Іргетас басқы бет | Бастапқы бет ретінде орнату | Жиі қолданымға қосу | Кері байланыс | Сайт картасы Хабар қосу
Басқы бет | Жаңалықтар | Әдебиет | Ислам | Пікірталас | Әндер | Суреттер | Құжаттар | Чат
  Сайттан іздеу     » Көп амалды іздеу
Бөлімдер
Архив
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Сауалнама: Талғам
Жаңалықтар
Қазақ елі
Әдебиет
Ислам
Басқадай


ХАН БАТЫР ҚАБАНБАЙ ДӘУIРI


image
немесе
Хан батыр Қаракерей Қабанбай және 1723 жылғы Жоңғар шабуылына байланысты тарихымыздағы ең айтулы теңдесi жоқ, бiрақ осы кезге дейiн тарихи шындықтың толық айтылуын күтiп, орны опырайып тұрған ұлы ДӘУIР Мен тарихшы, үлкен оқымысты емеспiн. Мамандығым тарих және қазақ әдебиетi пәнiнiң мұғалiмi, 79 жастағы зейнеткермiн. Алайда, жас кезiмнен ата-бабаларымыздың қасиеттi мұрасына ерекше назар аударып, жазып та, жаттап та жинаумен болдым. Өткен жылы баспадан шыққан "Тағлым" атты кiтабымда - сол еңбектерiмнiң нәтижесi. 334-беттен тұратын бұл кiтабымда Қаракерей руларының арқадан Тарбағатай аймағына келуiнен бастап, бүгiнге дейiнгi тарихи кезеңдерде бастан кешкендерi, Қабанбай, Боранбай, Байғара т.б. тарихи тұлғалар туралы архив материалдары, ХIХ, ХХ ғасырлардағы тарихи әдебиеттер, ел аузындағы аңыз-әңгiмелердiң де ақиқатқа сәйкестерi негiзiнде шамам келiсiнше ұрпаққа тағылым боларлық материалдар қамтылды. Кiтапты оқырмандар сонша ықыласпен қабылдады. 23.VI.1990 жылы облыстық "Семей таңы" газетiнде "Қабанбай батыр" атты көлемдi мақалам жарияланды. Сол жылы желтоқсанда Семейге шақырылып, телеарна арқылы жазушы Ғ.Сапаев екеумiз 45 минуттiк (Қабанбай туралы) сұхбат бердiк.

Өткен жылы ұлы бабамыздың туғанына 310 жыл толуының осы Қабанбай бабамыз бен Хан Абылай бастап, жанкештi батыр бабаларымыз орнатып берiп кеткен тәуелсiздiгiмiзден айрылып қап, қайта алғанымызға 10 жыл толған ұлы мерекемен сәйкес келуi - бiр Алла өзi қиыстырған тарихи сәттiлiк.

Ал Тарбағатай ауданында аудан әкiмi Түсiпхан Түсiпбековтың басшылығымен өткен үш күндiк мерейтой салтанаты көпшiлiктiң көңiлiнен шықты. Той аудандық деп аталғанмен, оған қатысуға үлкен қалалардан лауазымды ғалымдар мен зерттеушiлер, жазушылар мен сазгерлер арнайы келiп, атбасын тiредi. Оның iшiнде Халық қањарманы Қасым Қайсенов пен ғасыр адамы, Қарағанды Мемлекеттiк Университетiнiң профессоры, есiмi шет елдерге де кең танымал аса iрi оқымысты Есмағанбет Смайылов бар.

Бiз осы уақытқа дейiн халқымызға құрып кету қатерiн туғызған, кемеңгер Елбасымыз Н.Назарбаев қазақ халқының Ұлы Отан соғысы деп әдiлеттi атаған, "ақтабан шұбырынды дәуiрiн" тек Абылай есiмiмен байланыстырып, Қабанбай ханның бас батыры ретiнде сол дәуiрдегi екiншi адам ретiнде түсiнiп келдiк. Хан батыр, дарабоз атағын да Абылай берiптi деп айтылып келдi.

Соңғы кезде қолыма тиген тарихшы Кәмал әбдiрахманның "Хан батыр Қаракерей Қабанбай" атты кiтабы мен Үйсiннiң сол кездегi дана көсемi, көрiпкел киелi әулие Сарышуаш жыраудың Қабекеңнiң науқасы нашар тартты дегендi естiп, бүкiл үйсiннiң игi жақсыларын ертiп, көңiлiн сұрай келгендегi "Уа, Қабанбай, Көзелiм" атты ("Қазақ әдебиетi" газетi, 10 шiлде, 1992 ж.) өз көзiмен көргендерi бойынша бабамыздың қазақ тарихында теңдесi жоқ данышпандық еңбегiмен қањармандық ерлiгiн жерiне жеткiзе айтқан ұзақ толғауын оқыған соң ол кiсiнiң тарихи орны туралы ұғымым басқа арнаға түстi.

Камал әбдiрахманға келсек, ұлы бабамызды зерттеудегi табандылығы, сонша еңбекшiлдiгi және бiлгiрлiгi кiтап материалдарының бүкiл өн бойынан барынша байқалады. Алайда, Абылайды бiрiншi, Қабекеңдi екiншi орынға қоятын ескi ұғымның жетегiнде лажсыз қынжылтатын қисынсыз жеңiл пайымдаулар да аз еместiгiн айтпасқа болмайды.

Қазақ халқы Жошы заманынан берi "Төресiз ел, төбесiз бел болмайды" деген қағиданы берiк ұстап, ешбiр руға жатпайтын, барлық руға ортақ Шыңғыс, Жошы ұрпақтары (хан, сұлтандар) биiлiгiн қалады. Бұл қалау өзiн ақтады да. Ел мүддесiн өз мүддесiнен жоғары қойып, қазақ мемлекетiнiң iргесiн берiк ұстаған әз Жәнiбек, Қасым, Есiм, Салқам Жәңгiр, әз Тәуке сынды ұлы хандар тарихтан белгiлi. Алайда, хан-сұлтандардың бәрiнiң өресi бұлардай болған жоқ.

әз Тәукеден соң таққа таласып, ел бiрлiгiн бұзған төрелердiң терiс әрекетi жауға жем болудың басты себебi едi. Жоңғарлар осындай ырың-жырың кезеңдi пайдаланып, 1723 жылы жойқын шабуылын бастады. Батыстың бiр газетi осыған байланысты сол кезде ендi жер бетiнде қазақ деген халық болмайды деп жазған екен.

Кiтапта Қаракерей Қабанбай Арқада жерлендi дегенге 1995 жылға дейiн сенбей келген қателiгiн соңғы жылдары табылған деректер мойындатып отырғанын жасырмайды. Арқаға, Ақмолаға жерленгенiн дәлелдеген соң, сонша зейiн қоя iздеу арқылы Бабамыздың мекен-жайы, тiптi дүниеден қайтқан жерi Үш терек туралы да дәл бiлетiн адамдардан анықтаған. Ол туралы автор: "Хан батырдың" кесенесiнiң жағасы, маңайы ну орман, желден ық, Нұра өзенiне дейiн үш жарым шақырым. Үш терек пен өзен арасы да осындай. Өзен бойы қыстауға аса ыңғайлы. Тоғай арасында шөп басы мол, жайылым. Қолда қалған сойыс малына жетiп-артылады. Ал негiзгi мал шығысқа қарай он-он бес шақырымдағы бұйрат iшiнде. Қазiр де солай" деп баяндайды. Бұл бабамыздың өмiрiне байланысты бiр ғана жайт, өмiрiнiң ақырына дейiнгi мекен-жайы туралы ғана. Кiтапта бабамыздың ата тегi, өмiр жолы, ел қорғаудағы қањармандық ерлiктерi туралы да тиiстi деректерге сүйене отырып көптеген мәлiметтермен қоса, зираттың Хан батырдiкi екенiн өзiнен басқа да елiмiздегi бiрталай бiлгiр, оқымысты азаматтардың қалай дәлелдегенi, ең соңында бабамызға кесене салу iсi және соны салуға атсалысқан аяулы азаматтардың көмегi де кеңiнен аталып кеткен.

Негiзгi айтпағымыз - Хан батыр Қаракерей Қабанбайдың хан сайланып, 1724 жылдан бастап үш жүздi өзiнiң ақ туының астына бiрiктiрген, бұл билiк өмiрiнiң ақырына дейiн қолында болғандығын дәлелдейтiн материалдар да бiрталай баршылық. Соның iшiнде Шәкура Ахметжанқызынан қалған Бұқар жыраудiкi деп аталатын "Хан сайладық қарадан" атты көлемдi толғау.

Толғау 1764 ж. қаңтар Бұқар жырау деп берiлген. ("Хан Қабанбай және халқы" екiншi кiтабының 453-461 б.б.)

Толғау 11 буынды қара өлең түрiнде болғандықтан, Бұқар жыраудiкi деп нану да қиын. Алайда осыны қалдырған Шәкура Ахметжанқызының ел аузынан жинаған жыр-дастандарын былай қойғанда, тек өзiнiң ғана қаламынан туындаған жүзге тарта қиссалары мен толғаулары болғандығының өзi-ақ қазақ тарихына да, басқа да тарихи жағдайларға да байланысты ол кiсiнiң терең бiлiмдi, сонша дарынды болғандығы дау туғызбайды. Толғауда ықылымда өткен Шыңғысты, онымен майданда мерт болған Найманның Таян ханын, Отырарға кiрген тыңшыны жазбай атау, ал қалмақ нояндарын, қазақ батырларының аттарын жаңылмай, қолмен қойғандай атау - тiптi қазiргi күнде де екiнiң бiрiнiң қолынын келе бермейтiн бiлiмдарлық. Қалай болғанда да Шәкура ананың кеудесi қазына және қолында дерегi, айғақтары мол болғанын байқаймыз. Ал Шәкура ана кiм дегенге келсек, Талдықорған облысындағы Үшарал ауылында 1920 жылы сауатты татар саудагерi Ахметжанның отбасында дүниеге келген. Мектепте 6 кластық бiлiм алады. 1933 жылы өгей әкесi Дәулетханның басына қиын күн туып, Қытайға қашып өтедi. Шәкура ол жақта 1939 жылы Кәрiм Бекмоллаұлы деген азаматпен отау тiгедi. Ата мекенге 1962 жылы оралып, 1978 жылы дүниеден өткен көрiнедi.

"Хан батыр Қаракерей Қабанбай" атты кiтапта бабамыздың 1724 жылы Хан сайлануы туралы тағы да екi дерек бар. Бiреуi - 1991 ж. Талдықорған облыстық "Октябрь туы" газетiнде жарияланған, Қаракерей Қабанбай батырдың 1724 ж. Түркiстанда хан сайланғаны туралы дерек. Батырдың Қожа Ахмет Иассауи мавзолейiнде тұрған қанжарын дәстүр бойынша хан сайланысымен, "Хан талапай" үстiнде аталастары алыпты да, баладан-балаға мұра болып, ақыры мавзолей музейiне экспонат ретiнде өткiзiлiптi. Мақала авторы өзiн 92 жастағы Түркiстан қаласының тұрғыны Бақдарыған ақсақал екенiн жазған.

Ғылыми-зерттеу iсiне сонша адал, соған көз жеткiзу үшiн ерiнбейтiн Кәмал сол жылы күзде Талдықорғаннан Түркiстанға арнайы сапар шегедi. Бiрақ 92 жастағы Бақдарыған қазасының үстiнен шығады. Музейдегi қанжарды да көредi.

Содан 10 жыл бұрын 1981 ж. Iлияс Есенберлин әбiлмансұрдың атасы Абылай хан Түркiстанды тастай қашқанда, Қаракерей Қабанбай "аруақтап" жүрiп, алғашқы халық жасағын құрғанын, қорғаныс ұйымдастырғанын, ел оны хан сайлап жiбергенiн жазған екен.

I.Есенберлин сияқты классик жазушыға сенбеске дәлелiң жоқ және Қабекең туралы басқа да деректерге терең бойласақ, хан сайланғаны күман келтiрмейдi. Жоңғарлар жойқын шабуыл бастаған кезде батыста бiр газет ендi жер бетiнде қазақ деген халық болмайды деп жазған екен. Егер қазақ халқы құрыса, хан-сұлтандар да, батырлар да, билер де бiрi қалмай жойылатыны сөзсiз ғой. Ауызша және жазбаша деректерге сүйенсек, осыны жедел және терең түсiнген, қасиетiңнен айналайын үш жүздiң ел ағалары бұрынғы алауыздықты, бақастықты тастап, елiнiң теңдесi жоқ данышпан көсемi, ұлы қолбасы, көрiпкел әулие Қабанбайдың бiр басындағы осынша қасиеттерiн бiрден танып, хан (хан батыр) сайлап, оның ақ туының астына жедел бiрiккенiн көремiз. Осыдан соң данышпандық ақыл-ойдың теңдесi жоқ алыбы үш жүздi бiр жағадан бас, бiр жеңнен қол шығарған, жұдырықтай жұмылған, тұтас алып күш етiп бiрiктiрдi. Жауды талқандай отырып, бабамыз халықты құрып кетуден сақтап қана қоймай, әз Тәуке ханнан соң берекесi кеткен тәуелсiздiгiмiздi қайта қалпына келтiрiп, нығайтты. Және елдiң билiгi өмiрiнiң ақырына дейiн тек бабамыздың қолында болғанын ол кiсiге байланысты деректер толық дәлелдейдi. Абылайға келетiн болсақ, Қабанбайдан соң халқына қорған, дана, тақ иесi болған оның тарихи ұлы тұлғасы алдында да бас иемiз. Абылай Қазақ мемлекетiнiң iргесiн берiк ұстап, ел мүддесiн өз мүддесiнен жоғары қойған әз Жәнiбек, Қасым, Есiм, салқам Жәңгiр, әз Тәуке сынды ұлы хандардай кемеңгер, халқының қасиеттi хан иесi болғаны даусыз. Бiрақ тарихи деректер Қабанбайдың тарихи орны одан еселеген жоғары екенiн көрсетедi. Сол заманның ешкiмге бұрмайтын дана куәгерлерi болған Бұқар, Саршуаш, Үмбетей жыраулардың жырларындағы айтылғандарға ревизия жүрмейдi. Мысалы, қазақ тарихында дүниеден өткен нелер жақсы-жайсаңдарға, хан-сұлтандарға Алладан жанын қалдыруды сұрап, ондап, тiптi жүздеп мал айтқаны болған шығар, бiрақ адам айту болмаған. Ал Қабанбайға да Абылайға да қайтыс боларда Бұқар жырау мал емес, адам айтады. Бұл қазақ тарихындағы ең қиын кезеңде ел билiгiнiң иесi болған екi ұлы бабамыздың ел тағдыры үшiн аса қымбат болғандығының дәлелi.

Қабекең нашар жатқанда келген дана Бұқар жырау:

Қарт белдерiм үзiлiп,
Кемсеңдедiм егiлiп,
Айналайын, Қабанбай,
Кiретiн жауға тайсалмай,
Жау келгенде жарағым,
Асқынып елге дау келсе,
Баса-көктеп жау келсе,
Түрулi едi құлағың.
Кеше түсте естiдiм,
Қабанбай ауру дегендi, Құлазып көңiлiм, қобалжып,
Жетiмсiреп жыладым.
Арғыннан айттым жүз кiсi,
Найманнан айттым жүз кiсi,
Үйсiннен айттым жүз кiсi
Үш жүз кiсi болар ма,
Басындырмас пырағым.
Айналайын Қабанбай
Құрбаныңа атаған қара мойын лағың, - дей келiп:

Бұл дүниенiң қарты едiң,
әулиенiң арты едiң,
Батырлардың мәртi едiң,

- деп, егiле толғап, данышпан жырау оның халқымыз үшiн қазақ елiнiң арғы-бергi тарихында атаған құрбандығына лайық теңдесi жоқ ұлы тұлғасын да дәл мүсiндеген.
Абылай хан нашар тартқанда көңiлiн сұрай келген Бұқар:

Қайырусыз мал жайдырған ханым-ай,
Қалыңсыз қатын құштырған ханым-ай
Үш жүздiң баласынан үш кiсi айтсам,
Қалар ма екен жаның-ай, - деген ғой.

Ал жоғарыдағы толғауында Қабанбай үшiн үш жүз кiсi айтады, демек жүз есе артық бағамен Кемеңгер Бұқардың аузынан бұл да бекер шықпаған. Оны үйсiннiң сол кездегi дана көсемi, әрi көрiпкел киелi әулие Сарышуаш жыраудың жоғарыда аталған "Уа, Қабанбай, көзелiм" атты ұзақ толғауынан әбден көруге болады. Жырды "Қазақ әдебиетiне" ұсынушы тарих ғылымының кандидаты әбдiкәрiм Хасенов былай деп түсiнiк жазыпты: "Қарақұланның Мұхаметшесi (Мұхаметжан) деген қария 1953 жылы бiр кездескенде: "Қарағым, бұрынғы даналар айтқан сөз едi. Ата-бабаларымыз бiзге жаттатты. Ендi сендер жазып алып сақтаңдар. Түбi, бiр кәдеге жарар, асыл пышақ қап түбiнде жатпас деген," - деп бiр тоқтап, одан әрi былай дегенi есiмде: "Қазақ-қалмақтың жаугершiлiгi заманында Үйсiнде Сарышуаш жырау деген көрiпкел әулие өтiптi. Жақынды жақыным деп өзiне тартпайды екен, алысты алыссың деп бетiнен қақпайды екен. Бидiң әдiлдiгiне көшiп отыратын қасиетiн қадiрлеген елi алдынан батасын алып тарасатын болған. Қабанбай батырдың науқасы сәл тартып жатыр дегендi естiп, Сарышуаш шешен елiнiң игi жақсыларын ертiп, көңiлiн сұрауға барады. Сонда осы толғауды айтады, - деп әңгiмелеп едi. Сұңғыла қария 1964-1965 жылдар шамасында Жансүгiров селосында (Талдықорған облысы, Ақсу ауданы) 100 жасқа тақап барып дүние салды, әңгiмеге Бүркiтбек, Бұқпантай деген ақсақалдар да қатысып, толғаудың кейбiр тұстарын толықтырып отырып едi", - дептi. Ендi жырдың өзiне тоқталайық

"Уа, Қабанбай, көзелiм,
Қайғы шеккен елiңнiң,
Жылағанын жұбатып,
Қисайған көшiн түзедiң.
Үш күн, үш түн ұйықтамай, Өртендi күйiп өзегiм,
Дулатқа салдым бiр хабар,
Албанға жеттi бiр шабар,
Үйсiннiң жиып кiсiсiн,
Арызданып қалсам деп,
Өзiңе тарттым бiр сапар, -

дейдi де, одан әрi жырау;
Ат жалын тартып мiнгелi,
Жорықта талай жүрiстiм,
Қалмақтағы Қалдан хан,
Қалдан ханмен ұрыстың.
Зарпыңа шыдамай, Телiмi шығып тентiреп,
Аңыраған көп қалмақ,
Жөңкеннiң арғы бетiне,
Ереннiң күнгей шетiне,
Қонысын тастап ығысты,

- деп, ұлы қолбасшының қањармандық бейнесiн көз алдыңа әкелiп сүйiспеншiлiкпен толғайды. Ал тағы бiр ұрыстағы жорықтас батыр серiктерi Есенгелдi, ер Шонай, Тауасар, ер Таңат, матай Малдыбай, қасқарау Молдабай, дулат ер Бөкей, Тәттiбай мен Олжабай, керей ер Жабай, көкжарлы Барақ, Тұрсымбетбайдың жанкештi ерлiктерiн тiзбелей келiп, сол жолы:

Көтерiлiп көп қазақ,
Ата аруағын шақырып,
Айқай-сүрен салғанда,
Қаракерей Қабанбай, Ту түбiнде тұрғансың,
Қу дауысты Құттыбай,
Бұқар жырау, Сарышуаш
Кеңесiне мойын бұрғансың -

деп, Қабанбайға ақылшы батагөй даналарды да атап кетедi.
Дана жырау Қабанбай бабамыздың тек қазақтың ғана емес, бүкiл алты алаштың қорғаны боп, шартарапқа жайылған айбынды да абыройлы даңқын көзiмен көргендерi бойынша былайша дәл баяндап, оның қазақ тарихында теңдесi жоқ ұлы да дара тұлғасын дана Бұқар Абылайдан жүз есе артық бағамен мүсiндеуiнiң дұрыстығын әбден дәлелдеген:

Арғы атасы Сейiлхан,
Сейiлханнан тараған
Сегiз арыс түрiкпен,
Қызылбастан қыз жаулап,
Балқан таудың басынан,
Арлы-берлi үрiккен
Қабанбайлап шапқанға
Қақ айырылып жол берген
Қабанбайдан келдiм дегенге,
Атынан түсiп қол берген.
Жиделi-Байсын жайлаған,
Келелеп түйе айдаған
Тоқсан баулы өзбек-сарт,
Арғы атасы Сейiлхан,
Сейiлханнан тараған
Сегiз арыс түрiкпен,
Қызылбастан қыз жаулап,
Балқан таудың басынан,
Арлы-берлi үрiккен
Қабанбайлап шапқанға
Қақ айырылып жол берген
Қабанбайдан келдiм дегенге,
Атынан түсiп қол берген.
Жиделi-Байсын жайлаған,
Келелеп түйе айдаған
Тоқсан баулы өзбек-сарт, Тоғыз таңба найманнан,
Тоғыз құйрық ту алып,
Тоғыз тумен қол шықса
Қол ағасы Қабанбай,
Тоқсан баулы өзбекпен
Қыл құйрықты, қыл жалау,
Қанды телпек, сексен шоқ,
Қалмаққа жорық жол шықса
Күн көзiне сыймаған,
Ай жүзiнде айылын жимаған,
Алаштың ауыр қолына,
Ағалыққа ұнаған
Дарабоз Қабанбай!
Самарқандда сансыз бап,
Бұқара-Шәрiп арасы,
Қабанбай десе, тақ тұрған
Найза ұстаған баласы.
Дұғасынан тастамай,
Бата оқыған бабасы,
Ер Қабанбай, Көзелiм,
Ескiден қалған көз едiң.
Байсалменен ойласам,
Қайратыңа бақ тұрған,
Абылай сынды төреңiз
Қасыңа әкеп тақ құрған.

Қабекеңнiң теңдесi жоқ дара тұлғасын танытуда шындықты бұрмайтын, заманының әдiл де әулие куәгерлерi болған екi дананың (Бұқар мен Сарышуаштың) осы жырларынан асқан қандай дерек керек?! Сарышуаштың "Қайратыңа бақ тұрған, Абылай сынды төреңiз қасыңа әкеп тақ құрған" деуi Абылайдың Қабанбайға сүйенiп, орта жүзге ғана сұлтандық тақ құрғанын Абылай сынды ханыңыз демей, төреңiз деуi сұлтан ғана екендiгiн танытып тұр.

Ал Ресей патшайымы Екатерина екiншiнiң канцлер Н.Паниннiң ұсынысы бойынша, 1778 жылдың 28-мамырында Абылайды тек орта жүздiң ханы етiп тағайындау туралы сенiм хаты, 1771 ж. өзiнiң үш жүзге хан сайланғаны туралы хабарласа да, оған Екатерина екiншiнiң нанбағаны, Абылайдың "Абылай сынды төреңiз Қасыңа әкеп тақ құрған" деп Сарышуаш жырау айтқандай, 1771 жылға дейiн тек орта жүздiң ғана Қабанбайдың қамқорлығындағы сұлтаны болғанын дәлелдейдi. Қабанбай бабамыз 1724 ж. Хан батыр сайлауынан 1769 ж. өмiрiнiң ақырына дейiн билiк құрған 45 жыл тарих үшiн қысқа мерзiм болғанмен жеке адам өмiрi үшiн ұзақ мерзiм екенi белгiлi. Жоғарыдағы деректер арқылы қазақ тарихындағы ең ауыр, қысталаң кезеңде ел билiгiн қолына берген оның бойындағы теңдесi жоқ даналық пен кемеңгер билерiнен бастап бүкiл халқымыз оның ақ туының астына тездетiп жұмылған жұдырықтай болып бiрiккенiн көремiз. Қалмақтарға әлденеше ойсырата соққы берген оның елiмiздiң тарихында теңдесi жоқ дана екенiн танытқан ғажап қасиетi сол құрып кету қаупiн туғызған өте қысталаң кезеңде бүкiл қазақ халқын оның айналасына магнитше тартқанын деректер дәлелдейдi.

Абылайға келсек, бiз оны осы кезге дейiн 1711 ж. туған деп жүрмiз. Ал Уәлиханның 1781 ж. тамызда патшайым Екатерина екiншiге жазған хатында: "Осы жылы мамыр айында жасы 69-ға толған шағында әкем Абылай хан дүние салды" деп жазған. Демек, Абылай 1712 ж. туған екен. 1723 ж. Жоңғар шабуылы басталғанда ол 11-ақ жаста. Сабалақ деген атпен содан кейiн талай жыл қозышы, қойшы, түйешi болып әркiмнiң есiгiнде жүргенi де аңыз-әңгiмелер арқылы бiзге белгiлi. Үлкен әкесi Абылайдың атын ұран ғып, Абылайлап шауып, елге хан тұқымы әбiлмансұр екенiн алғаш танытқаны жiгiттiң нағыз күш-қайратының толар шағы 25-30 жас мөлшерi деп есептесек, 1737-1742 жылдар арасы болады. Бұдан кейiн ол өзiнiң үздiк қасиетiн сұлтан ретiнде танытуы үшiн де талай жыл қажет болғаны белгiлi. Кемеңгер Қабанбай бабамыз оның бойындағы бұрынғы ұлы хандардай қасиет бар екенiн бiрден көре бiлдi және өзiнен кейiн тәуелсiздiктi сақтап, ел тiзгiнiн мықтап ұстай алатын ханда да, қарада да Абылайдай ешкiмнiң жоқ екенiн де дәл басты. Сондықтан Абылайды әрi баулып, әрi оның үздiк қасиетiн бiртiндеп танытып, ақыры өз қарауында орта жүздiң сұлтаны етiп таққа отырғызды. Ол кiсi қайтыс болған 1769 жылдан соң, бабамыз орта жүздiң тағына отырғызып, танытып кеткен оны ел, 1771 ж. үш жүзге хан етiп сайлаған. Данышпан бабамыз орнатып, нығайтып кеткен тәуелсiздiктi сақтау жолында кемеңгерлiкпен сонша икемдi саясат жүргiзгенiн орыс тарихшысы А.И.Левшин жазған мына деректен айқын көремiз: "1771 ж. Абылай Ресейдiң өзiне жiберген хандық шенiнен бас тартты. 1778 ж. оны хан етiп, жаңадан бекiткен жарлық Орынборға тағы да келiп түстi. Оған қосымша бiр iшiк, бiр семсер және сусар бөрiк жiберiлдi. Абылайды арнайы келiп, осы сауғаларды алуға шақырды. Сондай-ақ Орынборда, Тройцкiде немесе Сiбiр шекарасында ант берiп, Ресейге қарауын талап еттi. Бұл талаптар қабыл алынбағаннан кейiн Ресей әкiмшiлiгi Абылай өз ордасында үкiмет арнайы жiберген бiр лауазымды адамның алдында ант берсе де болады дедi. Алайда Абылай мұндай жағдайда да ант беруден бас тартып, табандап тұрып алды. Осылайша Ресейдiң оған қойған талап-тiлектерiнiң бәрi сәтсiздiкке ұшырады". Яғни бұдан бiз Қабанбай қайтыс болғаннан соң өмiрiнiң ақырына дейiн 12 жыл билiк жүргiзген Абылайдың айбынымен досын да, дұшпанын да ықтырып, мысы басып тұратын ұлы тұлғаға айналғанын көремiз. Одан патша өкiметiнiң өзi де айбынып, айылын жиып ұстаған. Абылайдың шөбересi, ұлы оқымысты Ш.Уәлиханов: "Абылай ант беру үшiн орыс шекарасына барғысы келмедi. Менi хан етiп халық сайлап, көктiң ұлы өзi сенiп, хатымен бекiттi, - деп жауап берген" деп жазған. Орыс аюы мен Қытай аждањасының екеуiне алдырмай, икемдi кемеңгерлiк саясат жүргiзген қазақ көкжалының тегеурiндi қимылы өз елiнiң, Қабанбай баба құрып кетуден сақтап, орнатып берiп кеткен тәуелсiздiгiн орнықтырып, нығайтуға арналды. Ұлы ақын Мағжан айтқандай, Қабанбай бабамыздан соң Абылай үш жүзге хандық құрған 12 жыл қазақ елiнiң "артында - ор, алдында көр, жан-жағы жау" аса ауыр кезең едi. Абылайдың жоғарыда аталған данышпандық саясаты ғана оның көзiнiң тiрiсiнде ел iргесiнiң аман болуын мүмкiн еттi.

Сонымен 1723 жылдан 1781 ж. Абылай қайтыс болғанға дейiнгi дәуiрдi екiге бөлiп, Хан батыр Қабанбай және Абылай дәуiрi деп бағалау дұрыс екенi байқалады.

1723 жылдан Қабанбай бабамыз дүниеден өткен 1769 жылға дейiнгi ұлы оқиғалар тығылып жатқан тарихтың көрпесiн көтере бастасаң Бұқар, Сарышуаш сынды әулиелердiң жырларына қоса жоғарыдан айтқандардан да басқа деректер тарихымыздағы теңдесi жоқ, бiрақ осы кезге дейiн тарихи шындық айтылуын күтiп, орны опырайып тұрған ұлы дәуiрдiң бейнесiн, әрi ұлы бабамыз Қабанбайдың теңдесi жоқ ұлы тұлғасын және осы уақытқа дейiн жоңғарларды жеңу тарихы мүлде бұрмаланып, тарихымызға өрескел қиянат жасалғанын көремiз. 1724 жылы Хан батыр сайланып, Түркiстанды қорғауға орнына Сiргелi Елшiбек батырды (жазушы С.Ғаббасов 1991 ж. 18 қаңтардағы "Қазақ әдебиетiндегi: "Ерасылдай ер қайда" атты мақаласында Елшiбектi Айшыбек батыр дептi) қалдырып, өзi кiшi жүзге қол жинауға аттануынан бастап өмiрiнiң ақырына дейiн ел билiгiнiң иесi тек өзi болғандығын дәлелдейтiн басқа деректер де баршылық. Мысалы, Жоңғар хонтажысы Лама Доржы 1752 жылы қарақалпақтарды зорлап, әрi жазалап өз жағына көшiрiп әкетпек боп, 3000 әскер аттандырады. Мiне, осы туралы белгiлi орыс тарихшысы В.В.Вельяминов-Зернов былай деп жазған:"Средней орды найман-кирейского рода Кабанбай батыру, объявить ему, что они готовы, лучше отдаться на волю киргизов и жить у них в Орде, чем быть поданными Жунгаров. Посланный просил Кабанбая как можно скорей собрать людей и перевести Каракалпаков в степь, где они станут кочевать своим улусам. Кабанбай с радостью принял предложение и тот час же двинулся в поход вместе с сыном Барак Даданбаев" Демек , бұдан бiз елдiң әмiршiсi тек өзi екенiн, қысылғанда қарақалпақтарға да қорған болғанын көремiз.

Новосибирлiк В.С.Кузнецов "әмiрсана" атты кiтабында 1756 жылғы Қытай-Қазақ соғысы туралы 30 мың қытай әскерiне қарсы 3 рет соғыс ашып, Қытайға қарсы ұлт-азаттық қозғалысының көсемi әмiрсана Қабанбайды паналап, сол қолмен бiрге болады. Қытайлардың әмiрсананы қайтар дегенiне бабамыз "жоқ" деп жауап бередi Осыдан соң қытайларға қарсы ашқан үш рет жеңiстi соғыста, олардың маңдайы тасқа тигендей боп, кейiн қайтады. Соның нәтижесi екенi даусыз, Қытай императоры Цянь Лунның 1757 жылғы бұйрығында қазақ елiне Қытайдың бiр бөлiгi деп қарамаған."Қытай-Қазақ қатынасы Вьетнам, Тайланд т.б. сияқты дербес деп саналсын" делiнген. Ал осы соғыста қазақ жасағының бiр бөлiгiн Абылай басқарғаны да айтылған. Әрине, ол Хан батырдың әмiрiндегi бөлiм. Н.Мұхаметжанұлы Қытайда басылған "Тарихи зерттеулер" атты кiтабында ескi ұғымның жетегiнде Қабанбайды тағы да Абылайға бағынышты етiп көрсеткен. Қазақ тарихы туралы жазба деректер мардымсыз болғандықтан, кешеге дейiн де, қазiр де зерттеу көбiнесе ауызша аңыз-әңгiмелерге сүйене жүргiзiлiп келедi. Сондықтан ұлы тұлғалар және оның дәуiрi туралы сол кiсiнiң өз руынан шыққан шежiрелердiң айтып, жазып кеткендерiне және сол тұлғаның өз елiнен тараған аңыз-әңгiмелерге сүйенсе, қателiк аз болатынын тәжiрибе көрсетiп жүр. Мысалы, Найман елiнде есiмi тiрi күнiнде ұран болған, Хан батырдың үзеңгiлес серiгi әрi батыр әрi киелi әулие би Боранбайдың жасы Қабекеңнен 14 жас кiшi екен дейдi бiлгiр шежiре-қарттар. Олай болса, би Боранбай 1705 ж. туған болады. Ақсуаттық шежiре қарт марқұм Кәрiбасұлы Мәулiт ақсақал: "1948 ж. Қытайда қайтыс болған, руы Қосмұрат, көптi бiлетiн шежiрешi әубәкiрдiң айтуынша, Қабанбай алғаш қол жинағанда, Боранбай 18 жаста екен" дейдi. Бұл Жоңғарлар шабуылы басталған 1723 жыл. Бұл жылы Қабекең 32 жаста. Демек, кемеңгерлiк дана ақыл-ойының да, теңдесi жоқ күш-қайраты мен ұлы қолбасшылық қабiлетiнiң де нағыз кемелiне келiп, толысқан кезi ғой және бұл Ұлы Отан соғысының алғашқы күнiнен бастап-ақ ел билiгiн де, қолбасшылықты да қолына алғанының тағы да бiр дәлелi.

Туыстық жағынан би Боранбай Қабекеңмен төртiншi атадан қосылады. Ал әубәкiр болса, Қабанбай мен Боранбайдың елi Мұрын-Байжiгiттен шыққан (Қосмұрат-Мұрынның бiр тарауы) сұңғыла шежiрешi болған. Ерекше бiлгiр, Мұрын Кәрмен мырзаның шежiресiнде (Апрымның Кәрменi аталған, дәулеттi, жомарт, сонша бiлгiр, әрi киелi әулие болып, кеңестiк зобалаң кезiнде Қытайға кетуге мәжбүр болған, ұзақ жыл сол жақта тұрып, дүниеден өткен). Қабанбайдың төртiншi атасы Байыстың қыстауы Ордың Қараағашының алдындағы Қазан шұңқыр деген жерде, Омбы маңы, Жалтыркөл деген жер болған деп ол кiсiнiң шежiресiнде жазылғандығын және өзiнен ауызша да естiгенiн Қытайдан көшiп кеп, ұзақ жыл Аягөзде тұрған бiлгiр шежiрешi марқұм Зейнолла Сығаев ақсақалдан естiгенмiн. Тарихи тұлғалар туралы басқа да деректерде Қаракерей iшiнде, бiр ғана мазмұнда айтылса, Қаракерейден тыс елдерде, әртүрлi мазмұндағы аңыз-әңгiмелерге айналып кетедi. Оның себебi бұл кездегiдей ақпарат құралдары мүлдем жоқ, жазба деректер де жоқтың қасы, сондықтан ұрпақ ауысқан сайын сол елдiң өзiнен шыққан тарихи адамдар туралы мәлiметтер көмескiлене келiп, көбi ұмытылған. Оған дәлел:
Қарапайым шежiрелердi қойып, сол заманды зерттеген ғұламалар М.Тынышбаев пен Шәкәрiмнiң шежiрелерiнде төрт Төлегетай, Қаракерей рулары туралы өрескел қателер бар. Тiптi Қабанбайдың шыққан тегiн Тынышбаев Түркiстандық Тоқтар деген қожа десе, Шәкәрiм қажы: "Тоқтар қожа деген сарт өзбек" дейдi. Ал одан әрi Тынышбаев Төлегетайдан Қаракерей, Матай, Садырды туғызады. Ал Төртауыл аталмайды, Қаракерейдi таратуы тiптi олқы.

Шәкәрiм қажы Төлегетайды Қытайдың ұлы етiп, әке мен баланың орнын алмастырып қойған. Төлегетайдан екi-ақ бала: Қаракерей мен Матайды таратып, Садыр мен Төртуылды мүлдем атамайды. Демек, қажы атамыз тобықтымен қатар отырған Қаракерей мен Матайды ғана бiлген, соның өзiнде де жаңылыс көп.

Ендi Қабабанбайдың қазақ тарихында алатын орны туралы мәселеге келсек, қазақ тарихындағы тарихи тұлғалар туралы хисса-дастандардың ең көбi (17-i) Қабанбайға арналуы, көмекей әулие, кемеңгер Бұқар жыраудың Үйсiннiң қабырғалы дана биi, киелi әулие Сарышуаш жыраудың және Үмбетей жыраудың жоғарыдағы толғауынан Қабекеңнiң үш ұлы қасиетi айқын байқалады.
1. Қазақ тарихында ең алдымен елiнiң теңдесi жоқ данышпан көсемi, ақыл-ойдың алыбы.
2. Теңдесi жоқ қањарман батыр және кемеңгер ұлы қолбасшы.
3. Киелi көрiпкел әулие.

Халқымыздың тарихында қасиеттi ұлы тұлғалар аз болмаған. Бiрақ осы үш бiрдей қасиет бiр басына жинақталған Қабекеңнен басқа кiм бар екен?! Оның үстiне хан батыр Қабекең өзi билiк құрған 45-46 жыл iшiнде жеңiлмейтiн күшке айналдырған халқын бастап, Сарышуаш толғауында сонша айқын бейнеленгендей, өз елiнiң ғана емес, туысқан тоқсан баулы өзбек пен сегiз арыс түрiкпенге де, оған қоса қарақалпаққа да қорған-пана боп, абыройы мен айдыны сонша асқақтаса да басқыншылық пиғылдан аулақ болған. Даналығына мейiрiмi де сай екенiн көремiз. Бiрақ кегiн ешкiмге жiбермеген. Бұған тарихи оқиға негiзiнде жазылған "Ер Қабанбай" хиссасы ("Қабанбай батыр", Зейнолла Сәнiк, Бейсенғали Садықан, 1987 ж. Шыңжан баспасы) дәлел. Хиссада елдiң кегi ғана емес, тiптi дана бабамыздың жеке басының қырғызға кеткен кегi үшiн оның ақ туының астына тастүйiн боп топтасқан қазақтың даңқты жанкештi батырлары ұлан байтақ елдiң о шетi мен бұ шетiнен дана ел көсемi, әрi ұлы қолбасшы хабар айтса, iлезде жиналатын жауынгерлiк әзiрлiкте болғанын да дәлелдейдi.

Хиссада:

Ерлiгi Қабанбайдың жаннан өткен,
Сол кезде қырғыз екен кегi кеткен
Батырдың бiрi қалмай аттансын деп,
Үйсiн мен Орта жүзге хабар еткен.

"Қас батыр Қабанбайдың бiр iнiсiн
Қырғыз шауып, батырдың сағы сынды",
"Арысын қырғыз шауып кеткеннен соң"
Қан құсты қайғылы боп ер Қабанбай

- дей келiп: "Қабекең қайғыланды дегендi естiп, келiптi өзi батыр хан Абылай, намысын Қабекеңнiң әперем деп, Келiптi Қанжығалы ер Бөгембай", - деп бастап, батырлардың барлығы келгенiн, атап айтқанда керейден ер Жәнiбек пен Жантай батыр, Көкжарлы Көкжал Барақ, Мұрыннан би Боранбай, Тоқпақтап ер Қасабай, тоғас Қосай, Жұмық ер Дәулетбай, Қаз дауысты ер Қазыбек, Үйсiннен Райымбек, Қаптағай Қарашоқай, Тентек Матай, Терiстаңбалы Қарақ деп, батырларды түгел тiзiп шығады да, одан ары қарай:

Қабекең жиып алған жамағатты,
Аға iнi тамам батыр тастан қатты.
Батырлар күндiз жүрiп, түнде жатты.
Ат арып, арқасына ерi батты.
Бiр айда ат тауына әрең жетiп,

Шерiктiң жарым аты арып қапты.
Батырлар бұл араға зорға жеттi,
Жауына жiбермес боп арда кектi.
Жануар шын тұлпардың өзi емес пе,
Қубас ат дәл бабына сонда кептi,

- деп тұлпардың да өзiне сай екенiн атайды да, Абылай хан, Қанжығалы Бөгенбайдан бастап Қабекеңнiң жанкештi жауынгер серiктерi боп, сол кiсiнiң кегi үшiн осындай алыс та ауыр сапарға әрқайсысы ауыр қол бастап, ханбатырға сонша берiлгендiкпен тәуекел еткенiн көрсетедi. Хиссада одан әрi Қабекеңнiң қасиеттi ақ туы жау келе жатқанын бiлдiрiп дүрiлдегенi, жаумен жекпе-жек шайқаста жоғарыда аталған батырлардың бәрiн беттетпеген қырғыз батыры әтекенi Қабекеңнiң өзi өлтiргенi айтылады.

Осы уақытқа дейiн Жоңғарларды жеңу тарихының сонша бұрмаланып келуiне себеп:
1. Бiр-бiрiне жерi шалғай рулардағы тарихи тұлғалар туралы шындық бiртiндеп ұмытылып, ел арасында әр түрлi мазмұнда бұрмаланған ауызша аңыз-әңгiмелерге айналды.
2. Не жасалса да хандардың ғана әмiрiмен жасалады деген ескi ұғым басшылыққа алынды.

Сондықтан халық сайлаған Хан батыр және ол билiк құрған қазақ тарихында теңдесi жоқ ұлы дәуiр туралы шындық та ұмытылып, ұрпақтан-ұрпақ ауыса келе Қабанбай бiртiндеп қолбасы батыр ретiнде ғана аталды. Тiптi ғұлама Мәшһүр Жүсiптiң өзi "Қазақта Қабанбайдан өткен батыр жоқ" деп, оны тек батыр ретiнде ғана бiржақты бағалаған. Ал жоғарыдағы барлық бұлтартпайтын деректер, оның iшiнде сол айтулы заманның шындықты бұрмайтын куәгерлерi болған екi әулие дананың (Бұқар мен Сарышуаш жыраулардың) толғаулары бабамыздың, ең алдымен, тарихымызда теңдесi жоқ данышпан ел көсемi ретiнде танытып тұр ғой.

Таққа табынған аңыз-әңгiмелердi лажсыз басшылыққа алған ғұлама бабамыз Шәкәрiм қажы:

Сол жердi жайлап, қыстап жатып алды,
Қалмақтан барымталап жиды малды,
Ұлы жүзде үлкен хан әбiлмәмбет,
Қалмақпен соғысам деп хабар салды.
Барыпты Орта жүзден Сәмеке хан,

Үш жүзден жиылыпты бiрталай жан,
Шеп құрып қарама-қарсы соғысқанда
Қазақ жеңiп қалмақтан кегiн алған.
Сол соғыс хан Абылай келген кезi,
Қалмақтың сыбағасын берген кезi,

- деп Қабанбай бабамыздың еңбегiн хандарға аудара салған. Әбiлмансұр есiмiн ендi ғана танытқан жас Абылайға бiрден "Қалмақтың сыбағасын" бергiзедi. Шын мәнiнде әз Тәукеден соң билiкке таласып, елдiң бiрлiгiн бұзған, хан-сұлтандар соғысты басқармақ тұрғай, соғысқа қатыса да алмағандығы, дана жыраулардың жырларында және Қабанбай туралы хисса-дастандарда тек Қабекең өмiрiнiң соңғы кезiнде Хан батырдың қамқорлығында Орта жүзге сұлтан болған Абылайдан басқа бiрде-бiр хан-сұлтандардың есiмдерi аталмауы осының айғағы. Хан-сұлтандар Хан батырдың ақылшыларының да, жауынгер серiктерiнiң де қатарында аталмауы - олар ол кезде төлеңгiттерiмен қарапайым көптiң қатарында болғанға ұқсайды. Оның үстiне әр рудан шыққан қалам иелерiнiң бәрi өз руларының батырларын ғана дәрiптеп, Қабанбайды содан кейiнгi қатарда атауда.

Мiне, осының бәрi Хан батыр дәуiрiнiң үстiне бiр-бiр қалың көрпе боп жабылып, сол көрпелердiң астында көмiлiп қалған Хан батыр бабамыз бен ол басқарған теңдесi жоқ ұлы дәуiр туралы бұлтартпайтын тарихи шындыққа өлшеусiз қиянат жасалып отыр.

Қабанбай бабамыздың бойында жоғарыдағы дана жыраулар жырлары және хисса-дастандар, т.б. деректерде толық байқалатын өлшеусiз данышпандығына лайық талассыз сонша мейiрiм болғаны да көрiнiс тапқан. Бiрiншiден, үш жүздi өзiнiң қасиеттi ақ туының астында бiрiктiрген 45-46 жыл iшiнде жеңiмпаз ұлы күшке айналдырып, өз елiнен тыс туысқан тоқсан баулы өзбек, сегiз арыс түрiкпен мен қарақалпақтарға да қорған боп, айбыны мен абыройы сонша биiктесе де, басқыншылыққа ешқашан бармаған. Бейбiтшiлiкте болған, бүгiнгi тiлмен айтсақ бейбiтшiлiк саясат ұстаған. Екiншiден, Жаратушы бiр Аллаға және Алланың сүйiктiсi Мұхаммедтiң жолына шексiз берiлген қасиеттi бабамыз өзiнiң досын қойып, дұшпанына да мейiрiмдi болғандығын көремiз. Өзi жекпе-жекте өлтiрген әтекенiң қызының сұраған сауғасын қабыл қып, әкесiнiң сүйегiн де қайтарып, қыздың өзiн де олжаға айналдырмай, оны ат берiп, елiне жеткiзiп тастайды. Ал қырғыз қайта шауып, өзiм өлтiрем деп келген Садыр баланы тiрi қалдырғысы келiп, Абылай өлтiрмек болғанда:

Өлтiрмешi баланы,
Ұлғайтпашы жараны,
Бұл да бiздей ер екен,
Он алтыда қайран жас,
Ерiгiп, шығып жүр екен, -

деп, араша түседi.

Қабекеңе Бұқар, Үмбетей, Сарышуаш жыраулар бiрде-бiр сын айтпайды "Қанжығалы Бөгембай қашан батыр ер едiң, Қабанбайдан бұрын найзаңды қашан жауға тiредiң?" дегендi Бөгенбай да, Бұқар да арғын, iнiсi болған соң, көз ғып айтып отыр деп, өзiнiң қысқа ұғымымен күйкi пайымымен жазыпты бiр iнiмiз. Тiптi де олай емес. Қажеттi жерiнде дана жырау Абылайдың да кемшiлiгiн бетiне басып айтады ғой. Екiншiден, қасиетiңнен айналайын жыраулар ешкiмдi де руға бөлмей, үш жүздiң баласын бiрдей көрген. Үшiншiден, Бөгенбай Бұқарға iнi болатындай жас та емес. Орыс тарихшысы В.Н.Витевский "Петр Бiрiншiнiң Орта Азияға байланысты саясаты" деген кiтабында (134-135-бет) Бөгенбай 1710 ж. 28 жаста деп жазған. Сонда ол 1682 ж. туған, 1681 ж. туған Бұқардан бiр-ақ жас кiшi. Халқымызда "он жас ортақ, бес жас құрдас" деген қағида барын еске алайық.

Ал, Бөгенбайға келсек, қолбасы батыр бабаларды тiзбелегенде, Қабанбайдан 9 жас үлкен, қолбасшылық стажы да артық болса да, ол Хан батырдан соң аталып отырады. Бiрақ екеуiнiң арасына басқа бiрде-бiр батырдың есiмi кiрмей, үнемi солай аталады. Бұл қасиетiңнен айналайын Бөгенбай бабамыздың халқымыздың тарихындағы Қабанбай бабамыздың ақ туының астындағы 45-46 жылға созылған азаттық үшiн соғыста Хан батырдың ең басты жауынгер серiгi болғанын көрсетедi. Оны үнемi Қанжығалы қарт Бөгенбай деп құрметпен атаған. Жоғарыда аталған қырғыз әтеке жырықпен соғысты әбiш Кекiлбай 1767 ж. болды дейдi. Сол жолы шешiнiп тастап әтекемен жекпе-жекке де түседi. Бiрақ әтеке алдырмайды. Ол жылы бабамыз Бөгенбай 85 жаста екен. Неткен ғажап қасиет!? Сонша жасқа дейiн қолбасшылықтан да, батырлықтан да танбаған. 1731 ж. Әбiлқайыр бастап кiшi жүз орыс бодандығын қабылдағаннан кейiн Хан батырдың ақ туының астында бүкiл өмiрiнiң ақырына дейiн 45-46 жыл бойы Ұлы жүз бен Орта жүз болғандығы жоғарыдағы деректерден анық байқалады. Ең соңғы кез қырғыз әтекемен соғыстағы батырлардың бәрi Ұлы жүз бен Орта жүздiкi екенiн хиссадағы батырлардың тiзiмi толық дәлелдеп тұр. Бiрақ Тарбағатайдың солтүстiгiн босатуды Қабанбай, Бөгенбай бастаған арғын мен найман батырлары ғана жүзеге асырған. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының Қызыл-Кесiк ауылында 80-нен асып, осыдан 5-6 жыл бұрын қайтыс болған құйма-құлақ Көбентайұлы Шәкәрiм қарт: "Қытай жақта Ахмет, Кәрмен шежiрешiлерден естуiмше, Тарбағатайдың терiскейiнен былайғы жердi Қаранай деген хан бастаған қалмақтар мекендеп отырыпты. Бiрақ бұл мекен бiр кезде қалмақтар басып алған қазақ жерi екен. Жоңғарлар қазақтарға шабуыл жасағанда, бiз бейбiт боламыз деп Қаранай хан тыныштық сақтапты. Ал кейiн Жоңғарларды жерден әбден тазартқан соң, бiр кездегi ата қонысымыз деп, Қабанбай, Бөгенбай, Боранбай, Қазымбет, руы Садыр Жанақұлы Майлы, Көкжарлы Барақ, Қонақай, т.б. батырлар Қаранайдың елiн бұл жерден көшiрiп әкетудi талап етiптi. Алайда, олар көнбеген соң, соғысып, көп шығындатып, Тарбағатайдан әрi қуыпты", - дейдi. Бұл соғыс 1757-1758 жылдары болған. Бұл туралы Үмбетей жырау:

Қабанбай мен Бөгенбай,
Ақшәулiге қос тiгiп,
Ауыр қол жиып алдырдың,
Қалмаққа ойран салдырдың,
Осынша жердi босатып,

Арғын менен найманға
Қоныс қылып қалдырдың
Қалмақты қуып қашырдың,
Қара Ертiстен өткiзiп,
Алтай тауға асырдың, -

деп өзi iшiнде болған соғысты көзiмен көргенi бойынша осылай жырлаған.

Қазiргi Аягөз, Тарбағатай аудандарындағы әр қолбасшы ауыр келiп бекiнген Қабанбай шаты, Бөгенбай шаты, Боранбай шаты, Майлы шатынан бастап жүздеген жер атауларының әрқайсысының атының қойылуы, құймақұлақ ер, әйел азаматтарды тыңдасаң, сол жанкештi шайқастар туралы шежiре шертедi.

Бұл Шәкәрiм қажының:

"Содан кейiн қалмақты қазақ қырған,
Жиылып шаба берген ойдан-қырдан,
Тарбағатай, Шыңғыстың жан-жағында,
Көшпелi көп қалмақ бар бұрын тұрған,

дегенiмен де үйлеседi, одан әрi Шәкәрiм қажы:

Қалмақты шабысуға Мамай келген,
Шыңғысты босап қалған көзi көрген,
Барған соң жетi момын жақсысына,
Хан Шыңғыс босапты деп хабар берген.
Момынның жартысы айтты барамыз деп
Шыңғысты ата қоныс аламыз деп",

- деуi арқылы бұл жерлер жау қолында кеткен бiр кездегi арғын-найманның ата қонысы екенiн ашып айтып тұр. 45-46 жыл бойы тарихымыздағы ең ұлы жаугершiлiк заманда ел тiзгiнi (дәлiрек айтсақ, мемлекеттiк билiк) бiр өзiнiң қолында болған Хан батыр мемлекеттiң басқару жүйесiн даналықпен

1789 рет оқылған | Nov 20,2006 | жазған: | Oljas
Ұқсас хабарлар

Бұл жазбаға сәйкес ештеме табылмады
Бұл жазба сізге ұнадыма?
Rating: 4.93Rating: 4.93Rating: 4.93Rating: 4.93Rating: 4.93 (барлығы 44 дауыс)

comment Пікір жаз (1 жазылған) 
  • ,jkbgkjtuoertg
(Уақыты October 8, 2009, 1:07 AM didar)


Ең көп оқылған
Сілтемелер
Жазушылар