Ертеде бір топ адам түн ортасында тастақ жолмен келе жатыпты. Кенет аспаннан біреу дауыстап: "кімде кім жолдарыңдағы тастардан алсада алмасада артынан өкінеді" депті. Адамдардың есі шығып, бұл қалай болғаны алсақ ба алмасақ ба деп көп ойланады. Ең соңында кейбіреулері алып кейбіреулері алмай құр алақан үйіне қайтады.
Тәңертеңінде тастан алған адамдар үйіне келіп қараса әлгі тастар алтынға айланыпты.
Тастан алмаған адамдар алғдандардың алтынына қарап: "әттегенай біраз тас неге алмадық екен"-деп өкіне бастайды. Ал тастан алған адамдарда: "әлде көбірек тас неге алмадық екен" деп өкіне бастайды. Алғаны да алмағаны да әлгі дауыстың айтқанындай өкініште қалады.
Мұсылман ағайындар: Дәл бұл сәт Ақірет Күнінде біздің басымызға да келеді дегенді ұмытпағайсыз!
Бұл өмірдегі уақытын керексіз пайдасіз нарселерге жұмсаған адамдар бұл өмірдегі уақытын тек Алла жолында жұмсаған адамдардың Жәннаттағы керемет жақсы жағдайларына қарап бізде осылар сияқты болмадықпа деп өкінеді.
Ал Жәннаттан жақсы орын алғандардың өзі, өздерінен де көп имандылық еткендердің Жәннаттағы өте жоғары деңгейлеріне қарап "Әттегенай, алде біраз имандылық етіп Алла жолымен жүрмегеніз ай" деп өкінеді. |