................Чатқа кір!..............

Бөлімдер
Басқы бет
Қазақ елі
Ислам
Бөлім Категориялары
Жалпы Бөлімдер
Форум
Суреттер
Чат
Әндер
Құжаттар
Сұрақ - Көмек
Іздеу
Хабар қосу
Cағат қанша?
Намаз уақыттары
Таң намазы:
Күн шығысы:
Бесін:
Екінті:
Ақшам:
Құтпан:
4:35
6:21
12:50
16:28
19:19
20:49
Алматы қаласы
i
  

«Бізді тура жолға баста! ізгілік бергендеріңнің жолына!
Ашуға ұшырағандар мен Адасқандардың жолына емес!»
                            (Фатиха сүресі)

толығырақ...

 

 

 

 
Сайтқа кіру
Онлайн Мүшелер
Сайтта 3 қонақ онлайн
powered_by.png, 1 kB

Басқы бет arrow Қазақ елі arrow Абылай хан
Абылай хан Print E-mail
Қазақ халқының сан ғасырлық тарихындағы айтулы тұлғаларды оймен шолып шығудың өзі қазіргі ұрпақтың көкірегіне мақтаныш сезімін ұялатады. Ел тарихында аты алтын әріппен жазылған сондай киелі есімдердің бірі ғана емес, бірегейі Абылайхан екенін санасы оянған әрбір қазақ баласы білетіндей болды. Сонау ХҮІІІ ғасырда басынан бағы ұшып, мемлекет ретінде, тіпті этнос ретінде жер бетінде сақталып қалу –қалмауы тарих таразысына түскен «ұрпақ үшін, ел үшін, құтты мекен жер үшін» қан төгіп, жан беріскен кезеңде қазақтың бағына суырылып шығып, қол бастаған Абылай сұлтанның зор азаматтық тұлғасы бізге әрқашан қымбат. Қазақтың ұлы ханы Абылайдың өмірі мен қызметіне байланысты қисса-дастандардан бастап, замандастары айтып кеткен, кейінгі ұрпақтарының жазып қалдырған жәдігерлері аз емес. Тіпті еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде жазылған еңбектердің өзі бірталай. Оларда Абылай ханның жастық шағы, жау түсіріп, батыр болғаны, ел билеп, салиқалы-салмақты ішкі-сыртқы саясат жүргізгені көптеген еңбектерге арқау болды. Шоқан Уәлиханов жазып кеткендей, Абылай есімі ерекше қасиеттерімен, тіпті, табиғаттан тыс құдіретті құбылыстармен байланыстыра айтылады. Кезінде орыс, қытай жылнамашыларының, зерттеушілерінің берген бағасы өзінше бір төбе. Осының бәрінің ұйытқысы, алтын діңгегі Абылай билеген Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі, жерінің бүтін сақталғандығы деп бір ауыз сөзбен ғана айтуға болады. Бүгінгі ұрпақ осындай ұлы бабасының өмірі мен қызметін неғұрлым тереңірек білгісі келетіні заңды. Осынау ұлан-байтақ жерді сақтап қалған, қазақ деген халықтың бойында ерлік, елдік, намыс сияқты асыл қасиеттердің өшпей, ұлттың ұлылық сезімін бойымызға ұялатқан Абылай хан екенін білуіміз керек. Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев былтыр Бурабай көлінің жағасында, ханның Көкшетаудағы киелі қонысында Абылайға тұрғызылған еңселі ескерткішті ашып тұрып, мынадай сөздер айтып еді: «Иә, Абылай аңызға айналған тұлға, бірақ біз ата тарихының бар шындығын ашу үшін сол аңыздан ақиқатты ажыратып алуымыз керек. Және оны өткеннен сабақ, тарихтан тағылым алу үшін жасауымыз керек». Бұл сөздер Қазақстан тарихшылары мен зерттеушілеріне жүктелген аса маңызды тапсырма болатын. Сол жолы Президент «есте жоқ ескі замандардан елес іздеп, қайдағы жоқты қаузағаннан гөрі… Абылай тақырыбы ол туралы аңызды өршіту үшін емес, тәуелсіздік үшін күрескен тарихи тұлғаның өмірінен тағылым өрбіту үшін қажет» екендігін атап көрсетті. Міне, Президент аузымен айтылған халық аманатының орындала бастағанына куә болып отырмыз. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің баспаханасынан «Абылай хан. Өмірі мен қызметіне байланысты құжаттар мен материалдар» деген бес жүз беттік кітап қазақ тілінде жарық көрді. Кітаптың атынан көрініп тұрғандай, мұнда ұлы ханның өмірінің маңызды-маңызды кезеңдерін қамтитын 300 құжат қамтылған. Олардың біразы әр кезде орыс тілінде жарық көрген, дәйек, сілтеме ретінде үзіп- жұлып әркім пайдаланып жүрген болатын. Ал жетпіс құжат ғылыми айналымға тұңғыш рет енгізіліп отырған, мүлде жаңа деректер. Осылайша, 1718 жылдан басталып, 1780 жылды қосып аяқталған бұл құжаттар Қазақ хандығының бір ғасырлық тарихын көз алдыңызға әкеледі, сол ғасырдың қаһарманы Абылай ханның биік тұлғасын бүкіл болмысымен көрсетеді. Бұл құжаттар мен материалдарды жинап, жүйелеп, қазақшаға аударып, құрастырған Солтүстік Қазақстан университетінің доценті, филолгия ғылымдарының кандидаты Зарқын Сыздықұлы Тайшыбай. Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресінің әр кезеңдерін зерттеп, қазақ баспасөзі мен әдебиетінің тарихынан бірнеше құнды еңбектер жазған ғалым халқына шын мәнінде үлкен олжа сыйлаған екен. Кітапты оқып танысқан адам мұндай еңбек жанкешті, «жалаңтөс» зерттеушінің қолынан ғана келгеніне көз жеткізеді. Оның мәнісі-тұтас бір ғылыми-зерттеу институты әлденеше жылда орындап шығатын еңбекті бір ғана зерттеушінің сәтімен тындырып, қолымызға бергендігінде деуіміз керек. Мұнда не жоқ. Абылайдың есімі тұңғыш аталатын Бұлқайыр сұлтанның Ресей патшасы І Петрге 1718 жылғы 10 желтоқсандағы хатынан бастап, Абылай ханның қайтыс болуына байланысты Қытай патшасының 1781 жылғы 23 шілдедегі: «Қазақ ханы Абылайдың қазасына белгіленген өлшем бойынша аза тұтылсын», — деген жарлығына дейін тұтас дәуірдің деректі шежіресіне дейін бар. Айы-күні, оқиғаның болған жері, тарих куәгерлерінің аты-жөні… бәрі-бәрі тұнып тұрған таза тарих. Дәл осы күйінде, түсіндірмей, ой қоспай оқып отырсаңыз, сол заманның бейнесі қаз-қалпында көз алдыңызға келе қалғандай. Абылай ханның кісілік бейнесі, мінез-құлқы, қайраткерлігі, көсемдігі-шешендігі, осыдан үш ғасыр бұрынғы ата-бабаларымыздың іс-әрекеттері… Абылай заманындағы батырлар мен билер, жораға жүрген елшілер, іргелес елдердің хандары мен патшалары, олардың қазақ жеріне сілекейі шұбырып қызығуы… Солтүстіктегі Ресей патшалығының, шығыстағы Қытай империясының, оңтүстіктегі Парсы, Ауған, Қоқан, Бұхара, Хиуа, билеушілерінің, батыстағы құба қалмақтың қыспағы қандай болғанын да осы кітаптан табасыз. Абылай ханның төңірегіне дейін жақын еніп, кеткен жат жұрттық барлаушы-тыңшылардың айтқан-жазғандары тұңғыш рет ана тілімізде қолға тиіп отыр. Аңыздан ақиқатты айырып алуға болатын шынайы шындық осында. Кітапқа енгізілген материалдарды қарап шыққанның өзінде де Абылай хан өмірінің біз білеміз деген талай тұстары жөніндегі түсінігіміз өзгеріп сала бергенін де айтуымыз керек. Кітаптың соңында берілген есім көрсеткіште 800-ден аса адамның аты аталады. Олардың ішінде Тәуке, Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке хандардан бастап, Төле, би, Қаз дауысты Қазыбек, Ақтайлақ билер, Қабанбай, Бөгенбай, Малайсары, Баян, Қожаберген, Көкжал Барақ, Жауғаш… батырлар туралы да нақты деректер осында… Географиялық көрсеткіште Қазақ хандығының өз аймағын былай қойғанда, іргелес мемлекеттірдің жер-су, тау, қала-қоныс, бекіністер атауы үш жүзге таяйды екен. Шағын мақалада іргелі еңбектің бүкіл сыр-сипатын түгел таныстырып шығу міндетіміз болмағандықтан, осымен тізгін тартайық. Ең бастысы - елімізде абылайтанудың жаңа кезеңі басталады, іске жарататын, терең қаузап, кең қамтитын деректер жүйеленіп, қолымызға тиді. Әлбетте, құрастырушының өзі атап көрсеткендей, қазақтың ұлы ханы Абылайдың өмірі мен қызметіне қатысты жазба деректер осы кітаппен ғана шектелмес. Зарқын Тайшыбай бастаған мұндай игілікті іс мемлекеттік деңгейде одан әрі жалғасын табуға тиіс. Бұл еңбектің атап айтарлық тағы бір құндылығы бар. ХҮІІ ғасырдағы орыс тілінің лексикалық ерекшеліктерін бүгінгі қазақ түгілі, орыстың тіл мамандары да қиын ажыратады. Тіпті, орыс әліпбиі де түбірімен өзгеріп кеткен. Ал араб әліпбиімен жазылған жәдігерлерді оқып-түсіну тіпті қиын. Мына кітап қазақтың қазір қолданып жүрген тілінде жатық, көркем аударылуымен жанымызға жақын екенін байқадық. Көркем етіп, көбейтіп, әр қазақтың төрінен орын алатын жәдігер кітап осындай болсын десек, асыра айтпағандығымыз шығар. Авторы: Ақселеу Сейдімбек,
 
< Алдынғы
ІргеТас
Барлық құқығы сақтаулы