!
* * *
Бiлiмдiден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
* * *
Бiлiмсiздiк - хайуандық.
* * *
Бiреуден бiреу артылса,
Өнер өлшенiп тартылса,
Оқыған, бiлгең - бiлген-ақ,
Надан - надан-ақ сан қылса.
* * *
Бiр ғылымнан басқаның,
Кеселi көп асқанға.
* * *
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
* * *
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
* * *
Ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен бiлмеқ үшiн үйренбек керек.
* * *
Ғылымсыз дүние жоқ.
* * *
Дүние де өзi, мал да өзi.
Ғылымға көңiл бөлсеңiз.
* * *
Дүниенiң ғылымын бiлмей қалмақтық - бiр үлқен зарарлы надандық.
* * *
Еждиһатсыз, михнатсыз,
Табылмас ғылым сарасы.
* * *
Жасымда ғылым бар деп ескермедiм,
Пайдасын көре түра теқсермедiм.
Ер жеткен соң түспедi уысыма,
Қолымды мезгілiнен кеш сермедiм.
* * *
Жатқан надан не бiлер,
Көңiлге сәуле қонбаса.
* * *
Кезiнен басқа ойы жоқ
Адамның надан әуресi.
* * *
Надандық - ғылым-бiлiмнiң жоқтығы.
* * *
Орыстың ғылымы - өнерi дүниенiң кiлтi, оны бiлгенге дүние арзанға түседi.
* * *
Оқыған бiлер әр сөздi.
Надандай болмас ақ көздi.
* * *
Өзiң үшiн үйренсең,
Жамаңдықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
Бiреу үшiн үйренсең,
Бiреу бiлмей, сең бiлсең,
Бiлгенiңнiң бәрi - түл.
* * *
Өзi өнерсiз өмiрден тез суынар,
Ойланған жолаушыдай бос қалғаның.
* * *
Өзiң тiрi болсаң да, қөкiрегiң өлi болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың.
* * *
Өнер - өзi де мал, өнердi үйренбек - ихсан (1).
* * *
Таразы да, қазы да өз бойыңда,
Наданның сүйенгенi көп пен дүрмек.
* * *
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық бiлуге.
------------------
* * *
Талап, ұғым - махаббаттан шығады.
* * *
Шәкiртсiз ғалым - тұл. Адам баласын бауырым деу - жүреқ iсi.
* * *
Адам баласына адам баласының бәрi - дос.
* * *
Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мiнез деген нәрселерден озады.
* * *
Адамшылықтың алды - махаббат, ғаделет, сезiм. Бұл ғаделет, махаббат, сезiм кiмде көбiрек болса, ол кiсi - ғалым.
* * *
Адамның адамшылығы iстi бастағанынан бiлiнедi, қалайша бiтiргендiгiнен емес.
* * *
Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
* * *
Әқесi ұрысса балаға о да - достық, Баласы ұрысса әкеге жараса ма?
* * *
Әкесiнiң баласы - адамның дұшпаны, адамның баласы - бауырың.
* * *
Әрбiр жаманшылықтың жағасында тұрып адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жимақтық, бұл - адамға нұр болады.
* * *
Бiреу сенiң қамыңды жесе, сенiң оған қарыздар екенiңе де ұстаздық керек пе?
Досы жоқпен сырлас, досы қөппен сыйлас.
* * *
Досына достық - қарыз iс. Дұшпаныңа әдiл бол.
* * *
Ер артық сұраса да, азға разы болады; ез аз сұрар, артылтып берсең де разы балмас.<
* * *
Ер iсi - ақылға ермек, бойды жеңбек. Өнерсiздiң қылығы өле көрмек.
* * *
Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың басыңды бұлт алса, iздеп таба алмайсың.
* * *
Жаман тату қазады өзiңе ор, Оған сенсең, бiр қүңi боларсың қор. Ары бар, ұяты бар үлкенге сен. Өзi зордың болады ығы да зор.
* * *
Жолдастық, сұxбаттасты⸏ - бiр үлкен iс.
* * *
Жүрегi жұмсақ бiлген кұл, Шын дос таппай тыншымас. Пайда, мақтан берi - тұл, Доссыз ауыз тұшымас.
* * *
Жылмаңы сыртта, iшi арам, Кез келер кайда сорлыға.
* * *
Залымдық - адам баласының дұшпаны.
* * *
Кей кұрбы бүгiн - тату, ертең бату, Тiлеуi, жақындығы - бәрi сату.
* * *
Кiм сенi сүйсе, оны сүймектiк қарыз.
* * *
Кiм өзiңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың қарыз.
* * *
Кiмде-кiмнiң әдiлетi жоқ болса, оның ұяты да жоқ.
* * *
Кiсiғе бiлiмiне қарай болыстық қыл; татымсызға қылған болыстық езi адамды бүзады.
* * *
Қастық қылмақ, қор түтпақ, кемiтпек - олар дүшпандық шақырады.
* * *
Қайғысыздан сақ бол,
Қайғылыға жақ бол.
* * *
Қолдан достық жасап ем болар-болмас, Итмүрындай наданның жыртты бiрi.
* * *
Құйрығы шаян, бетi адам Байқамай сенбе қүрбыға.
* * *
Малға достың мүңы жоқ малдан басқа.
* * *
Малынды жауға, Басыңды дауға,
Қор қылма, қорға, татулас.
* * *
Махаббатсыз - дүние бос - Хайуанға оны қосындар.
* * *
Надан арам ақылды қүлаққа iлмеқ. Нысап, ұят - бул гаделеттен шығады.
* * *
Өзiң үшiң еңбек қылсаң, өзi үщiн оттаған хайуанның бiрi боласың адамшылықтың қарызы үшiн еңбеқ қылсаң, алланың сүйген құлының бiрi боласың.
* * *
Өзiң құрметтемеген нәрсеге езгеден кұрмет күтпе.
* * *
Осiп-ену жолында адамның талап қылып iзденер қарызды iсiнiң алды - әуелi дос қебейтпеқ. Кiмғе достығың болса, достық - достық шақырады.
* * *
Адал еңбеқпен мал iздемеқ - ол арлы адамның iсi.
* * *
Адалдан тапқан тиынды, Сал да сақта қапшыққа. Қолдағынды қорғап бақ, Мал арзан деп аптықпа.
* * *
Адамға халiнше ихсанды болмақ - қарыз iс.
* * *
Алдау қоспай, адал еңбегiн сатқан енершi - қазақтың әулиесi.
* * *
Сақалын сатқан қәрiден еңбегiн сатқан бала артық.
* * *
Демендер өнбес iске жұбаналық, Ақыл тапсақ, мал тапсақ қуаналық.